Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

2024 жылғы ағымдағы кезеңде Ақпан айындарында жарыққа шыққан ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер бойынша дайджесттер

АҚШ-та топ жарған жеңімпаз // Aiqyn. – 2024. – 20 қаңтар. – 16 б.
Қазақстандық Кирилл Герасименко АҚШ-та үстел теннисінен өткен WTT Feeder Corpus Christi 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Астанада робототехника чемптонаты өтеді // Aiqyn. – 2024. – 13 ақпан. – 8 б.
Биыл ақпанның 23-25-і Астанада Central Asia FIRST Championship ресми чемпионаты өтеді. Оған әлемнінің 10 елінен 3 000-нан астам оқушы қатысады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігініің баспасөз қызметі хабарлады.

АханбайқызыА. "Айбоз" жеңімпаздары /А.Аханбайқызы //EgemenQazaqstan. – 2023. – 15 желтоқсан. – 3 б.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен биыл екінші рет ұйымдастырылған республикалық "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығының қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ғимаратында өтті.

Аханбайқызы А. Балалар басылымы: Кешенді бағдарлама әзірленбек / А. Аханбайқызы // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 15 қаңтар. – 3 б.|
Балалар басылымының балаларға қолжетімді болуын қадағалап, стратегиялық жоспар құрып, осы саладағы өзекті мәселелерге ден қойған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыдағы «Достық» үйінде «Қазақстан балалары және шығармашыл интеллигенция» атты сала өкілдерімен кездесу өткізді. Балалар тақырыбындағы өзекті жиынға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та арнайы қатысты. Қос министр елдегі балалар басылымдарына қатысты мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады.

Әлиман Ж. Ұлттық музейге тапсырылды / Ж. Әлиман // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 26 желтоқсан. – 12 б.
Әлем таныған қазақ балуаны, Ұлы даланың біртуар перзенті, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары 111 жылдан соң Астанадағы Ұлттық музейге тапсырылды. Бұған дейін қолдан-қолға өтіп келген қанжарды әлем жұртшылығын таңғалдырған балуанға 1912 жылы Ыстанбұлдың әкімі Шағыр паша сыйлаған көрінеді.

Базар Ж. Оқушының 3D модельді домбырасы / Ж. Базар // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 1 желтоқсан. – 16 б.
Семей қаласындағы №44 мектептің 8-сынып оқушысы Жігер Бақытбеков 3D домбыра макетін жасады.

Базар Ж. Әйгілі Карич қоры сыйлығын алды /Ж.Базар // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 5 желтоқсан. – 20 б.
Сербияның Белград қаласында Димаш Құдайбергенге Ағайынды Карич қоры сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Базар Ж. Димаш әйгілі телешоуда қазылық етеді / Ж. Базар // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 16 желтоқсан. – 20 б.
Танымал әнші, қазақтың бренді, мақтанышымыз Димаш Құдайберген "Виртуози" телешоуында атақты тенор Пласидо Домингомен бірге қазылар құрамына енгенін мақтанышпен жазды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

Байтұрсынұлы Д. Балалар басылымдарына мектептер есік ашты /Д.Байтұрсынұлы //Qazaqstan dauiri. – 2024. – 22 ақпан. – 1,10 б.
"Қазақстан балалары және шығармашыл интеллигенция" деген тақырып аясында өткен шара барысында 28 балалар басылымының редакторлары өздерінің газет-журналдары туралы ақпарат беріп, ерекшеліктерін таныстырды. Шараны ОА Министрлігіне қарасты РҒПК ұйымдастырып, кітапхана директоры Ә.Ш. Сайдембаеваның басшылығымен жұмыс басталып кетті.

Байтұрсынұлы Д. Балалар басылымдары Астанада бас қосты /Д.Байтұрсынұлы //Qazaqstan dauiri. – 2024. – 29 ақпан. – 1,8 б.
Астана қаласында 26 ақпан күні балалар басылымдары мен Астана мектептерінің директорлары, орынбасарлары, кітапханашыларымен "Шығармашыл интеллигенция - Қазақстан балаларына" атты кеңейтілген кездесу жиналысы қалалық №59 мектепте өткізілді. Жиналысты ұйымдастырған - Оқу-ағарту министрлігі. Жұмысты атқарып отырған - Алматы қаласында орналасқан (Асқаров көшесі, 47Б) Оқу-ағарту министрлігіне қарайтын Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана.

Бас жүлдені жеңіп алды // Aiqyn. – 2023. – 21 желтоқсан. – 8 б.
Будапештте өткен шайбалы хоккейден жастар арасында IA дивизионының әлем чемпионаты аяқталды. Жаһандық додада бақ сынаған Қазақстан жастар құрамасы мерзімінен бұрын біріншіліктің бас жүлдесін жеңіп алды.

