Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Жыл сайынғы атаулы даталар күнтізбегі, 2015 ж.

Қаңтар

1 қаңтар

Жаңа жыл*

1 қаңтар

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбдіхамит Iбiнияұлы Сембаевтың туғанына 110 жыл (1.01.1905-14.06.1989)*

1 қаңтар

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 1920-1932 жылдары Орынбор қаласындағы қазақ халық ағарту институтының ректоры болған Василий Яковлевич Струминскийдің туғанына 135 жыл (1.01.1880-18.07.1967)

1 қаңтар

Педагог, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистiк Еңбек Ерi, екi рет Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерiмен және медальдармен марапатталған Құдыс Әбсаметовтың туғанына 95 жыл (1.01.1920-18.01.2007)*

4 қаңтар

Ғалым-педагог, қазақ әдебиеті оқулықтарының авторы, Ұлы Отан соғысына қатысқан Төлеутай Қазиұлы Ақшолақовтың туғанына 100 жыл (4.01.1915-12.11.2010)*

7 қаңтар

Православиелік Рождество күні.

9 қаңтар

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ұстаз РақышСәтұлы Әмiровтың туғанына 85 жыл (9.01.1930)*

10 қаңтар

Қазақ КСР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, көрнектi жазушы, «Айқас», «Ғашықтар», «Алтын құс» атты романдары мен «Көшпендiлер», «Жанталас», «Алмас қылыш», «ҚаҺар» роман-трилогиялардың авторы Iлияс Есенберлиннiң туғанына 100 жыл (10.01.1915-5.10.1983)

12 қаңтар

Әдебиет зерттеушiсi, филология ғылымдарының докторы Мекерия Атымовтың туғанына 80 жыл (12.01.1935-1994)*

16 қаңтар

Түрколог, Қазақ КСР-iне еңбек сiңiрген ғалым қайраткер, профессор Сергей Ефимович Маловтың туғанына 135 жыл (16.01.1880-6.09.1957)*

21 қаңтар

Профессор, орыс тiлi маманы, мектепке және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың авторы ГалинаФедоровна Гуревичтiң туғанына 90 жыл (21.09.1925). (Ол туралы орыс тiлiндегi күнтiзбектен қараңыз)

 

Қаңтар айының үшінші жексенбісі – Халықаралық қар күні. Бұл күннің мақсаты техникалық ойындарға әуес балаларды таза ауадағы қармен ойнауға тарту, қысқы спорт түрлеріне бейімдеу.

Ақпан

9 ақпан

Осыдан 90 жыл бұрын Қазақстан АКСР-нiң астанасы Орынбордан Қызылордаға көшiрiлдi (9.02.1925)

15 ақпан

Тарих ғылымдарының докторы, профессор ЕрмұқанБекмаханұлы Бекмахановтың туғанына 100 жыл (15.02.1915-6.05.1966)*

15 ақпан

Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні. 1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстаннан Кеңес әскерінің ең соңғы бөлімшесі қайтарылды. Осы оқиғаға байланысты 15 ақпан Интернационалист жауынгерлерді еске алу күні деп жарияланды.

17 ақпан

Дүниежүзілік мейірім күні. Бұл күні дүниежүзілік ұйымдар адамдарды бір біріне мейірімді, қайырымды болуға шақырады.

21 ақпан

Халықаралық ана тілі күні. 1999 жылдың 17 қарашасында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында жарияланды, 2000 жылдың ақпанынан бастап тілдік және мәдени алуандылыққа, көптілділікке қолдау білдіру үшін жыл сайын атап өтіледі.

23 ақпан

Қазақ ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Төлеген Тәжiбайұлы Тәжiбаевтың туғанына 105 жыл (23.02.1910-14.06.1964)*

 

Ақпан айының бірінші сейсенбісіДүниежүзілік қауіпсіз Интернет күні. Бұл күн 2004 жылы Еврокомиссияның ұсынысы бойынша бекітілген. Бұл күннің мақсаты мемлекет, бизнес және қоғамның балалар мен жасөспірімдерді Интернет желісінде қауіпсіздік қағидаларын сақтап, интернет-этика мен заңға қарсы болып табылатын мәліметтерден сақтандыру болып табылады.

