Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

2023 жылғы ағымдағы кезеңде Наурыз-Сәуір айындарында жарыққа шыққан ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер бойынша дайджесттер

Адам өмірін сақтап қалған оқушылар // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 11 сәуір. – 2 б.  

Елордаға келген батыр балалар құрметке ие болды. Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаев ержүрек балаларды Алғыс хаттармен марапаттады. Ведомство басшысы қазақстандық оқушыларға көрсеткен батылдығы мен қайсарлықтары үшін алғысын білдірді.

Айтжан Қ. Жүрекке дем беретін жоба / Қ. Айтжан // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 5 сәуір. – 16 б.  

Қарағандылық оқушылар жүрегінде ақауы бар жандарды емдеуге арналған тың жоба жасап шығарды. Жоба авторлары - Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков.

Әбіш М. Кітапханашылар Түркияда оқиды / М. Әбіш // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 31 наурыз. – 16 б.  

Мәдениет және спорт министрлігі көпшілікке арналған кітапхана қызметкерлерін Анкара қаласындағы Президенттік ұлттық кітапханаға біліктілігін арттыруға жіберуді жоспарлап отыр.

Әлиман Ж. Әмина – әлем жұлдызы / Ж. Әлиман // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 17 наурыз. – 13 б.  

Балаларға арналған әлемдегі ең беделді ойын – сауық брендінің бірі Nickelodeon жыл сайынғы Kids Choice Awards премиясының жеңімпаздарын жариялады. Арасында 12 жастағы Әмина Малғаждар да бар.

Әлімақын Д. Әлемдік рейтингтің сарапшысы / Д. Әлімақын
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 8 наурыз. – 9 б.

Қазақ ғылымына өз үлесімізді қоссақ деп талпынып жүрген жастар аз емес. Соның бірі - Арай Ильясова-Шенфельд. Ол "Болашақ" стипендиясының екі мәрте иегері. Кейіпкеріміз 2010 жылы Ұлыбританияның ең ірі және үздік оқу орны Ноттингем университетінде мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистратураны үздік дипломмен бітіріп, кейін 2017 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Әлішева Н. "Қаражорға" билейтін робот / Н. Әлішева // Almaty aqshamy. – 2023. – 6 сәуір. – 24 б.  

Кентау қаласында тұратын 5-сынып оқушысы Аружан Смайл "Қара жорға" билейтін робот жасап шығарды.

Битөре Ә. Афинада жүлде алды / Ә. Битөре // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 22 наурыз. – 12 б.  

Грекияның бас шаһары - Афинада ұйымдастырылған көркем гимнастикадан кезекті Әлем кубогінде отандасымыз Елжана Тәниева үздіктер қатарынан көрінді.

Битөре Ә. Биіктен көрінебер, Бибісара! / Ә. Битөре // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 7 сәуір. – 14 б.  

Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Бибісара Асаубаева күні кеше Үндістанның бас шаһары - Нью-Делиде ұйымдастырылған шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при жарысында екінші орынға ие болды.

Білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен толық қамтамасыз етілген // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 14 наурыз. – 2-3 б.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен аптаның сейсенбі күні ұйымдастырылған Үкімет отырысының бірінші бөлігінде екі маңызды мәселе - білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік және оқу процесін цифрландыру қаралды. Кеңесте Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев пен Ішкі істер министрі М.Ахметжанов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек баяндама жасады.

Гонконгке жолдама // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 27 ақпан. – 16 б.

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары - Олжас Құсайын, Нұрсат Керей, Айсана Басағаринова Азия құрлығының үздік жоғары оқу орындарының гранттарын иеленді.

Елшібай Ғ. Адамды адам ететін - кітап дейді 68 мың кітап оқып, 10 тіл меңгерген М. Топанбай / Ғ. Елшібай // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 1 наурыз. – 15 б.  

Ауылда кітапханашы болып істейтін бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі 28 жастағы шымкенттік Мейірхан Мейрамбекұлы.