Бейсембаев Ғ. Білім беру жүйесі - еліміздің ең ірі салаларының бірі / Ғ. Бейсембаев// Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 26 желтоқсан. – 1 б.
Бүгінгі таңда Оқу-ағарту министрлігінің құзыретінде 22 мың білім беру ұйымы бар. Бұл 11 мың балабақша, 8 мың мектеп, 800 колледж, 7 миллион бала мен 500 мыңнан астам педагог. Сондықтан жүйені үздіксіз сапалы дамыту ведомствоның маңызды міндеті болып табылады.

Бауыржанқызы А. UNAI ҰБТ-ға дайындайды /А.Бауыржанқызы // Aiqyn. – 2024. – 17 ақпан. – 11 б.Алматылық студент Нұрдаулет Байханов ойлап тапқан UNAI мобильді қосымшасы бұл мәселені оңтайлы шешуге көмектеседі. Оның су жаңа жобасы кез келген сыныпта оқитын мектеп оқушысының өз білімін тегін сынап көруіне мүмкіндік береді.

Бауыржанқызы А. Дарынды ұлға – даңғыл жол /А.Бауыржанқызы // Aiqyn. – 2024. – 17 ақпан. – 11 б.
Қазақстандық оқушыға әлемнің сегіз университетінен шақырту келіп түсті. Алексей Ким Шымкент қаласындағы №8 мамандандырылған гимназияда оқиды. 17 жастағы жеткіншек халықаралық және республикалық білім байқауларының жеңімпазы. Сабақтан бос уақытында спортпен және волонтерлік іспен шұғылданады.

Бауыржанқызы С. Қолғанат құрылғы қазақша «сөйледі» /С. Бауыржанқызы // Aiqyn. – 2024. – 23 қаңтар. – 8 б.
Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Диана Хашимова зағип жандарға арналған есту құрылғысын ойлап тапты. Құрылғыны пайдаланып көрген қарттар оқушының жұмысына дән риза. Талдықорған NIS робототехника пәнінің мұғалімі Николай Авдюнин сәтті шыққан Диананың жұмысын ерекше бағалап, еліміздегі қазақ тілінде сөйлейтін алғашқы құрылғы екенін атап өтті.

Димаш шекарашы курсанттармен кездесті // Aiqyn. – 2024. – 20 ақпан. – 6 б.
Аты әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясына барып, курсанттармен кездесті. Алтын дауысты әншіні академия бастығының бірінші орынбасары, полковник А.Исмаилов және басшылық құрам қарсы алды.

Дубайдағы скрипкашылардың жеңісі //Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 27 ақпан. – 8 б.
Біріккен Араб Әмірліктерінде бір ай бойы Middle East Classical Academy (MECA) ауқымды білім беру жобасы ұйымдастырылды. Беделді конкурсқа білім берудің құрметті қызметкері және «Павлодар облысының білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері Яна Оганесовна Касьянның жетекшілігімен павлодарлық скрипкашылар қатысты.

Еліміздің 100 педагогі салтанатты түрде марапатталды // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 26 желтоқсан. – 12-13 б.
Астанада "Педагогикалық идеялар панорамасы - 2023" бейнесабақтар мен бейнедәрістер республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Оған 1000-нан аса педагог қатысып, 100-і ақшалай сыйақыға ие болды.

Екі миллион оқушы асық ойнады //Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 21 қараша. – 2 б.
Өткен аптада еліміздегі 7000-нан астам білім беру ұйымында бір мезетте "Алтын сақа" ұлттық ойындардың республикалық челленджі өтті. Елордалық оқушылардың сайысына Ғ. Бейсембаевта қатысты.

Екінші қалалық математикалық сайыстың жеңімпаздары // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 5 желтоқсан. – 11 б.
Алматы қалалық білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жстарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылғы бастау алған Қазақстанның Еңбек Ері, "Алтын жұлдыз", "Отан" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аягүл Миразова атындағы II қалалық математикалық олимпиада №178 мамандандырылған лицей базасында ұйымдастырылды.

Есенжол А. "Scopus Awards-2023" сыйлығының иегері /А.Есенжол // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 15 қараша. – 9 б.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және ғылымды қажет ететін технологиялар институтының директоры Қайрат Күтербеков "Scopus Awards-2023" халықаралық сыйлығымен марапатталды.

Есенжол А. «Күлтегін» жырын жатқа біледі /А.Есенжол // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 20 қараша. – 16 б.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курс студенті Серік Қалдан көне "Күлтегін" жырын жатқа айту байқауының жеңімпазы болды.

Ең ірі робототехника чемпионаты // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 20 ақпан. – 5 б.
Ақпан айының 23-25 күндері аралығында елордада Central Asia FIRST Championsip ресми чемпионаты ұйымдастырылады. Оған әлемнің 10 елінен 3000-нан астам оқушы қатысады. Қатысушылар арасында көптеген мемлекеттерден командалар, оның ішінде Гонконг, БАӘ, Түркиядан келетін оқушылар бар. Қазақстанды іріктеу чемпионаттары барысында квота алған 200 команда таныстырады.