Наурыз

2 наурыз

Қазақ тiлi маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР Ғылым академиясының академигі Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 90 жыл (2.03.1925)*

3 наурыз

Дүниежүзілік жазушы күні. Дүниежүзілік жазушы күні Халықаралық Пен-клубтың 48-ші конгресінің шешімі негізінде атап өтіледі. Клуб 1921 жылы құрылған. Ұйымның атауы ағылшынның poets - ақындар, essayists - очеркшілер, novelists - романшылар сөздерінің бастапқы әріптерінен құрылған. Сонымен қатар «pen» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қаламсап» деген мағынаны береді. Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі. ПЕН-клубтың алғашқы президенті - Джон Голсуорси. 1923 жылы Лондонда ПЕН-клубтың алғашқы халықаралық конгресі өтті. Сол уақытта ПЕН-орталық әлемнің 11 елінде бар болатын. Ал қазір дүниенің 130 елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар.

 

ПЕН-клуб - халықаралық жазушылар бірлестігі, оның Хартиясында «әр елдің ішіндегі және барлық елдер арасындағы ақпарат бостандығы принциптерін қорғауға жақтасу» деп көрсетілген.

8 наурыз

Халықаралық әйелдер күні *.
 

 

14 наурыз

Педагогика ғылымдарының кандидаты, педагог-әдiскер Халима АдамовнаБекмұхамедованың туғанына 90 жыл (14.03.1925)*
 

 

14 наурыз

«Ұлан» (бұрынғы «Қазақстан пионерi») газетiнiң шыға бастағанына 85 жыл (14.03.1930)

15 наурыз

Дүниежүзілік тұтынушыларды қорғау күні.1983 жылдан бері 15 наурызда халықаралық күнтізбекке енгізілген.
20 наурыз

Ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 80 жыл (20.03.1935-10.10.2011)

21 наурыз

Дүниежүзілік поэзия күні. ЮНЕСКО Бас конференциясының 1999 жылдың 30-ыншы сессиясында 21 наурызда Дүниежүзілік поэзия күнін атап өту туралы шешім қабылданды. Дүниежүзілік Поэзия күні тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде атап өтілді. «Поэзия, - делінген ЮНЕСКО шешімінде, - қазіргі заманғы адамның өткір де терең рухани мәселелеріне жауап бере алады.Бірақ бұл үшін оған қоғам назарын мүмкіндігінше кеңірек аударту қажеть Сонымен қатар Дүниежүзілік Поэзия күні қазіргі ақындардың шығармалары оқырмандарына, негізінен солардың күшімен, жол тауып жатқан шағын баспалардың, тебіреніске толы сырлы сөзбен мәңгілік дәстүрді қайта тірілтіп жүрген әдеби клубтардың өздерін кеңінен танытуына мүмкіндік беруі тиіс». Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарында поэзияның шын мәніндегіі қазіргі заманғы, адамдар ашық қабылдай алар өнер ретіндегі жағымды кейпін қалыптастыруға қызмет етуі қажет.

22 наурыз

Наурыз мейрамы.*

21 наурыз –

Көктемгі демалыс (21 наурыз- 4 сәуір)*

24-30 наурыз

Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы. Бұл мереке жыл сайын оқушылардың көктемгі демалыс күндерінде өткізіледі. Бұл мерекенің тарихы былай басталған. Ұлы Отан соғысының жүріп жатқан кезі, күн суық, азық-түлік тапшы, карточкамен берілетін. Осындай 1943 жылдың суық, сұрғылт көктемінің бір күнінде Одақтар үйінің суық залына балалар жазушылары мен ақындары Мәскеудің оқушы балаларын жинап балалар кітаптары туралы кездесу өткізді. Осылай алғаш рет балалар кітабы апталығы пайда болды. Қазір бұл мереке жыл сайын «Балалар мен жасөспірімдер кітаптарының апталығы» мерекесі дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Бұл мерекенің мақсаты - кітап оқуды жас ұрпақтың қызықты да тиімді демалыс уақытына айналдыру, балалардың, жасөспірімдердің рухани дамуына жағдай жасау.

26 наурыз

Осыдан 145 жыл бұрын ұлттық мектептер жайында «Россияны мекендейтiн бұратана халықтарға бiлiм беру жөнiндегi шаралар туралы» заң жарияланды, бұл заңға сәйкес қазақтарға да арналған оқу орындары ашыла бастады (1870) //Қазақ ССР.Қысқаша энциклопедия.Т.3.-21б.

27 наурыз

Халықаралық театр күнi. 1961 жылы Халықаралық театр институтының ІХ конгресінде 27 наурызды Халықаралық театр күні деп тойлау бекітілді.

Сәуiр

2 сәуір

Халықаралық балалар кiтабы күнi. *

2 сәуір

Халықаралық құстар күнi. 1906 жылы 1 сәуірде «Халықаралық құстарды қорғау туралы конвенция» қабылданғаннан кейін осы күні аталып өтетін болған.

