Кітапхана тарихыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы педагогикалық бейіндегі бірден-бір салалық кітапхана, отандық оқу және әдістеме әдебиетінің республикалық негізгі қоймасы, білім беру жүйесі кітапханаларын нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуге жауап беретін, білім беру саласының барлық кітапханалары үшін ақпараттық-библиографиялық, ғылыми-әдістемелік және үйлестіру орталығы болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы Қазақ ССР Ағарту министрлігінің 1984 жылғы 24 ақпандағы № 17 «Қазақ ССР Ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасын құру туралы» бұйрығына сәйкес құрылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мәртебесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы қарашадағы № 1754 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мәселелері» (5 тармақ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағына енетін, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме құру: ...8)Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана) қаулысымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 27 наурыздағы № 249 «Қазақстан Республикасы бiлiм жүйесi кiтапханаларының бiрiңғай үйлестiрушi, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық орталығы туралы» бұйрығымен қайтадан бекітілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасынің мақсаттары:
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана ұжымы |