Жалғасбай Е. QazaqGPT - Сырбойылық оқушының өнертабысы /Е.Жалғасбай // Aiqyn. – 2024. – 10 ақпан. – 16 б.
Қызылорда облысы, Сырдария ауданының 11 сынып оқушысы Асылжан Абдуллаев тынымсыз еңбегінің нәтижесінде жасанды интеллект жүйесін қазақша бейімдеп, айды аспанға бірақ шығарды. Бүгінде QazaqGPT деп атаған бағдарламасын 2000 мыңнан астам адам өз қажетіне пайдаланыпта үлгерген.

Жас шахматшы әлем чемпионатына барады // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 6 ақпан. – 16 б.
Ақтөбе қаласындағы №47 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Аманжол Ханзада шахматтан 6,8,10,12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында алтын медаль иегері атанып, әлем чемпионатына жолдама алды.

Жаңа мектептер мен жатақханалар, білім беру гранттары мен шәкірт ақыларды көбейту // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 26 желтоқсан. – 4-5 б.
Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда.

Жұмабай Н. "Большая операның" жеңімпазы / Н. Жұмабай // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 3 қаңтар. – 12 б.
«Астана опера» театрының жас солисі Дінмұхамед Көшкінбаев Ресейдің «Культура» арнасындағы кәсіби опера әншілерінің «Большая опера» халықаралық телевизиялық жобасында жеңіске жетті. Дарынды вокалист кәсіби қазылар алқасын таңғалдырып, телеарна көрермендерінің жүрегін жаулады.

Жұмашбай Ә. Шымкенттен қос чемпион шықты /Ә.Жұмашбай // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 8 желтоқсан. – 15 б.
Шымкенттік ару Айсұлу Мұхит бокстан әлем чемпионы атанды. Осы спорт түрінен Армения астанасы Ереванда ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы чемпионатта қазақ қызы алтын медаль иеленді. 66 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшымыз ақтық айқаста румыниялық Амалия Тугуяны 3:2 есебімен жеңіп шықты.

Жүнісхан А. Көмекші білезік /А.Жүнісхан // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 4 желтоқсан. – 10 б.
Науқасқа дер кезінде тиісті көмек көрсетілмесе, қайғылы жағдайға алып келуі әбден мүмкін. Дәл осы мақсатта С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 6-курс студенті Аружан Қалиханова "көмекші білезік" ойлап тапты.

Жүнісхан А. Электронды жетекші /А.Жүнісхан // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 4 желтоқсан. – 10 б.
Абай облысы Аягөз ауданының мұғалімдері көру қабілеті нашар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға пайдалы өнім ойлап тапты. "Электронды жетекші" деп аталатын құрылғы күнделікті өмірде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп, әртүрлі жарақаттардың алдын алады.

Заманауи мектепті басқару: трендтер және келешек // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 6 ақпан. – 8 б.
Ақпан айының 1-інде "Заманауи мектепті басқару: трендтер және келешек" тақырыбында ел аумағындағы мемлекеттік мектеп директорларының кезекті форумы ұйымдастырылды. Бұл бірегей басқосуда орта, қосымша, инклюзивті және арнайы білім беру, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесінің өзекті мәселелері талқыланды. Жиынға Абай, Ұлытау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының 800-ге жуық мектеп басшысы қатысты.

Индонезиядан олжалы оралды // Aiqyn. – 2024. – 16 қаңтар. – 8 б.
Қазақстандық оқушылар Индонезияда өткен робототехника чемпионатында 7 жүлдеге ие болды. Депок қаласында FIRST Tech Challenge робототехника бойынша ашық ойындар өтті.

Көзі нашар көретіндерге арналған құрылғы // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 5 желтоқсан. – 4 б.
Жергілікті дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары Тұрғын Іңкәр, Егеубай Айкөркем және Бердібек Мақпал "брайль принтері" қағидаты бойынша жұмыс істейтін "Kaz Braille" құрылғысын жасап шығарды. Көзі нашар көретін жандарға арналған бұл принтердің ерекшелігі сол, тікелей қазақ тілінде дыбысталып жұмыс істейді.

Көшербайұлы Ж. Артем жинаған ақша /Ж.Көшербайұлы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 12 желтоқсан. – 16 б.
Атыраулық оқушы Артем Кероков №17 мектеп-лицейінің 7-сыныбында оқиды. Ол әр елдің ақшасын жинауды ұнатады. Қазір оның жеке қорында 80 мемлекеттің банкноты бар. Өйткені ол тек Қазақстанның ғана емес, өзге елдердің ақшаларын жинаған.

Күміс медаль жеңіп алды // Aiqyn апта. – 2023. – 9 желтоқсан. – 16 б.
Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Хорватияның Сисак қаласында өткен Golden Spin of Zagreb-2023 додасында күміс жүлдеге ие болды.

Қазақ ханының портретін сөйлетті // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 28 қараша. – 3 б.
Ақтөбе облысының Хромтау қаласындағы №3 орта мектептің 6-сынып оқушысы Жомарт Азаматұлы ойлап тапқан құрылғысының арқасында Тәуке ханның портретін сөйлетті. Өнертабыстың ерекшелігі сонда, ол Тәуке хан тұсында Қазақ хандығында қабылданған "Жеті жарғы" заңын баяндайды.

