Ғылыми-библиография бөлімшесіҒылыми-библиография бөлімшесі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана пайдаланушыларына анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету функцияларын жүзеге асырады. Ғылыми-библиография бөлімшесі жыл сайын: 1. Дәстүрлі картотекаларды жүргізеді:
2. Мақалалардың электрондық библиографиялық мәліметтер базасын жүргізеді:
3. Жыл сайын «Білім беру саласындағы атаулы даталар күнтізбегі» атты библиографиялық ұсыныс көрсеткішін және тоқсан сайын «Қазақстандағы білім беру ісі және педагогика» жедел-ақпаратын, басқа да білім беру ісі мен педагогика жөніндегі ұсыныстық және рестроспективтік библиографиялық көрсеткіштерді дайындап шығарады; 4. Кітапхана пайдаланушыларын жаңадан түскен әдебиеттермен жедел ақпараттандырады (тоқсан сайын оқырмандар залында Ақпарат күнін өткізіп, «Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттердің тізімі» атты ақпараттық бюллетень шығарады); 5. Білім және педагогиканың көкейкесті мәселелері бойынша атаулы және жадынамалы даталарға арналған тақырыптық кітапханалық көрмелер ұйымдастырады: «Қазақстан-2050: Білім - мемлекеттік стратегия негізі», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде», 2015 жылғы 4 атаулы датаға арналған «Нұрлы жол – ел мұраты», «Республикалық ғылыми-педагогикалык кітапхана басылымдары» атты тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылған. 6. Тоқсан сайын жаңа әдебиеттердің ашық кітап көрмесін өткізеді. 7. Библиографиялық анықтамалардың әралуан түрлерін жазбаша және ауызша орындайды; 8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аппараты басшыларына саралы қызмет көрсетеді (БСҚ) және ақпаратты таңдамалы таратады (АТТ). 9. Білім беру жүйесі кітапханашыларының біліктілігін көтеру курстарына қатысып, дәрістер оқиды.
|