2 сәуір

А.С.Макаренкодан тәрбие алған педагог, КСРО халық мұғалiмi, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Солтүстiк Қазақстан обл. Санаторлық мектеп интернатының директоры, КСРО Халық ағарту iсiнiң озаты, I-дәрежелi Отан соғысы орденi, Еңбек Қызыл Ту, 2 рет Қызыл Жұлдыз ордендерiмен және медальдармен марапатталған Григорий МаксимовичКубраковтың туғанына 95 жыл (2.04.1920-5.10.2006)

7 сәуір

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні*.

8 сәуір

Педагог, қазақ мектептерiне арналған орыс тiлi оқулықтарының және әдiстемелік құралдардың авторы Гульфия Аубакировна Бадамбаеваның туғанына 80жыл (8.04.1935)(Ол туралы орыс тiлiндегi күнтiзбектен қараңыз)

12 жұлдыз

Дүниежүзiлiк ғарышкерлiк күні.*

12 сәуір

Ғылым қызметкерлері күні. Бұл мереке 2011 жылы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша тағайындалды. 12 сәуірде Қазақстанның көрнекті ғалымы, академик, Қазақстан ғылым академиясының алғашқы президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев дүниеге келген. Сол себепті осы күн мереке ретінде тойланады.

15 сәуір

Халықаралық мәдениет күні. 1935 жылы көркем және ғылыми мекемелер мен тарихи ескерткіштерді қорғауға арналған халықаралық Рерих Пактісі деп аталатын келісімге қол қойылған. 1998 жылдан бастап 15 сәуір Халықаралық мәдениет күні деп аталынып келеді.

18 сәуір

Халықаралық ескерткiштер мен тарихи орындарды қорғау күнi. Жыл сайын әлем қауымдастығы 18 сәуірде Халықаралық тарихи ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күнін атап өтеді. 1982 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы осы күнді бекіткен болатын. Басты мақсат – жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз – мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.

22 сәуір

Академик, Қазақстанның Халық жазушысы, көрнектi қоғам қайраткерi Сәбит Мұқановтың туғанына 115 жыл (22.04.1900-18.04.1973)

22 сәуір

Халықаралық Жер-Ана күні. Бұл күнді жариялау туралы қарарды БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009 ж. сәуірдің 22-сінде бірауыздан мақұлдады. Қарарды мақұлдағандардың қатарында Қазақстан да бар. Жер-Ана күнін жариялау планетамыздың және оның экологиялық жүйесінің бізді өмірмен қамтамасыз етіп отырғанын түсінгенімізді паш етіп, сондай-ақ 1992 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған орта және оны дамыту Конференциясында қабылданған міндеттерді бекіте түсті.Бұл күн 2010 ж. бастап атап өтіледі.

23 сәуір

Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні.

 

Бұл күнді атап өтуге себепті нәрсе – 23 сәуірдің қаламгер қауымына көп байланысты болғандығынан. 1616 жылдың 23 сәуірінде әлемді мойындатқан классик қаламгерлер Сервантес, Шекспир, Инка Гарсиласо де ла Вега дүниеден өтті. Бұл күн – сонымен қатар әлемге танымал авторлар Морис Дрюон, X.Лакснесс, Владимир Набоков, Мануэль Мехиа Вальехоның туған және өмірден қайтқан күндері. Сондықтан әлемнің кітапсүйер қауымы 23 сәуірді Кітап және авторлық құқық күні ретінде атап өтеді.

24 сәуір

1995 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы Бүкіл­әлем­дік кітап және авторлық құқық күнін атап өтуді белгілеген. Бұған қоса, дәл осы күні балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармалар үшін ЮНЕСКО.

25 сәуір

Жастар ынтымақтастығының халықаралық күні. Демократиялық жастар дүниежүзілік федерациясының шешімімен жыл сайын 24 сәуір күні аталып өтеді.Тұңғыш рет мереке 1957 жылы өткізілді. Бұл дата мемлекеттік органдардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының назарын жастар проблемасына аударту үшін тағы бір себеп болып табылады. Аталмыш датадан бөлек, ғаламшар жастарына арналған бірнеше мереке бар, олар - 12 тамыз күні атап өтілетін Халықаралық жастар күні және 10 қараша - Дүниежүзілік жастар күні.

25 сәуір

Мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың туғанына 120 жыл (25.04.1895-1937)*

28 сәуір

Жетісудағы 1916 ж. қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Тоқаш Бокиннің туғанына 125 жыл (25.4.1890-19.9.1918).