Қасымжанұлы С. "Сатылмайтын Алпамыс" / С.Қасымжанұлы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 12 желтоқсан. – 11 б.
Нұрали Амангелдиев Бородулиха ауданы Жезкент кенті мектеп-лицейінің 8-сыныбында оқиды. Жаңалыққа жаны құштар жас өрен жақында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын "Сатылмайтын Алпамыс" атты компьютерлік ойын жобасын әзірлеп, жұртты елең еткізді.

Қордабай Е. Ұлттық ректорлар мектебі / Е.Қордабай // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 7 желтоқсан. – 8 б.
Елордада "Uittyd Ustaz" онлайн академиясының ұйымдастыруымен "Университеттердің жаңа үлгілері. Version 5.0" тақырыбында "Ұлттық ректорлар мектебі" семинары өтті. Жоғары білім саласындағы маңызды іс-шара осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Қайратұлы Ф. IT-қызметтер 85 елге экспортталды /Ф. Қайратұлы //Egemen Qazaqstan. – 2024. – 29 қаңтар. – 1,14 б.
АҚШ-та (Сан-Франциско, Калифорния) өткен ең ірі халықаралық Tech­Crunch Disrupt 2023 конфе­рен­­ция­сында Орталық Еуразия­­ның ­14 стартапы таныстырылды. Astana Hub аксе­­лера­ция бағдарламалары­ның түлек­­­тері.

Құттымұратұлы Қ. "Мұғалімге көмекші робот" жасады /Қ.Құттымұратұлы //Egemen Qazaqstan. – 2023. – 17 қараша. – 20 б.
Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары - Жомарт Кәрім, Әлім Оспанов және Жәңгір Жармұхамбетов мектеп мұғаліміне көмекші болатын роботтың жобасын жасап шықты.

Қытайда Димаштан кейін "Достық елшісі" марапатын алған қазақ қызы /сұхб. Ә.Тілеужанқызы // Turkistan. – 2024. – 12 қаңтар. – 8 б.
Қытайдың Буыршын ауданында туып-өсіп, кейін 2007 жылы Қазақстанға қоныс аударған Әлинұр Жеңіс – аспан асты елінде та­нымал тұлға. Екі ел арасындағы достықты нығайтуға үлес қосқаны үшін «Достық елшісі» наградасымен марапатталған. Әлинұрға дейін ол марапат Димаш Құдайбергенге берілген Әлинұр Жеңіспен сұхбат.

Мажарстаннан – бес алтын // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 22 қаңтар. – 16 б.
Қазақстанның ерлер құрамасы Дебреценде (Мажарстан) өткен Иштван Бочкайды еске алу боксы бойынша халықаралық турнирде бес алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz. Өз салмақ дәрежесінде Асхат Жүсіпов (48 кг), Асылжан Серікбай (57 кг), Бийбарс Жексен (60 кг), Ертұған Зейнуллинов (63,5 кг) және Ерасыл Жақпеков (80 кг) чемпион атанды.

Математиканы модельдеу маманы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 22 қараша. – 8 б.
Болыс Сәбитбек - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің түлегі. "Болашақ" бағдарламасымен Атлантада Georgia Institute of Technology магистратурасында аэроғарыш инженериясы мамандығы бойынша білім алған. Heidelberg Laureate Forum грантының жеңімпазы. Қазіргі кезде Лондондағы Queen Mary университетінде ғылыммен айналысып, постдокторантурада сабақ беріп жүр.

Мүсілім Ж. "Umai" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары / Ж. Мүсілім // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 25 желтоқсан. – 3 б.
Өнер саласындағы біртуар қайраткерлердің есімін анықтап, отандық мәдениеттің дамуына және ілгерілеуіне ықпал ететін "Umai" ұлттық сыйлығының биылғы жеңімпаздары белгілі болды. Елорда төріндегі "Астана Опера" театрында өткен "Umai-2023" ұлттық сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсіміне Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет майталмандары қатысты.

Мектеп кітапханашысының жалақысын көтеру керек // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 26 желтоқсан. – 2 б.

Назарбек Н. Өмірді құтқаратын өнертабыс /Н.Назарбек // Aiqyn. – 2024. – 30 қаңтар. – 8 б.
Соңғы жылдары адамдардың түрлі жағдайда газ бен түтіннен улану оқиғасы жиіледі. Осындай жағдайға жол бермеу үшін Түркістан облысы Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушылары Ерсат Әнуар мен Әлғани Сералы газ бен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапқан.

Нью-Йоркте әуелеген әуен // Aiqyn. – 2023. – 21 желтоқсан. – 8 б.
Нью-Йоркте жас таланттар өнер фестивалі өтті. Оған еліміздің атынан "Әлқисса" домбырашылар ансамбілі мен жеке домбырашы Нұрлан Маратұлы қатысып, бас жүлдені қанжығалады.

