Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Кітапхана қорын тексеру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Бухгалтерлiк есеп туралы” Жарлығына сәйкес кiтапхана қорын тексеру мына жағдайларда жүргiзiледi:

  1. Қор үшiн жауапты қызметкер ауысқанда;
  2. Әлденендей бiр табиғи апатқа ұрынған жағдайда, өрт басқа да төтен­ше жағдай болғанда;
  3. Ұрлық фактiсi анықталғанда, құжаттар бүлiнген жағдайда;
  4. Кiтапхана қорын немесе бiр бөлiгiн жалға берген жағдайда;
  5. Кiтапхана қайта құрылған немесе жабылған жағдайда.

Кiтапхана қорын тексеру түрлi тәсiлмен (бақылау талондары арқы­лы, мүлiк кiтабы арқылы) келесi мерзiмдерде жүргiзiледi:

  1. Сейфте сақталатын өте құнды қорлар – жыл сайын;
  2. Өте сирек кездесетiн қорлар – 3 жылда бiр рет;
  3. Құнды қорлар – 5 жылда бiр рет;
  4. Кiтапхана қорының есептiк бiрлiгi 100 мыңға дейiн болса – 5 жылда бiр рет;
  5. Кiтапхана қорының есептiк бiрлiгi 100 мыңнан 200 мыңға дейiн болса – 7 жылда бiр рет;
  6. Кiтапхана қорының есептiк бiрлiгi 200 мыңнан 1 миллионға дейiн болса – 10 жылда бiр рет;
  7. Кiтапхана қорының есептiк бiрлiгi 1 миллионнан астам болса, тек­се­ру жұмыстары кезекпен таңдаулы бөлмелерде жүргiзiлiп, 15 жылдың iшiнде аяқталуы тиiс.

Кiтапхана қоры бар кiтапхананың немесе оның құрылымдық бөлiм­ше­лерiнiң басшысы ауысқанда кiтапхана қорына немесе оның бiр бөлiгiне жүргiзiлген тексеру кезектi тексерiлуге теңеледi.

Тексеру түсiндiрме хат жазылған және жоқ кiтаптардың тiзiмi көр­се­тiлген акт жасаумен аяқталады.

Актiде көрсетiлген тексеру нәтижелерi сақтау комиссиясында немесе қор жөнiндегi басқа алқалы органда қаралады. Шешiм негiзiнде есептен шығару туралы акт бекiтуге берiледi.