29 сәуір

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. 1999 АҚШ пен Канада еңбекшілер кәсіподағының ұйымдастыруымен қаза болған жұмысшыларды еске алу күні өткізіледі. Содан бері осындай шаралар барлық елдерде өткізіліп келеді. Ресми түрде

 

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні Халықаралық еңбек ұйымының тағайындауы бойынша 2003 жылдың 28 сәуірінен бастап аталып өтіледі.

 

Халықаралық би күні. 1982 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның шешімімен тарихқа «заманауи балеттің негізін қалаушы» ретінде енген, хореографиялық өнердің реформаторы және теоретигі, балетмейстер Жан-Жорж Новердің туған күнінде атап өтіледі.

Мамыр

1 мамыр

Қазақстан халқының бiрлiгi күнi.*

1 мамыр

Педагогика ғылымдарының кандидаты Күлжан Жүнiсқызының туғанына 80 жыл (1.05.1935 -9.06.2014)*

1 мамыр

Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, жаңашыл-педагог Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 70 жыл (1.05.1945)

3 мамыр

Дүниежүзілік баспасөз күнi. БҰҰ бас Ассамблеясының 1993 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен бұл дата - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні ретінде атап өтіледі.

4 мамыр

Дүниежүзілік СПИД құрбандарын еске алу күнi.

7 мамыр

Отан қорғаушылар күні.*

8 мамыр

Дүниежүзілік Қызыл Жарты Ай мен Қызыл Крест күнi. Қызыл Крест қозғалысы 1863 жылы жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша Халықаралық Комиссия құрылған кезде пайда болды. Алғашқы кезде оның қызметі соғыста зардап шеккен әскерлерді емдеуге жұмсалған. 1864 жылы 22 тамызда Швейцарияда Жан Анри Дюнанның ұсынысы бойынша ұрыс алаңында жарақат алғандардың өмірін жақсарту бойынша конвенцияға қол қойылды. Конвенцияда дәрігерлер мен медқызметкерлердің ерекше әмбебап белгісі болу керектігі көрсетілді. Оның символы ретінде ақ фондағы қызыл крест белгісі таңдалды. Қызыл крест осылай пайда болды. 1906 жылы Осман империясында мұсылман елдеріндегі Қызыл Крестің баламасы ретінде Қызыл Жарты ай қайырымдылық ұйымы пайда болды. Қызыл крест және Қызыл жарты ай ұйымдарының басында Женевадағы штаб-пәтері бар Халықаралық Комитет тұрды.

9 мамыр

Ұлы Отан соғыcындағы Жеңіс күні.*

 

2015 жылы - Ұлы жеңіске 70 жыл.

9 мамыр

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықтар достығы орденiмен марапатталған МеделЖұмабайұлы Арғынбаевтың туғанына 85 жыл (9.05.1930-29.08.2000) (Ол туралы орыс тiлiндегi күнтiзбектен қараңыз)

12 мамыр

Жазушы, журналист Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжановтың туғанына 85 жыл (12.05.1930-9.11.1993)

15 мамыр

Халықаралық отбасы күнi.*

18 мамыр

Халықаралық мұражайлар (музейлер) күні. 1977 жылы Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр «Халықаралық музей күні» болып белгіленді. 2002 ж. мамыр айынан бастап «Қазақстан музейлері» журналы шыға бастады. Бұл күні мұражайлар келушілерге тегін қызмет көрсетеді.

20 мамыр

Білім, мәдениет және денсаулық министрі (1997-2000), Білім және ғылым министрі (2000-2001) Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың туғанына 60 жыл (20.05.1955)*

21 мамыр

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. ҚР Үкіметінің 2013 ж. 22 қараша № 698 Жарлығы бойынша, бұл күн жыл сайын 21 мамыр күні аталып өтіледі.

24 мамыр

Славян жазбасы, ағарту және мәдениет күнi. Бұл күн 1995 жылдан бастап 24 мамырда атап өтіледі. Кирилл мен Мефодий негізін салған славян алфавитін қазір көптеген елдер пайдаланады.

25 мамыр

Соңғы қоңырау.*

31 мамыр

Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi.*

Маусым

1 маусым

Халықаралық балаларды қорғау күнi.*

4 маусым

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні*

5 маусым

Дүниежүзілік тіршілік өрісін қорғау күні-Экологтар күні.*

5 маусым

Профессор, филология ғылымдарының докторы Сергей ИвановичАбакумовтың туғанына 125 жыл (4.06.1890-7.05.1949).