Оқушыларға арналған ID-карта мүмкіндіктері // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 29 қараша. – 2 б.
Карта арқылы мектепке кіру, оқу материалдарының қолжетімділігі мен асханада тамақтану мүмкіндіктері қамтылған жүйе қанатқақты режімде елордалық №95 мектеп-лицейінде енгізілген еді. Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға оқушыларға арналған ID-карталар іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні көрсетілді.

Оқушылар музейге тегін кіреді // Aiqyn. – 2024. – 25 қаңтар. – 8 б.
24 қаңтардан бастап мектеп оқушылары үшін Алматы музейлеріне кіру тегін болады. Бұл оқу процесін байытып қана қоймай, балаларды мәдениетке, өнерге және тарихқа деген терең қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.

Ресейде қазақтілді телеарна ашқан тұңғыш қазақ /сұхб. Ә.Тілеужанқызы // Turkistan. – 2023. – 17 қараша. – 1,8 б.
Алтай Республикасында (Ресей) қазақ көп тұратын Қосағаш ауданында алдымен ауыл әкімі, сосын аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған, "Ұлы Жібек жолы" газеті мен "Қосағаш-ТВ" телеарнасын ашқан, Ерболат Бөленханұлымен сұхбат.

Рысбай Е. Алматыға жеңімпаздар келді /Е.Рысбай // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 28 қараша. – 12 б.
Монтесилвано қаласында өткен шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық спортшылар 3 жүлделі орынмен оралды. Оның ішінде 1 күміс және 2 қола медаль. 14 жасқа дейінгі қыздар арасында күміс жүлдені алматылық Эльназ Қалиахмет қанжылады.

Сала жетекшісінің азаматтарды жеке қабылдауы // Білімді ел= Образованная страна. – 2024. – 6 ақпан. – 2 б.
Азаматтарды қабылдау орталығында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңірлердің тұрғындары өз сұрақтарын офлайн және онлайн форматта қоюға мүмкіндік алды.

Сарша Н. Қаламгерден шыққан сөз /Н.Сарша // Aiqyn. – 2024. – 11 қаңтар. – 8 б.
Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кітап саласын дамытуға ерекше тоқталып отандық кітап өнімдерін шығаруды арттыру бойынша нақты міндеттер қойған еді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігі 2022 жылы 506 мың дана таралыммен 188 әдеби туындыны жарыққа шығарса, 2023 жылы 295 мың дана таралыммен 101 әдеби кітап шығарған.

Сегізінші сынып оқушысының кітабы Түркияда жарық көрді // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 24 қараша. – 11 б.
Мақтаарал ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы №26 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 сынып оқушысы Дінмұхаммед Нұрғалиұлының "Зузу мен Куку" ертегісі түрік тіліне тәржімаланып, жеке кітап болып жарық көрді.

Семейлік оқушылардың сейсмограф құралы // Білімді ел= Образованная страна. – 2024. – 13 ақпан. – 9 б.
Облыс орталығындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның 9-сынып оқушылары Айжан Жұмабекова мен Шұғыла Уалхан тұрмыстық қалдықтардан сейсмограф құралын ойлап тапқан. Құралды сейсмикалық қауіпті аймақтарда, жаңадан басталған құрылыс нысандарында қолдануға болады.

Серікқызы Э. АҚШ-тан жеңіспен оралды /Э.Серікқызы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 27 қараша. – 11 б.
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIC оқушылары АҚШ-та өткен "Yale Tournament of Champions-2023" жаһандық академиялық сайыстың жеңімпазы атанды.

Сүлеймен Ғ. Жапониядан 10 жүлдемен оралды /Ғ.Сүлеймен // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 7 желтоқсан. – 16 б.
Парадзюдодан Токиода аяқталған Гран-при турнирінде Қазақстан құрама командасы 10 жүлдеге қол жеткізді. Оның 1-уі - алтын, 4-уі - күміс және 5-уі - қола медаль.

Токиода қазақ фильмі көрсетілді // Aiqyn. – 2023. – 26 желтоқсан. – 8 б. Жапонияда қазақ режиссері Елдар Қапаровтың "Соғыс тұтқыны" фильмінің тұсаукесері өтті.

Төңкер Е. Пенсильваниядан бұйырған грант /Е.Төңкер // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 10 қараша. – 9 б.
АҚШ-тағы Пенсильвания университеті отандық 19 студентке 1 млн 300 мың доллар сомасында грант бөлді.

Тілегенұлы Н. Білімімен ерекшеленген жігерлі жанға бір миллион теңге / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 5 желтоқсан. – 1 б.
"Amanat" партиясының қолдауымен елордада Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған 14-ші кезектегі "Жан шуақ" қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылған болатын. "Мүгедектігі бар адамдардың ғылым мен білім беру қызметін дамытуға қосқан үлесі және оқуға талпынысы үшін" аталымы топжарған Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы Тастұмсық ауыл тұрғыны, мамандығы мұғалім Мейірхан Топанбайға биылғы жылдың арнайы сыйлығын Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаев табыстады.

