Әдебиеттерді ғылыми өңдеу бөлімшесіҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасы қорының мазмұны дәстүрлі анықтамалық-іздеу аппараты арқылы, яғни алфавиттік және жүйелік каталогтар, жүйелік каталогтың алфавиттік-пәндік көрсеткіші, диссертациялар (1994 жылдан) мен авторефераттардың (1951 жылдан) дәстүрлі және электрондық каталогтары, сонымен қатар кітапхананың барлық қоры жинақталған электрондық каталогы арқылы ашылады. Әдебиеттер кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестесі (КБЖ-ББК) бойынша жүйеленеді және сөрелерде орналасады. РҒПК электрондық каталогындағы библиографиялық деректер базасы «Информ-система» ғылыми өндірістік бірлестігі (Ресей Федерациясы) құрастырған «МАРК-SQL» автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. РҒПК электрондық каталогтар құрылымы төмендегідей библиографиялық деректер базасынан тұрады:
|