Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Кітапханалық-ақпараттық процестерді автоматтандыру бөлімшесі

Бөлімше өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

1. РҒПК-нің электронды ресурстарының толықмәтінді деректер базаларын сапалы іріктеуді, толықтыруды, өзекті күйде ұстап тұруды және тиімді пайдаланылуын ұйымдастырады.

  • Интернеттен еркін пайдаланылатын құжаттарды заңды түрде пайдалануға алу;
  • Аппараттық-бағдарламалық құрылғылар – мәтіналғыларды (сканерлерді) пайдалану арқылы РҒПК қорында бар іріктелген дәстүрлі баспа басылымдарын авторлық құқықтарды сақтай отырып сканерлеу;

2. Кітапхананың көлемді дискілері бар сервердегі электронды түрге ауыстырылған ақпарат жиымдарын орналастыруды және сақтауды, сондай-ақ сенімділік үшін ақпаратты CD және DVD дискілерге ауыстыруды қамтамасыз етеді.

3. РҒПК жергілікті компьютерлік желісін дамыту және қолдау, ақпараттарды вирустардан және рұқсатсыз кіруден қорғау.

4. «MARK SQL» автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесін техникалық қамтамасыз ету.

5.  Кітапхананың бірыңғай автоматтандырылған технологиялық кешенінің бір бөлігі болып табылатын ҚР ОАМ РҒПК веб-сайтын әзірлейді және ұдайы жаңартып отырады.

6. ҚР ОАМ РҒПК веб-сайтында ауани (виртуалды) кітап көрмелерін, әдебиеттер қарауды ұйымдастырады және орналастырады.

7. Компьютерлік технологияларды және Интернет электрондық ресурстарын пайдалана отырып, ҚР ОАМ РҒПК қызметі туралы өзіндік жарнама өнімдерін (буклеттер, проспектілер, жадынамалар және т.б.) әзірлейді.

8. ҚР ОАМ РҒПК-нің электрондық құжаттарына (электронды каталогтар, деректердің толық мәтінді базалары және т.б. ақпараттар) жедел, тиімді әрі сапалы қатынауды қамтамасыз етеді:

- ішкі, ҚР ОАМ РҒПК оқу залындағы кітапхананың жергілікті торабы арқылы;

- сыртқы қашықтан, on-line ҚР ОАМ РҒПК веб-сайт арқылы.

9. Оқырмандарға қызмет көрсету және ғылыми-библиографиялық бөлімшелерімен бірлесіп: 

1) сыртқы қашықтан пайдаланушыларға on-line режімінде:

  • құжаттарды жедел электронды жеткізу;
  • ауани (виртуалды) анықтама-библиографиялық қызмет;

2) ішкі пайдаланушыларға құжаттарды сканерлеу жөнінде қосымша қызметтер ұсынуды ұйымдастырады.

10. Кітапхана процестерін автоматтандыру, инновациялық ақпарат технологияларын пайдалану мәселелер бойынша ішкі кітапханалық ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады:

  • бөлімше жұмысының мониторингін жүйелі түрде жүргізеді;
  • бөлімшенің бейініне сәйкес біліктілікті көтеру шараларына (ай сайынғы өндірістік оқуға, апта сайынғы мерзімді баспасөз шолуына, кітапхана конференцияларына, семинарларына, дөңгелек үстелдерге, таныстырылымдарға, біліктілікті көтеру курстарына және т.т.) қатысады;
  • білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін көтеру курстарында сабақтар жүргізеді (дәрістер оқу, практикалық сабақтар, іскерлік ойындар және т.т.); 
  • баспа басылымдарына мақалаларды жариялайды.

11. Бөлімшенің электрондық құжаттар қорын, көшірме техникаларының сақталуын, өрт қауіпсіздігін және санитарлық-гигиеналық режимін қамтамасыз етеді.

 

Бөлімше басшысы
Оразова Әлия Солтанмахмутқызы
Байланыс телефоны: 8 (727) 291-61-88