9 маусым

Халықаралық мұрағаттар күні. 1948 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Халықаралық мұрағаттар кеңесі құрылған. Осы кеңестің 60 жылдығына орай, 2007 жылы алғаш рет осы күн аталып өтті. Содан бері 9 маусым Халықаралық мұрағаттар күні деп белгіленді.

12 маусым

Қазақ мектептерiне арналған орыс тiлi оқулықтарының авторы Софья Сүлейменовна Масгутованың туғанына 80 жыл (12.06.1935) (Ол туралы орыс тiлiндегi күнтiзбектен қараңыз)

12 маусым

Бала еңбегін пайдалануға қарсы бүкіләлемдік күрес күні.

 

2002 жылдың 3-20 маусым күндері аралығында өткен Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясы сессиясының шешімімен жыл сайын атап өтіледі. Бұл күн, әлемде кеңінен жүргізіле бастаған бала еңбегін пайдалануға тыйым салу қозғалысына назар аударту мақсатында белгіленді.

23 маусым

Халықаралық Олимпиада күні. 1948 жылдың қаңтар айында Санкт-Морицте өткен ХОК-тің 48-ші сессиясы кезінде Халықаралық олимпиада комитеті жыл сайын 23 маусым күні мерекелеуді шешті. 1967 жылы Халықаралық олимпиада комитеті 23 маусымды - Халықаралық Олимпиада күні деп атады.

26 маусым

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнi. Бұл күнді 1987 жылы 26 маусым күні БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен.

 

Маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні. КСРО кезінен бастап осы мейрам Ресей, Қазақстан, Белорус, Украина және Молдовада атап өтіледі.

 

Маусым айының үшінші жексенбісі – Халықаралық әкелер күні. Халықаралық әкелер күнін әлемнің 52 елі маусымның үшінші жексенбісінде атап өтеді. Жалпы әкелер күні ХХ ғасырдың басынан бері аталып келе жатыр. Бұл күні отбасылық кештер әке мен балаға арналады, сонымен бірге ұрпақтың құрметі ретінде жасы үлкен ер адамдарға құрмет көрсетіліп, еске алу кештері ұйымдастырылады.Алғаш рет Әке күні 1910 жылы 19 мусымда АҚШ –та өткізілді. 2010 жылы бұл мерекеге 100 жыл толды.

 

Маусым айының соңғы жексенбісі – Қазақстан Республикасының баспасөз күні. 28 маусым күні БАҚ туралы алғашқы Қазақстан заңына қол қойылған, сол себепті 1997 жылдан бастап, айдың соңғы жексенбісі мереке болып атап өтіледі.

 

Маусым айының аяғы – мектеп бітірушілер кеші.*

Шiлде

6 шілде

Астана күні.*

6 шілде

«Жас ұлан» ұйымының құрылған күні.*

6 шілде

Т.Г.Шевченко атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік көркем сурет галереясының ашылғанына 80 жыл (1935)(1983 ж. музейге Қазақ КСР-iнiң халық суретшiсi Ә.Қастеевтiң есiмi берiлдi, қазiр Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы өнер музейi деп аталады)

12 шілде

Қоғам қайраткері, 1924-1927 жылдары Алматы қаласының басшысы, бас құрылысшысы болған Айтжан Түркебаевтың туғанына 115 жыл (12.7.1900-30.5.1937)

25 шілде

Әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Халық ағарту ісінің озаты Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаеваның туғанына 85 жыл (25.7.1930-1.1.2002)*

Тамыз

1 тамыз

Халықаралық балаларды сауықтыру лагері күні.*

1 тамыз-

1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы*

6 тамыз

Педагогика ғылымының докторы, профессор, қазақ мектептерiне арналған орыс тiлi оқулықтары мен әдістемелік құралдардың авторы Мариям РамазанқызыКондубаеваның туғанына 80 жыл (6.08.1935)) (Ол туралы орыс тiлiндегi күнтiзбектен қараңыз)

9(21) тамыз

Қазақстан және Қырғызстан тарихын зерттеген, тарих ғылымдарының докторы Михаил Порфирьевич Вяткиннiң туғанына 120 жыл (9(21).08.1895-7.10.1967)

10 тамыз

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 170 жыл (10.08.1845-1904)*.

12 тамыз

Халықаралық жастар күні. 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Жастар істері жөніндегі министрлердің Дүниежүзілік конференциясының тамыздың 12-сін Халықаралық жастар күні деп жариялау туралы ұсынысын қолдады. 2000 жылдан бастап бұл күн әртүрлі елдерде мерзімді түрде атап өтілуде. Мақсаты – әлемдегі жастардың жетістіктерін атау, жастардың қоғамды нығайту, жергілікті қауымдастықтарды дамыту ісіне қатысуға ынталандыру, жастардың арасындағы ерікті қызметті насихаттау. Ең алғаш Жастар күні 2000 жылы тойланды.

