Әдебиеттерді жинақтау бөлімшесіҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми - педагогикалық кітапханасы қоры жыл сайын мемлекеттік сатып алу тәртібіне сәйкес педагогика және білім беру саласы әдебиеттерімен, республика жоғары оқу орындары еңбектерінің міндетті данасын алумен, сыйға берілген әдебиеттермен, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылып жатқан кітаптармен, дәстүрлі басылымдағы және электрондық таралымдағы ақпараттармен, сонымен қатар мерзімді басылымдарға жазылу жолдарымен толықтырылады. Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана қорды әдебиеттермен толықтыруда республика кітап-саудасы нарығында бар бүкіл педагогика және білім беру саласы өнімдерін алуға ұмтылады. Қорды толықтырудың негізгі көздері:
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының қорының жалпы көлемі 200 мыңнан астам дананы құрайды.
|