Басшы блогыҚымбатты достар! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы (ҚР ОАМ РҒПК) еліміздің ғылыми-педагогикалық кадрларына қызмет көрсететін, республикадағы педагогикалық бейіндегі бірден-бір салалық кітапхана, отандық оқу, әдістемелік және ғылыми педагогикалық әдебиеттің негізгі республикалық қоймасы, салалық педагогикалық библиографияның республикалық орталығы, білім беру жүйесінің барлық тұрпаттағы оқу орындары кітапханаларын нормативтік-құқықтық қамсыздандыруға жауап беретін үйлестіру және ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылады. Тек біздің кітапханамыз ғана республикада 1989 жылдан «Білім беру саласындағы атаулы даталар - Календарь знаменательных и памятных дат в образовании» педагогикалық әдебиеттердің ағымдағы библиографиясын, тоқсан сайынғы «Қазақстандағы ағарту ісі және педагогика - Образование и педагогика в Казахстане» жедел ақпаратын басып шығарады. Өзінің жұмыс істеген жылдары ішінде кітапхана қарамағындағы кітапханалардың жұмысына көмек ретінде қазақ және орыс тілдерінде әдістемелік, әдістемелік-библиографиялық және ақпараттық құралдардың үш жүзден астам атауларын басып шығарды. Әдістемелік басшылық етуді үйлестіру үшін республиканың ірі жоғары оқу орындары базасында облыстық әдістеме орталықтары – кітапханалар желісі құрылды. Кітапхана білім беру ұйымдары кітапханаларының қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, ол мыналарды қамтиды: республиканың түрлі географиялық өңірлерін қамти отырып, кітапханалар қызметінің басты бағыттары бойынша жыл сайынғы республикалық семинарлар, конференциялар өткізу; білім беру жүйесі кітапханашыларының кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу; ҚР ОАМ РҒПК базасында консультациялар мен тағылымдамалар өткізу; ҚР ОАМ РҒПК базасында кітапханашылардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу. Кітапхана ғылыми-зерттеу қызметімен шұғылданады. 2016 жылы «Колледж жағдайында кітапхана-библиографиялық ақпараттандыруды жетілдіру» тақырыбында зерттеу жүргізу жұмысы басталды. 2019 жылдың 24 ақпанында біздің кітапханамызға 35 жыл толды. Біздің күнделікті өміріміз қызықты жаңалыққа толы және келешекке батыл сеніммен қараймыз. Ал кітапхананың болашағын біз оптимизммен елестетеміз. Біздің алдымызда көптеген қызықты әрі саналуан жұмыс тұр. Бұл, біздің кітапхананың негізінде Қазақстан Республикасының Электрондық педагогикалық кітапхана орталығын құру, педагогикалық әдебиеттің бірегей қорын құру және толықтыру, кітапхана оқырмандарына қызмет көрсету үшін жайлы жағдайлар жасау, барлық кітапхана-ақпарат процестерін автоматтандыру, RFID – радиожиілікті сәйкестендіру технологиялары негізінде әдебиеттерді өңдеу және оқырмандарға қызмет көрсету процестеріне кітапхананы басқарудың автоматтандырылған жүйесінің технологияларын ендіру, ғылыми-библиографиялық және ғылыми-әдістемелік қызметті одан әрі жетілдіру. Біз кітапхана ісі кәсіпқойларының берік, жылы шырайлы, топтасқан ұжымы біздің жоспарларымызды іске асыру және кітапхананың одан әрі гүлденуі үшін мүмкін болғанның барлығын жасайды деп сенеміз. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасына қош келдіңіз!
Ізгі ниетпен, |