14 тамыз

1930 ж. 14 тамызда КСРО Бүкiлодақтық орталық атқару комитетi мен Халық комиссарлар кеңесі «Жалпыға бiрдей мiндеттi бастауыш бiлiм беру туралы» қаулы қабылдағанына 85 жыл //Қазақ ССР.Қысқаша энциклопедия. Т.3.-Алматы,1988. – 225 б.

15 тамыз

Сазгер, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл (15.8.1930-29.2.1992)

18 тамыз

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР Ғылым акдемиясының академигі, Қазақ КСР Жоғары мектебiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi Яхия ӘубәкiрұлыӘубәкiровтың туғанына 90 жыл (18.08.1925-23.06.2008)*

26 тамыз

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Социалистiк Кеңес Республикасын құру туралы» БОАК пен РСФСР Халық комиссарлары кеңесінің декретiне 95 жыл. 1920 ж. 4-12 қазан айында Орынборда болып өткен Кеңестердің Құрылтай съезi РСФСР құрамында Қазақ АКСР-iнiң құрылғанын жариялады //Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия.Т.1. Алматы,1984.- 23-б.

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні.

 

2015 жыл - Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы Жылы *

тамыз

«Қазақстан мектебi» журналының шыға бастағанына 90жыл. 1925-1933 жж. – «Жаңа мектеп», 1933-1938 жж. – «Ауыл мұғалімі, 1939-1959 жж. – «Халық мұғалімі, 1960 ж. бастап «Қазақстан мектебі» деп аталады. (08.1925)*

 

Тамыз айының ортасы – «Жол ашар» акциясы*

 

Тамыз айының ортасыТамыз мәслихаты.*

 

Тамыз айының үшінші жексенбісіСпорт

 

және туризм күні.*

Қыркүйек

1 қыркүйек

Бiлiм күнi.*

8 қыркүйек

Халықаралық сауаттандыру күні. Тегеранда 1965 жылдың қыркүйегінде өткен «Білім министрлерінің Бүкіләлемдік сауатсыздықты жою жөніндегі конференциясының» ұсынысы бойынша ЮНЕСКО 1966 жылдан бастап Халықаралық сауаттандыру күнін өткізуді жариялады. Қыркүйектің 8-і - осы конференцияның салтанатты ашылған күні. Бұл күн ЮНЕСКО іс-қимылының басты салаларының бірі болып табылатын сауаттандыру жөніндегі қоғам күш-жігерін жандандыруға шақырады.

10 қыркүйек

Ұлағатты ұстаз, әдіскер-педагог, түркiтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор ӘуелбекҚоңыратбаевтың туғанына 110 жыл (10.09.1905-27.01.1986)*

21 қыркүйек

Дүниежүзілік бейбітшілік күні.*

27 қыркүйек

Дүниежүзілік туризм күні .*

 

Қыркүйектің үшінші жексенбісі – Қазақстан халықтарының тілдері күні.*

 

Қыркүйектің үшінші жексенбісі - Ана күні деп белгіленді. Бұл мереке әр елде әр уақытта тойланады. Бұл күн 2012 жылдан бастап, Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі күні тойланатын болды. Бұл күні тек аналарды құттықтайды.

 

Қыркүйектің соңғы жексенбісі –Еңбек күні. ҚР Үкіметінің 2013 ж. 22 қараша № 698 Жарлығы бойынша, бұл күн қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтіледі.

Қазан

1 қазан

Халықаралық қарттар күнi. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды қарттар күні етіп бекітті. Бұл күні қарттардың құқығын қорғау мақсатында конференциялар, басқа да қайырымдылық шаралары өткізіледі.

1 қазан

Халықаралық музыка күні.*

4 қазан

Психология ғылымдарының докторы, профессор МәжитМұқанұлы Мұқановтың туғанына 95 жыл (4.10.1920-3.02.1986)*

4 қазан

Географ, этнограф, саяхатшы, Iшкi Азия мен Сiбiр, Алтай, Қазақстанды зерттеген Григорий НиколаевичПотаниннiң туғанына 180 жыл (4.10.1835-30.06.1920)

5 қазан

Мұғалімдер күні – Сынып жетекшісі күні.*

9 қазан

Дүниежүзілік пошта күні.

15 қазан

Ақын Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 110 жыл (15.10.1905 - 1995).