Ерғали З. Жастар туралы жаңа заң 6 миллион жастың арманын орындай ма? / З. Ерғали // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 10 наурыз. – 1,5 б.  

Енді еліміздегі 35 жасқа дейінгі азаматтар ресми түрде жастар санатына кіреді. Осылайша, олар "Жастар практикасы", "Дипломмен - ауылға" сынды мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу құқығына ие болды.

Есенжол А. "Talapai"-ға қызығушылық танытты / А. Есенжол
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 1 наурыз. – 16 б.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Айнұр Полатова ұлттық ойындарды дәріптейтін "Talapai" бірегей жобасын сәтті жүзеге асырды. Енді ол Парижде киіз үй түрінде жасаған сөмкенің дизайнын таныстырады.

Есенжол А. Саяхатшыларға арналған жоба / А. Есенжол // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 10 сәуір. – 13 б.

Семей қаласындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп - лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов пен 8-сынып оқушысы Темірлан Темірбаев туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты.

Ескендір Р. Шәкіртақы өсетін болды / Р. Ескендір // Almaty aqshamy. – 2023. – 25 наурыз. – 8 б.

Биыл 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің шәкіртақысы өсетін болады.

Ескендір Р. Алматылық оқушы IT саласы бойынша жеңімпаз атанды / Р. Ескендір // Almaty aqshamy. – 2023. – 18 сәуір. – 6 б.

Алматыдағы №17 мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Айнұр Елмұратқызы Астана қаласында өткен Web Xakaton форматындағы IT олимпиадасына қатысып, 1-орынды жеңіп алды.

Жақсыбайқызы Э. 71 жастағы өнертапқыш шағын цехта түрлі техника шығарады / Э. Жақсыбайқызы // Turkistan. – 2023. – 24 ақпан. – 5 б.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сынтас ауылының тұрғыны Бейбітшілік Әліқұлов жастайынан техниканың тілін меңгерген. 71 жастағы өнертапқыш бүгінде шағын цех ашып, түрлі ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарып отыр. Шебердің қолынан шыққан құрылғыларды еліміздегі көптеген шаруа қожалықтарынан кездестіруге болады.

Жол картасына қол қойылды // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 28 ақпан. – 2 б.  

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасына қол қойды. Мемлекет басшысының тапсырмасын уақытылы және сапалы орындау мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Жол карталарын әзірлеу жұмысын жалғастыруда.

Жүнісхан А. ChatGPT-дің қазақша баламасы / А. Жүнісхан // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 30 наурыз. – 19 б.  

Әлемде бірнеше чат-бот әзірленіп, қолданысқа енгізілгені де мәлім. Ал жақында қазақ тілінде құрастырылған алғашқы жасанды интеллект (artificial intelligence-AI) пайда болды. Жобаны Әкімбек Медхат пен Отарбай Дәурен жасап шыққан.

Күмісбек М. Дохадағы кездесу / М. Күмісбек // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 28 ақпан. – 16 б.  

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Катар мемлекетінде өткен "Біріккен Ұлттар Ұйымының үлгісі" жастар конференциясына қатысты. Мұнда әлемдегі мәдени һәм экономикалық өзгерістерге қазақ балалары өз ойларын қосып, өзара пікір алмасты.

Күмісбек М. Өнертапқыш өрендер / М. Күмісбек // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 8 наурыз. – 10 б.

Түркиядағы ғасырлық апат Алматының уайымын еселеді. Құтқарушылар келгенімен, үйінді астынан бәрін аман алып қалу өте қиын. Осы ретте жас ғалымдар Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 2 оқушысы Іңкәр Құрманбаева мен Жания Жұматай "Saver" роботын ойлап тапты.

Күмісбек М. Ғажайып көзілдірік / М. Күмісбек // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 3 сәуір. – 9 б.  

Әлемде 40 млн.-ға тарта көру қабілеті нашар адам өмір сүреді. Ал елімізде 160 мыңға жуық жанары қараңғы жан бар. Олардың бәрі қоғамның көмегіне зәру. Бүгінде ғалымдар бұл мәселені шешу үшін технологияға жүгінуге мәжбүр. Бұл ретте біздің өнертапқыштар да қарап отырған жоқ. Мәселен, жетісулық жас ғалымдар автономды көзілдірік ойлап тапты.

