Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Қаңтар 1 жұлдыз - Құдыс Әбсәметовтың туғанына 95 жыл (1.01.1920-18.01.2007)

Педагог, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистiк Еңбек Ерi, екi рет Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерiмен және медальдармен марапатталған Құдыс Әбсәметовтың туғанына 95 жыл (1.01.1920-18.01.2007)

Әбсәметов Құдыс 1920 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Аққайнар селосында дүниеге келген. 1936-1937 жылдары «Новая жизнь» колхозында сауат ашу курсында мұғалім, 1937-1939 жылдары Алматы педагогикалық училищесінде, 1939-1941 жылдары Алматы мұғалімдер институтында оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылдан КПСС мүшесі. 1949 жылы Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.

1941-1949 жылдары «Новая жизнь» жеті жылдық Ұзынағаш қазақ орта мектебінде директор, 1949-1957 жылдары Қарғалы № 1 орыс орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі. Ал 1957 жылдан осы мектепте 30 жыл директор болды. 1978 жылы Қ.Әбсәметовке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қ.Әбсәметовтің бастамасымен Қарғалыда 3 жаңа типтегі мектеп салынып, 68 пәтерлі мұғалімдерге арналған ұй салынды.

Құдыс Әбсәметов 2 рет «Ленин» орденімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Отан соғысы» орденімен, медальдармен, «Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі», «КСРО ағарту ісінің үздігі» төсбелгілерімен және көптеген грамоталармен марапатталды.

 

Ол туралы:

Абсаметов Құдыс //Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. Т.3.–Алматы,1988.- 52-53 б.

Құдыс Әбсәметұлы Әбсәметов: [некролог] //Алматы ақшамы. – 2007. – 18 қаңтар.

Иминов С. Менің директорым: [Қарғалы орта мектебінің директоры болған, Социалистік Еңбек Ері Құдыс Әбсәметұлы туралы] /С.Иминов //Қазақстан мұғалімі. – 2005. – 26 қаңтар.