15 қазан

Алматы қаласы кітапханалары күні «Кітапханалар күні» заңды түрде бекітілмеген. Бұл күн Алматы қаласының әкімшілігінің бастамасымен 1999 жылдан бері Алматы қаласында 15 қазан күні өткізіліп келеді.

15 қазан

Ауыл әйелдерінің ха­лық­­ара­лық күні Біріккен Ұлттар Ұйы­мының ше­ші­мімен 2008 жылдан бері қазан айы­ның 15-і күні аталып өтеді. Да­таны белгілеудегі БҰҰ Бас Ассамблеясының мақ­саты – ауылдық елді ме­кен­дердегі әйел адам­дар­дың тұрмыстық жағ­дай­­ларын жақсарту. Бұл туралы арнайы ре­зо­­лю­ция да қа­был­дан­ған. Мұндай құжат әр екі жыл сайын қа­был­данады.

18 қазан

Рухани келісім күні.*

23 қазан

Халықаралық мектеп кітапханаларының күні.*

24 қазан

Орыс психологы, педагог, өмiрiнiң соңғы жылдарында Семей педагогикалық иститутында жұмыс iстеген АлександрПетрович Нечаевтың туғанына 145 жыл (24.10.1870-6.09.1948). (Ол туралы 2015 жылға арналған орыс тiлiндегi күнтiзбектен қараңыз)

24 қазан

Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымы күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының күшіне енуінің бір жылдығы — 1945 жылғы 24 қазан күні. 1948 жылдан бастап 24 қазан Біріккен Ұлттар Ұйымы күні ретінде тойланады. Дәстүр бойынша ол әлемде Ұйымның жетістіктері мен мақсаттарына арналған мәжілістер, пікірталастар мен көрмелер ұйымдастырумен атап өтіледі

29 қазан

Педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi, Ұлы Отан соғысына қатысқан Құмаш Нұрғалиұлының туғанына 90жыл (29.10.1925-27.05.1988)*

 

Қазан айының бірінші дүйсенбісі – Халықаралық дәрігерлер күні. Бұл күнді дүниежүзі дәрігерлерінің ынтымақ күні ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен атап өтіледі.

Қараша

5 қараша

Күзгі демалыс (5-13 қараша).*

7 қараша

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының құрылған күні*.

10 қараша

Дүниежүзілік жастар күнi.*

13 қараша

Халықаралық зағиптар күні. 1745 жылдың 13 қарашасы күні Валентин Гаюи дүниеге келгеніне байланысты аталып өтеді. Ол Францияда Парижде және Петербургте зағиптарға арналған бірнеше мектептің негізін қалаған танымал педагог.

15 қараша

Ұлттық валюта - теңге күні (15.11.1993)*

15 қараша

Филология ғылымдарының докторы, жазушы, педагог, қоғам қайраткерi, Кеңес Одағының батыры Мәлiк Ғабдуллиннiң туғанына 100 жыл (15.11.1915-2.11.1973)*

16 қараша

Халықаралық төзімділік (толеранттық) күні. Бұл халықаралық күн «Төзімділік принциптері Декларациясын» ЮНЕСКО салтанатты түрде жариялаған. 1995 жылы ЮНЕСКО-ның 28-ші Бас конференциясында Декларация бекітілген. Декларацияда жарияланған «адамдар қоғамда өзінің түрімен, әл-ауқатымен, тілімен, мінез-құлқымен, өз құндылықтарымен, өзін-өзі сақтап осы қоғамда өмір сүруге құқылы». Декларация адамзатқа қауіп төнгенін анықтап бақылайды, оның төзімсіз болуына және төзімсіздікке қарсы әдіс пен бағдарламаларды ұсыныс жасайды.

17 қараша

Халықаралық студенттер күнi. Бұл күн 1939 ж. 17 қарашада фашистік неміс басқыншылары атып өлтірген чех патриот студенттерін еске алуға арналған Дүниежүзілік студенттер Конгресінде 17 қарашаны патриот чех студенттерінің құрметіне Халықаралық студенттер күні деп атау бекітілді. Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17 қарашада Лондонда өтті.

20 қараша

Педагогика ғылымдарының докторы Дәрiғұл Тұрсыновтың туғанына 105 жыл (20.11.1910-28.12.1985)*

20 қараша

Тарих ғылымдарының докторы Нәйлә ЕрмұханқызыБекмаханованың туғанына 75 жыл (20.11.1940)*

20 қараша

Дүниежүзілік балалар күні. 1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы барлық елдерге бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ бүтін әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді өмірге енгізуді ұсынды.