Көшербайұлы Ж. Шетелге шақырту алды / Ж. Көшербайұлы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 28 наурыз. – 12 б.  

Атырау қаласында химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері жыл сайын шетелдің жетекші университеттерінің білім грантын иеленіп жүр.

Қазақтың JanDos-ы Алиса мен SIRI-ден кем түспейді / әңг. Ә. Тілеужанқызы // Turkistan. – 2023. – 17 наурыз. – 1,8 б.  

Атырау облысының тумасы Жеңіс Бекбасаров JanDos атты виртуалды көмекші ойлап тапқаны туралы қысқа ақпарат тарады. 2016 жылдан бері әзірлеген жобасын сәуір айының ортасында көпшілікке таныстыруды жоспарлап отырған, жаңашылдыққа жаны құмар Жеңіспен әңгіме.

Қайратұлы Ф. Талап күшейтілді / Ф. Қайратұлы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 27 ақпан. – 16 б.  

Биылдан бастап "Болашақ" бағдарламасы стипендиясының үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер шет тілін меңгергенін растауға тиіс.

Қайратұлы Ф. АҚШ-қа жолдама алды / Ф. Қайратұлы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 28 ақпан. – 16 б.  

Роботтехникадан Орталық Азия ойындары - Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP-2023 өз мәресіне жетті. Оны Оқу-ағарту министрлігі мен USTEM Robotics қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Қайратұлы Ф. АҚШ - тан олжалы оралды /Ф. Қайратұлы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 25 сәуір. – 24 б.

Отандық оқушылар АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен дүниежүзілік "FIRST World Championhip" чемпионатында үш аталымда үздік атанды.

Қайратұлы Ф. Бесінші рет үздік атанды / Ф. Қайратұлы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 30 наурыз. – 24 б.

Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада Назарбаев зияткерлік мектептері қатарынан бесінші рет еліміздің ең үздік олимпиадалық командасы деп танылды.

Құлабай Н. Олжалы оқушылар / Н. Құлабай // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 27 наурыз. – 13 б.  

Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жүрген үш бірдей оқушы Бельгия астанасы Брюссельде өткен "Student Research Conference" халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды.

Маратқызы Б. АҚШ маған үлкен өмірдің ережелерін үйретті / Б. Маратқызы // Aiqyn. – 2023. – 2 наурыз. – 5 б.  

Әзиза Елеусін – АҚШ-тың Индиана штатындағы Bluffton Hlgh School мектебінің оқушысы. 15 жастағы шынашақтай қазақ қызы мұхиттың арғы жағына қалай топ ете қалды десеңіз, ол жер-жердегі жоғары сынып оқушыларына АҚШ мектебінде бір жыл оқуға мүмкіндік беретін америкалық бағдарламаның жеңімпазы атанған.

Мералы Н. Ауыл оқушыларының көз протезі / Н. Мералы // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 21 наурыз. – 3 б.  

Наурыз кездесулеріндегі ерекше жобалардың бірі – көз протезі. Жасанды көзді Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауылындағы №1 орта мектеп оқушылары ойлап тапқан. Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов жобаларын Наурыз кездесулерінде ҚР Оқу-ағарту министріне таныстырды.

Мералы Н. Екі олимпиаданың жеңімпаздары / Н. Мералы // Білімдіел = Образованная страна. – 2023. – 21 наурыз. – 3 б.  

Қазақстандық 57 оқушы халықаралық екі олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Алматы қаласында математикадан Азия-Тынық мұхиты және "Жібек жолы" халықаралық олимпиадалары өз мәресіне жетті. "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, екі бірдей халықаралық білім сайысына Қазақстанның барлық өңірінен 157 оқушы қатысып, 57 жүлдегер анықталды.  

