Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының туғанына 90 жыл (29.10.1925 ж. - 27.05.1988 ж.) толуына арналған «Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз» атты еске алу кеші

2015 жылдың 3-ші желтоқсанында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының туғанына 90 жыл (29.10.1925 ж. - 27.05.1988 ж.) толуына арналған «Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз» атты еске алу кеші болып өтті.

Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде, ол өмір сүрген заманы мен қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегін зерделейтін болсақ және де ұлт мақтаны дегенде ауыз толтырып айтып жүретін тұлғалар арасында қадірі өзімізден алыстаған сайын артып, халыққа жасаған ізгіде шынайы еңбегінің құндылығын ұрпақ алмаса келе сезіндіретін ерекше адамдар болады.

Адамзат даму үрдісінде ұрпақтар байланысының, тәрбие сабақтастығының маңызы зор. Педагогикалық тәрбиенің өзекті мәселелерінің бірі - ұрпақтар арасындағы байланысты сақтау, оны атадан - балаға, ұрпақтан -ұрпаққа мұра етіп қалдыру. Осы салада адал қызмет еткен қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі - Ұлағатты ұстаз, жаңашыл педагог, Ұлы Отан соғысының ардагері, «КСРО Халық мұғалімі», «КСРО және Қазақ КСР-нің ағарту ісінің үздігі», «Қазақ КСР-ның еңбегі сіңген мұғалімі», Жауынгерлік Қызыл Ту», «Отан соғысының бірінші дәрежелі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері білім мен тәрбие берудің білгірі Құмаш Нұрғалиев.

2015 жылдың 3-ші желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының туғанына 90 жыл (29.10.1925 ж. - 27.05.1988 ж.) толуына арналған «Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз» атты еске алу кеші болып өтті.

Кешке педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» Акционерлік Қоғамы Директорлар кеңесінің Төрайымы, Халықаралық ақпараттандыру Академиясының, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану Акадaемиясының, Қазақстан педагогика ғылымдары Академиясының толық мүшесі Нұрғалиева Гүл Құмашқызы, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» Акционерлік Қоғамының топ менеджері Ашенова Бағдангүл Мұстафақызы, Қазақ Америка Университетінің оқытушысы, Алматы қаласының үздік методисі, Республика көлемінде инновациялық технологиямен оқыту әдісін таратуда электрондық оқулықтың авторы, Алтынсарин медалінің иегері Асқарова Гүлзада Байсарықызы қатысып Құмаш Нұрғалиұлының өмірі, ұлағатты ұстаздығы, ұйымдастырушылығы туралы өз ойларын ортаға салып, тыңғылықты, қызықты етіп айтып берді.

Құмаш Нұрғалиұлының өмірі мен қызметі туралы қысқаша хабарламаны жасаған Республикалы ғылыми-педагогикалық кітапхананың қызметкері Клара Иманбекова.

«Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз» еске алу кешін жүргізген осы кітапхананың қызметкері Әлия Оразова.

Кітапхана осы кешке арнап Құмаш Нұрғалиұлының өмір жолы мен еңбектеріне арналған «Өмірі өнегелі тұлға» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кешке Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен ғылыми қызметкерлер, кітапхана оқырмандары қатыстып, кештен жақсы әсер алып қайтты.

Елінің еркіндігі үшін от кешкен кешегі майдангер, сан буын ұрпақтың жүрегінен жылы орын тепкен ұлағатты ұстаз, танымал тұлға, оқу-ағарту саласында өшпес із қалдырған ұстаздардың ұстазы – Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды.

 

Презентация

 

Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының  туғанына 90 жыл (29.10.1925 ж. - 27.05.1988 ж.) толуына арналған «Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз» атты еске алу кеші () Изображение №2Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының  туғанына 90 жыл (29.10.1925 ж. - 27.05.1988 ж.) толуына арналған «Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз» атты еске алу кеші () Изображение №3Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының  туғанына 90 жыл (29.10.1925 ж. - 27.05.1988 ж.) толуына арналған «Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз» атты еске алу кеші () Изображение №4Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының  туғанына 90 жыл (29.10.1925 ж. - 27.05.1988 ж.) толуына арналған «Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз» атты еске алу кеші () Изображение №5Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының  туғанына 90 жыл (29.10.1925 ж. - 27.05.1988 ж.) толуына арналған «Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз» атты еске алу кеші () Изображение №6Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының  туғанына 90 жыл (29.10.1925 ж. - 27.05.1988 ж.) толуына арналған «Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз» атты еске алу кеші () Изображение №7Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының  туғанына 90 жыл (29.10.1925 ж. - 27.05.1988 ж.) толуына арналған «Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз» атты еске алу кеші () Изображение №1