Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Білім беру жүйесінің кітапхана қызметкерлерін аттестациялау

Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары кітапханаларының қызметкерлерін аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 827 «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің кітапханаларына арналған кітапхана ісі жөніндегі құжаттарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастауыш және кәсіби орта, жалпы  орта және жоғары білім беру ұйымдарының басшы қызметкерлері мен мамандарын аттестаттау туралы Ережеге» (Білім беру жүйесінің кітапханаларына арналған  нормативтік-регламенттеуші құжаттар мен әдістемелік құралдар. – Алматы, 2012. – 4-ші басылым, өзгертулермен және толықтырулармен. – 102-112 беттер)  сәйкес жүзеге асырылады.

Аттестаттау туралы осы Ережеге сәйкес:

1) «Білім және ғылым министрлігі жүйесінде жұмыс істейтін кітапхана қызметкерлерін аттестаттау нарықтық қатынастар жағдайында еңбекақы төлеуді саралау жолымен кітапханашылардың кәсіби шеберлігін ынталандыру, шығармашылық бастамасын дамыту және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Аттестаттау кадрларды іріктеуді, орналастыруды және тәрбиелеуді жақсартуға, еңбекақының еңбек нәтижелерімен байланысын қамтамасыз етуге, лауазымдар атауларын  біліктілік талаптармен сәйкестікке келтіруге, қызметкерлердің біліктілігін анықтауда даулы мәселелерді шешуге септігін тигізуі тиіс» (1.1. тармақ,  1, 2 абзацтар).

2) «Аттестаттау  комиссиясы жабық немесе ашық дауыс беру жолымен (дауыс беру рәсімі бойынша шешімді аттестаттау  комиссиясы қабылдайды)  қызметкердің қызметіне мынадай бағалардың бірін береді:

атқаратын қызметіне сәйкес келеді;

анықталған кемшіліктерді жойғанда және комиссияның ұсынымдарын орындап,  бір жылдан кейін қайта аттестаттаудан өткенде атқаратын қызметіне сәйкес келеді;

атқаратын қызметіне сәйкес келмейді» (3.9. тармақ,  1 абзац).

3) «Аттестаттау  комиссиясы жекелеген қызметкерлерді жұмыстағы қол жеткізген жетістіктері үшін көтермелеу, біліктілік санатын арттыру немесе төмендету, еңбекақы төлеу жөніндегі разрядын арттыру немесе төмендету, лауазымдық қызметақыларға (мөлшерлемелерге) қосымшаларды белгілеу, өзгерту немесе алып тастау, ұсыну резервіне енгізу туралы  ұсынымдар бере алады  (3.9. тармақ,  3 абзац) және  «Білім беру ісінің үздіктеріне, сондай-ақ Білім министрлігінің басқа да айырым белгілері бар тұлғаларға  аттестаттау комиссиясы біліктілік сипаттамаларында көзделгеннен бір санат немесе разряд жоғары  тағайындай алады» (3.8. тармақ,  2 абзац).

4) «Жаңа жұмыс орнына, соның ішінде басқа жерге көшуіне байланысты ауысқанда қызметкерге оған бұрынғы жұмыс орнында тағайындалған разрядқа сәйкес еңбекақы төлеу деңгейі белгіленеді» (4.5 тармақ).

Ескертпе: ---

* * * *

Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары кітапханаларының қызметкерлерін аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 827 «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің кітапханаларына арналған кітапхана ісі жөніндегі құжаттарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің бастауыш және кәсіби орта, жалпы  орта және жоғары білім беру ұйымдарының басшы қызметкерлері мен мамандарын аттестаттау туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған бұйрықтың 2 «Аттестаттауды өткізу мерзімдері мен аттестаттау комиссиясының құрамы» бөлімінің 2.3-2.6 тармақтарында:

2.3. Жалпы орта білім беру ұйымдарының кітапханашыларын аттестаттау үшін  аттестаттау комиссиясы аудандық (қалалық) білім беру басқармасында/бөлімінде ұйымдастырылады.

2.4. Білім беру жүйесі кітапханаларының аттестаттау комиссияларының құрамы білім беру ұйымдары басшылары (комиссия төрағалары құқығымен)  қатарынан,  кітапхана ісі жөніндегі жоғары білікті мамандардан және қалауы бойынша тиісті кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінен құрылады.

2.5. Аттестаттау комиссияларының дербес құрамы мен аттестаттауды өткізу күні білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

2.6. Аттестаттауды өткізу мерзімдері мен кестесі аттестаттау өткізілерден бір ай бұрын мерзімнен кешіктірілмей аттестатталатын қызметкерлердің назарына  жеткізіледі».