Мералы Н. Чемпионаттағы жүйріктер марапаты / Н. Мералы // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 21 наурыз. – 3 б.

Қазақстандық оқушылар Үндістандағы робототехника чемпионатында үш марапатқа ие болды. Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысында тәуелсіз мемлекетіміздің атынан Алматы қаласының №81 мамандандырылған мектеп оқушылары өнер көрсетті.

Мұратбекұлы О. Шавкат жеңіске жетті / О. Мұратбекұлы // Almaty aqshamy. – 2023. – 7 наурыз. – 10 б.  

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде жеңіске жетті. Ол американдық белгілі файтер Джефф Нилмен (15-4) шеберлік байқасты. Нәтижесінде үшінші раундта оны тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.

Мұратбекұлы О. Жеңімпаз / О. Мұратбекұлы // Almaty aqshamy. – 2023. – 7 наурыз. – 10 б.  

Қазақ спортшысы Нариман Курбанов Катар елінің Дохада шаһарында өткен гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Мұсылманқұл Т. Құтқарушы құлтемір / Т. Мұсылманқұл // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 30 наурыз. – 19 б.  

Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Вячеслав Кузьмин өрт кезінде адамдарды құтқаруға арналған құлтемір ойлап тапты. Аталған жобаны орталықтағы тәлімгері Айнұр Сұраншиеваның жетекшілігімен жүзеге асырған.

Октябрь А. Дүние дидарындағы Динара /А. Октябрь // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 18 сәуір. – 8 б.  

Мектепте жүріп – ақ ғылыммен айналысуға ден қойған жас зияткер Динара Қалихан О. Жәутіков атындағы республикалық физика - математика мектебінің түлегі. Әлемнің 20-дан астам жетекші оқу орнына қалай шақырту алды?

Оқу - ағарту министрі Абай университетінің ұжымымен кездесті
// Qazaq. – 2023. – 28 ақпан. – 2 б.  

24 ақпанда ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Абай университетінің ұжымымен кездесті. Абай атындағы ҚАЗҰПУ Басқарма төрағасы ректор Дархан Біләлов министрді университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу қызметімен, сондай-ақ жоғары оқу орнын одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды.  

Оқушының "ақылды" фермасы // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 28 наурыз. – 2 б.  

Түркістан облысының оқушысы "ақылды" ферма жобасын жасап, жұртшылықты таңғалдырды. Бұл – Төлеби ауданындағы №6 мектептің 6-сынып оқушысы Елдос Елудің ғылыми жобасының бөлігі.  

Сабырбайтегі Н. Мұғалімдерді аттестаттау үдерісі автоматтандырылады /Н. Сабырбайтегі // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 11 сәуір. – 1 б.  

ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен аптаның сейсенбі күні ұйымдастырылған кезекті Үкімет отырысында бейіндік ведомствоның жетекшісі Ғ. Бейсембаев мұғалімдердің кәсіби сапасын және білім жүйесіндегі менеджментті жақсартуға қатысты тапсырмасын орындау барысы бойынша Оқу-ағарту министрлігі тарапынан жоспарланған шаралар туралы баяндады.

Серікқызы Э. Жолдасбеков жүлдегерлері / Э. Серікқызы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 13 наурыз. – 16 б.  

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XII халықаралық ғылыми жобалар байқауында Алматы қаласының құрама командасы жеңіске жетті. Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 150-ден астам оқушы қатысқан байқауда алматылық команда 4 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль иеленді.

Серікқызы Э. Шетелден шақырту алды / Э. Серікқызы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 3 сәуір. – 16 б.  

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 4-курс студенті Назерке Білімжанқызы Ұлыбританияның алты беделді университетінен магистратураға шақырту алды.  

Сүлеймен Ғ. Жансая жарап тұр / Ғ. Сүлеймен // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 20 наурыз. – 15 б.  

Штаб-пәтері Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) өзінің жаңартылған рейтингін жария етті. Бір қуантарлығы, үздіктер тізімінде Қазақстанның үш бірдей бұрымдысы бар. Олар - Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және Динара Сәдуақасова.