21 қараша

Көрнектi педагог, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ахмеди Ысқақовтың туғанына 105 жыл (21.11.1910-30.05.1996)*

21 қараша

Қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, шебер аудармашы, библиограф, тарихшы, ұстаз, мәдениет және қоғам қайраткерi Мiржақып Дулатовтың туғанына 130 жыл (21.11.1885-5.10.1935)*

24 қараша

Педагог, қазақ мектептерiне арналған орыс тiлi оқулықтары мен әдістемелік құралдардың авторы Екатерина Андреевна Ерохинаның туғанына 90 жыл(24.11.1925-1992).

24 қараша

Қазақ жазушысы, қазақ балалар әдебиетiнiң негiзiн салушы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннiң туғанына 120 жыл (24.11.1895-5.03.1983)

25 қараша

Филология ғылымдарының докторы, профессор МоисейМихайлович Копыленконың туғанына 95 жыл (25.11.1920-18.12.1997)*

26 қараша

Дүниежүзілік ақпарат күні. БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңестерінде бас консультативтік дәрежесі бар Халықаралық ақпарат академиясы мен Дүниежүзілік ақпараттық парламенттің бастамасымен 1994 жылдан бастап жыл сайын 26 қарашада атап өтіледі. 1992 жылы бұл күні Ақпараттандырудың алғашқы халықаралық форумы өтті. Бүгінде Дүниежүзілік ақпарат күні әлемнің көптеген мемлекеттерінде атап өтіледі.

27 қараша

Ұстаз-ғалым, математик, лингвист, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалдыбай БектайұлыБектаевтың туғанына 95 жыл (27.11.1920-1996)*

Қараша

Көрнектi ағартушы, демократ, тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зерттеушi, археолог, этнограф

 

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 180 жыл (1835-1865)*

Қараша

 
 

1940 ж. қараша. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 5 сессиясында орыс графикасына негiзделген қазiргi қазақ алфавитiнiң қабылданғанына 75 жыл //Қазақ ССР.Қысқаша энциклопедия.Т.4. –Алматы,1989. – 318 б.

 

Қарашаның үшінші бейсенбісі - Халықаралық шылымқорлықтан бас тарту күні.*

Желтоқсан

1 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні*.

1 желтоқсан

Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күнi.*

5 желтоқсан

Педагог, профессор Имаш Барғанұлы Мадиннiң туғанына 100 жыл (5.12.1915 – 25.03.2001)*

8 желтоқсан

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық акпараттану академиясының академигі, Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері Мүштай Батырбекұлы Батырбековтың туғанына 90 жыл (8.12.1925-2009).*

10 желтоқсан

Адам құқықтары күні.*

12 желтоқсан

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығына 20 жыл (12.12.1995).

15 желтоқсан

Ақын Өтебай Тұрманжановтың туғанына 110 жыл (15.12.1905-1978)

16 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi.*

20 желтоқсан

Халықаралық адамдар ынтымақтастығы күні. Кедейшілікті жоюмен күрес жөніндегі БҰҰ-ның бірінші онжылдығы шеңберінде Бас Ассамблея жыл сайын 20 желтоқсанда Адамдар ынтымақтастығының халықаралық күнін атап өту туралы шешім шығарды. Бұл шешімді қабылдау кезінде Бас Ассамблея Мыңжылдық декларацияда ынтымақтастық XXI ғасырдағы халықаралық қатынастар негізі болып табылатын түпкілікті және салалы құндылық деп танылғанын еске салды.

23 желтоқсан

Педагог, педагогика ғылымдарының докторы Тотай Тәжiұлы Тұрлығұловтың туғанына 85 жыл (23.12.1930)*

24 желтоқсан

Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл (24.12.1910-10.06.1982).

25 желтоқсан

Тарих ғылымдарының докторы, профессор ХайыржанНұрғожаұлы Бекхожиннiң туғанына 105 жыл (25.12.1910-3.11.1979)*

25 желтоқсан

Әдебиет зерттеушi, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері ӘбiшБайтанаевтың туғанына 105 жыл (25.12.1910-3.06.1993)*

27 желтоқсан

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигi, филология ғылымдарының докторы, профессор МұхамеджанҚаратаевтың туғанына 105 жыл (27.12.1910-13.06.1995)*

28 желтоқсан

Қысқы демалыс (28 желтоқсан – 11 қаңтар).*

31 желтоқсан

Педагог, әдіскер-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Бибiгүл Шолтайқызы Кәтембаеваның туғанына 90 жыл (31.12.1925)*