Тілегенұлы Н. Жасанды интеллект саласында озық болу қажет / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 19 желтоқсан. – 1 б.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев желтоқсан айының 15-інде елордадағы №96 мектеп-гимназияға арнайы барып, заманауи білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Президентке білім ошағындағы оқу-тәрбие жұмыстарының барысы баяндалып, бұл жаңа ғимараттың жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынғаны айтылды.

Тілегенұлы Н. Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі енгізілуі қажет / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 20 ақпан. – 2-3 б.
Ақпанның 14-інде Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің кеңейтілген бірлескен алқа отырысы ұйымдастырылды. Бұл бірегей бас қосуға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Т.Дүйсенова, Парламент депутаттары, салалық ведомстволар, білім басқармаларының басшылары, ұстаздар, сарапшылар мен саланың өзге де мамандары қатысты.

Тілегенұлы Н. 165 ауыл мектеп оқушысы жүлдегерлер атанды / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 13 ақпан. – 10 б.
Астанада қаңтар айының 25-і күні қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Қорытынды кезеңге барлығы 500-ге жуық оқушы қатысты. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған 1-ші республикалық олимпиадада еліміздің шалғай жерлерінен келген 165 бала жүлдегер атанды. Олар 83 қола, 49 күміс және 33 алтын жүлдені жеңіп алды.

Уатхан А. NAQYL SOZ тілдік қорды байытады /А.Уатхан // Aiqyn. – 2024. – 22 ақпан. – 8 б.
Қазір технология дәуірі белгілі. Сәйкесінше, бұл ғасырдың жастары да шеттерінен өнертапқыш. Оған Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері Алуа Едігеева мен Азиза Жақыпбектің жұмыстары дәлел. Аталмыш мектептің оқушылары заманауи талапқа сай келетін Naqyl soz қосымшасын ойлап тапқан.

Үздік аттестатқа үміткердің шет елдік гранты // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 20 ақпан. – 10 б.
Ақтау қаласы бойынша №13 гимназиясының 11 "Ә" сынып оқушысы, үздік аттестатқа үміткер Сапар Диляра Шанхайдағы Нью-Йорк университеті - Қытай мен Нью-Йорк университеті арасындағы ынтымақтастықта құрылған алғашқы халықаралық қытай-американ университетінің грантын жеңіп алды.

Абдыкаимова М. Евразийская конференция академических библиотек – 2023: смена парадигмы в образовании и новые задачи вузовских библиотек / М. Абдыкаимова // Kitap patshalygy.qz. – 2023. – № 4. – С. 47-55.
Мероприятие прошло на базе библиотеки Назарбаев Университета в г.Астана 19-20 октября 2023 г. Конференция была посвящена такой тематике, как участие академических библиотек в реализации парадигмы "Образование 5.0", основным содержанием которой является гуманизация процесса обучения студентов с фокусом на их духовное и эмоциональное развитие с использованием современных информационно-коммуникационных технологий; применение технологий "искусственного интеллекта" в библиотечной практике; участие библиотек в реализации Целей устойчивого развития Местной повестки ООН до 2030 года.

Алиаскар А. Өрлеу торжественно наградил 100 педагогов страны / А. Алиаскар; Национальный Центр повышения квалификации "Өрлеу" // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 26 желтоқсан. – С. 14-15.
В Астане подвели итоги республиканского конкурса видеоуроков и видеолекций "Панорама педагогических идей-2023". В нем приняли участие более 1000 педагогов, из которых 100 получили денежные вознаграждения.

Алмазов Р. Любимец взрослых и детей / Р.Алмазов // Казахстанская правда. – 2024. – 18 января. – С. 12.

В Национальной библиотеке РК открылась книжная выставка «Балалар әдебиетінің бәйтерегі», посвященная творчеству известного детского писателя, поэта и сценариста Бердибека Сокпакбаева. Мероприятие организовано в рамках республиканской акции «Одна страна – одна книга». В этом году со дня рождения автора знаменитой повести «Меня зовут Кожа» исполняется 100 лет. Празднование его юбилея включено в Календарь памятных дат ЮНЕСКО на 2024 год. В Казахстане республиканская акция «Одна страна – одна книга» проводится с 2007 года.

