Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімшесі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімшесі кітап қорындағы әдебиеттерді оқырмандардың барлық категорияларына еркін пайдалану және ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында сапалы қызмет көрсетеді

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана оқу залы мен абонементте оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Кітапхана оқырмандары: ғылыми қызметкерлер, жоғары және арнаулы кәсіптік техникалық оқу орындары оқытушылары, орта мектептің мұғалімдері, мектеп жасына дейінгі мекеме қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер тағы басқалары.

Абонементте пайдаланушыларға дәстүрлі (алфавиттік және жүйелік каталог) және электрондық анықтамалық-іздеу аппараты, жүйелік каталогтың алфавиттік-пәндік көрсеткіші, авторефераттар (1951 жылдан) мен диссертациялар (1994 жылдан) каталогы, дәстүрлі «Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы білім беру ісі және педагогика», «Мақалалардың жүйелі картотекасы», «Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі және педагогика», «Өлкетану» картотекалары және электрондық «Қазақстандағы білім беру ісі және педагогика», «Өлкетану», «Педагогика» «Жаңа кітаптар» дерек базалары кеңінен пайдалануға берілген.

Жыл сайын оқырмандарға қызмет көрсету бөлімшесі ғылыми-библиография бөлімшесімен бірлесіп, білім беру саласы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына арналған тақырыптық кештер, әдеби-сазды кештер, кездесу кештерін өткізеді, атаулы және жадынамалы даталарға арналған тақырыптық көрмелер ұйымдастырады, тоқсан сайын жаңа әдебиеттердің ашық кітап көрмесін өткізеді.

Кітапхананың оқу залында пайдаланушылардың анықтамалық, энциклопедиялық басылымдарды ашық пайдалануға мүмкіндік берілген.

Сонымен қатар, кітапхананың оқу залында пайдаланушыларға Интернетке енуге және персоналды компьютерді қолдануға жағдай жасалған.

Кітапхана пайдаланушыларына құжаттарды көшірмелеу, принтерден басып шығару секілді қосымша қызметтер көрсетіледі.

  

Қоянбаева Әсел Бақытқызы

Бөлімше басшысы
Қоянбаева Әсел Бақытқызы
Байланыс телефоны: 8 (727) 291-61-88