Алмазов Р. Развивать книжную индустрию / Р. Алмазов // Казахстанская правда. – 2023. – 23 ноября (224). – С. 3.
В Алматы открылась ХІ Международная книжная и полиграфическая выставка «По Великому шелковому пути-2023». Выставка проводится в целях содействия широкому распространению современных книг в Казахстане, укрепления отечественной книжной сферы, позиций национальных производителей на отечественном книжном рынке, а также внед­рения новейших технологий в полиграфию, книгоиздание и книгораспространение. На втором заседании Национального курултая в Туркестане Глава государства Касым-Жомарт Токаев акцентировал внимание на развитии книжной индустрии. Президент поставил конкретные задачи по увеличению выпуска отечественной книжной продукции. По заказу государства в 2022 году министерством было издано 188 литературных произведений тиражом 506 тысяч экземпляров. В 2023 году будет издано 101 произведение тиражом 295 тысяч экземпляров. В рамках проекта «Жаңа қазақ әдебиеті» мы выпускаем произведения, которые ранее нигде не публиковались. В частности, в 2022 году опубликовано десять литературных произведений общим тиражом 30 тысяч экземпляров, в текущем выйдет в свет еще 14 книг. Все они пополнят библиотечный фонд страны, – отметил вице-министр культуры и информации РК Арман Жудебаев, выступая на открытии выставки.

Аменова Д. Казахстанские ученые реконструируют исторический костюм времен Золотой Орды / Д. Аменова // AHISKA. – 2024. – 12 января (№ 2). – С.13.
В институте археологических исследований Маргулан университета исследуются уникальные артефакты. Как сообщается, ученые международной лаборатории консервации и реставрации культурного наследия UMAI Института археологических исследований Маргулан университета в прошлом году приняли участие в изучении и популяризации наследия Казахстана. Проект реконструкции исторического костюма, найденного в мавзолее Талмас-Ата и относящегося к эпохе Золотой Орды, для создания музейной визуализации был одним из ярких и интересных.
По словам руководителя лаборатории Татьяны Крупы, археологические реликвии, найденные в мавзолее Талмас-Ата, являются уникальнейшими для всего мирового археологического сообщества.

Буланова Н. Найденную в Америке копию рукописи Ходжи Ахмета Яссауи опубликовали в РК / Н.Буланова //AHISKA. – 2024. – 26 января. – С. 12.

Специалисты Национального центра рукописей и редких книг опубликовали копию произведения великого мыслителя, учёного Ходжи Ахмета Яссауи, найденную в Америке. Оригинал книги «Рисала Мират аль Кулуб» написан в ХІІ веке арабской графикой на тюркском языке и состоит из трех глав. В произведении описываются гуманистические ценности справедливости, честности и добра. Сейчас специалисты изучают, насколько копия рукописи XVIII века, которую нашли в библиотеке Конгресса США в Вашингтоне, отличается от оригинала.

Жумалиева З. Превращение в принцессу / З. Жумалиева // Литер. – 2023. – 28 декабря. – С. 8.
Одиннадцатилетняя Томирис Лопарева из Северо-Казахстанской области привезла в Центр поддержки детей, находящихся в трудной жизненной ситуации, где она сейчас воспитывается, корону победительницы конкурса красоты и диплом "Super grand prix".

Зимина Е.И. Увеличение пространства для хранения фондов: опыт национальных библиотек / Е.И. Зимина, Ю.В. Самодова, О.В. Серова // Библиотековедение. – 2023. – Т. 72, № 5. – С. 47-60.
Представлен обзор успешного опыта национальных библиотек в решении проблемы нехватки пространства для хранения (Библиотека Конгресса США, Британская библиотека, Немецкая национальная библиотека, Национальная парламентская библиотека Японии, национальная библиотека Франции, Королевская библиотека Швеции, Австрийская национальная библиотека, НБ Чешской Республики, Королевская библиотека Нидерландов). Проанализирован опыт Российской государственной библиотеки в решении обозначенной проблемы.

Калымов А. Путешествие в детство / А.Калымов // Казахстанская правда. – 2024. – 29 января. – С. 7.
Яркий литературно-музыкальный вечер открыл череду праздничных мероприятий, посвященных юбилею классика казахской детской литературы Бердибека Сокпакбаева.Эпизоды из «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар?», «Жекпе-жек» и других произведений выдающегося писателя буквально заворожили зрителей литературного концерта, состоявшегося на днях в Доме культуры города Конаева. Бурными овациями горожане и гости Конаева сопроводили театрализованное представление, устроенное актерами Казахского государственного академического театра для детей и юношества им. Г. Мусрепова. Мастер ушел из жизни в 1991 году, в 66 лет. По общему мнению участников концерта, он оставил бесценное духовное наследие, его книги вошли в золотой культурный фонд Казахстана.

Классен Е. Книга собирает гостей! / Е. Классен, Р. Муменбаева // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 19 желтоқсан. – С. 9.
В лицее № 134 города Алматы прошел районный семинар в рамках проекта "Читающая школа", громкие чтения по рассказу Дукенбая Досжана "Шортанбай".

Лапо П. О 88 Всемирном конгрессе и генеральной ассамблее ИФЛА в Роттердаме: впечатления участника / П.Лапо // Kitap Patshalygy.qz. – 2023. – № 3. – С.58-63.
21-25 августа 2023 г. в г.Роттердаме (Нидерланды) прошел 88 Всемирный конгресс "Давайте работать сообща, давайте быть библиотекой" и Генеральная Ассамблея Международной федерации библиотечных ассоциаций и учреждений (ИФЛА), объединяющей библиотечные ассоциации из 150 стран мира.

Ли Д. Чистая вода и топливо: ученый разрабатывает перспективную технологию в Астане / Д.Ли // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 6 ақпан. – С. 5.

Ученые Национальной лаборатории Астана (NLA) при Назарбаев университете стремятся создать технологии, которые улучшат экологическую ситуацию в стране и мире. К примеру, они разработали эффективные фотокатализаторы, способные под воздействием света ускорять разложение загрязнителей в воде на безопасные элементы.

Мухитова Л. Сам себя не оценишь – никто не оценит / Л.Мухитова // Казахстанская правда. – 2024. – 26 января. – С. 14.
В эти дни многие вспоминают январские события (2022 год 5-6 января), которые едва не ввергли нашу страну в пучину хаоса. Об уроках трагического января рассказал член Совета Ассамблеи народа Казахстана, сопредседатель Ассоциации чеченцев и ингушей Казахстана «Вайнах», ветеран партии «Amanat» Юсуп Келигов: – «Сегодня все мы являемся свидетелями того, как стремительно меняется геополитическая обстановка. На постсоветском пространстве происходят военные конфликты, несущие горе и разрушения людям. В январе прошлого года нас тоже коснулась большая беда. Эти события стали для казахстанцев незабываемым уроком. Они показали, насколько легко сбить людей с толку и направить энергию молодежи на разрушение. Организаторы беспорядков были нацелены на дестабилизацию обстановки, устрашение власти и населения. Мы буквально стояли на краю пропасти… Мы стали свидетелями попытки реализации у нас сценария революций, которые происходят в неустойчивых государствах и обществах. Но организаторам не удалось ввергнуть страну в хаос».

Рябова И.И. Новостное информирование по открытой науке как стратегическое направление развития научной библиотеки / И.И. Рябова // Библиотековедение. – 2023. – Т. 72, № 5. – С. 25-31.

Разработка комплекса информационных продуктов, предназначенных для достижения информационной поддержки пользователей научной библиотеки (на примере открытой науки). Проведено исследование 100 сайтов зарубежных университетских библиотек, вошедших в топ-100 Лейденского рейтинга открытости университетов в 2023 г., с целью выявления практик новостного информирования пользователей об открытой науке. Определены пять лучших примеров зарубежного опыта.

Серикбаева А. Антибуллинговая кампания / А.Серикбаева // Казахстанская правда. – 2024. – 11 января. – С. 8.

В Казахстане разрабатывается программа по профилактике буллинга в школах. За основу взят опыт Финляндии. Также на 2024–2025 годы запланировано социальное исследование причин травли в детской среде. Число жертв детского буллинга в Казахстане ежегодно растет. Президент Касым-Жомарт Токаев поручил усилить государственный контроль и найти действенные механизмы для профилактики суицида и травли среди детей

Серикбаева А. Одна школа – тысяча задач / А.Серикбаева //Казахстанская правда. – 2024. – 16 января. – С. 7.
В 2023 году в Казахстане началось строительство первых объектов образования в рамках национального проекта «Комфортная школа». Он направлен на решение проблемы дефицита ученических мест, а также трехсменных и аварийных школ. О том, как реализуется данный масштабный проект, рассказал вице-министр просвещения Едил Оспан.

Те М. Уроки в комфортных условиях / М.Те // Казахстанская правда. 2024. – 18 января. – С. 1.

В регионе распахнули двери три новых средних учебных заведения. В массиве «Бурыл» города Тараза введена в эксплуатацию школа-гимназия, рассчитаная на 200 детей. Здесь будут получать знания учащиеся 1–4-х классов. Все кабинеты оснащены необходимым современным учебным оборудованием. Следом в селе Ак жол Меркенского района открылась средняя школа на 80 мест. Как стало известно, прежде местные дети учились в две смены в старом здании, построенном еще в 1931 году. Учебный процесс проходил в тесных кабинетах, да и оснащение, как и освещение, оставляло желать лучшего. Теперь же условия заметно улучшились.

Туркестанова Л. Кунсулу Закарья: Мы должны иметь четкое представление о научном потенциале страны! / Л. Туркестанова // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 26 желтоқсан. – С. 3.
Заседание Общественного совета Министерства науки и высшего образования РК. Президент Национальной академии наук при Президенте РК Кунсулу Закарья, в ходе доклада остановилась на актуальных проблемах и вопросах развития отечественной науки.

Узбаева Б. ANKOS – конференция дружбы и сотрудничества / Б. Узбаева // Kitap patshalygy.qz. – 2023. – № 4. – С. 39-45.
С 20 по 23 ноября 2023 года в г.Анталия (Турция) прошла ежегодная международная конференция ANKOSLink под названием "Переосмысление университетских библиотек к столетию Турецкой Республики". Ведущие библиотечные специалисты турецких университетов на панельных сессиях обсуждали вопросы влияния искусственного интеллекта на библиотеки, поднимали проблемы библиотечного образования, говорили о необходимости изменения подходов в подготовке будущих библиотекарей.