Сүлеймен Ғ. Елмира – Азия чемпионы! / Ғ. Сүлеймен // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 13 сәуір. – 15 б.

Астанада күрес түрлерінің өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші жарыс күні бозкілемге бұрымдылар шықты. Қазақстанның әйелдер құрама командасы сапында өнер көрсеткен бес балуанның арасынан Елмира Сыздықованың шоқтығы биік болды. 76 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол барлық қарсыласын сыпыра ұтып, алтыннан алқа тақты.

Туристерге арналған мобильді қосымша // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 11 сәуір. – 2 б.  

Абай облысының орталығы Семей қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов пен 8-сынып оқушысы Темірлан Темірбаев туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты.

Тілегенұлы Н. Мектептерде қауіпсіздік жүйесі күшейтілмек / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 21 ақпан. – 1 б.  

Премьер-Министрдің орынбасары А. Көлгінов өткен аптаның жұма күні білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді. Оған министрлердің және облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Тілегенұлы Н. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 18 сәуір. – 1-2 б.  

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өткен аптаның сәрсенбісінде ұлттық күнтізбе бойынша жыл сайын тұрақты түрде атап өтуі белгіленген сәуір айының 12-сіндегі қазақстандық ғылым күніне орай ұйымдастырылған ел Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысына қатысты. Байыпты басқосуда еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды. Қ.Кемел-ұлы маңызды жиынға шақырылған зиялы қауым өкілдеріне арнаған сөзінде қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін айрықша атап айтты.

Ұлыбританияның алты университетінен шақырту алды // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 4 сәуір. – 12 б.  

Абай университетінің «6В01508-Информатика ағылшын тілінде» мамандығы бойынша білім алып жатқан 4 курс студенті Назерке Білімжанқызы Ұлыбританияның алты беделді университетінен магистратураға оқуға шақырту алды.

Халықаралық байқаудың жеңімпаздары // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 18 сәуір. – 3 б.  

Алматыдағы физика – математика - бағытындағы NIS оқушылары Рамазан Әміре мен Сымбат Барсағазы дайындаған "Aenoica" жобасы әлемнің үздік зымыран құрастырушыларының арасынан топ жарып, үздік атанды. Жоба кураторы, 11-сынып оқушысы Райымбек Әбілбектің айтуынша, идея жаңа технологияларды енгізуге негізделген.

Алдабергенова А. Интеллектуальные баталии среди школьников / А.Алдабергенова // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 28 ақпан. – С. 19.  

На базе Кокшетауского университета имени Шокана Уалиханова прошел третий (областной) этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам среди учащихся 9-11 классов.

Аскаров Б. Овладение новыми технологиями в партнерстве с производством / Б.Аскаров // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 4 сәуір. – С. 15.

На базе Карагандинского технического университета имени Абылкаса Сагинова уже 15 лет успешно функционирует инновационно-образовательный консорциум "Корпоративный университет", в состав которого входят более 70 крупных промышленных предприятий и научных центров Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья.

Боранбаева Д. Дети - просто космос! / Д.Боранбаева // Казахстанская правда. – 2023. – 24 апреля. – С. 12.

Призовое место на Международном конкурсе по космическим технологиям за прототип солнечного орбитального парусника получили десятиклассницы Назарбаев Интеллектуальной школы Талдыкоргана.

Вологодская Г. Как сложить пазл из науки и производства?/ Г.Вологодская // Казахстанская правда. – 2023. – 12 апреля. – С. 6.  

От университетов ждут наукоемких решений, способных увеличить добавленную стоимость казахстанской продукции.

Володин П. Крепкие профессионалы от 6 до 10 лет / П.Володин // Комсомольская правда Казахстан. – 2023. – 25 апреля. – С.5.

Победителями в трех номинациях стали казахстанские школьники на Всемирном чемпионате по робототехнике FIRST World Championship, прошедшем в американском городе Хьюстоне.

Глушаева Н. Портал в будущее / Н.Глушаева // Вечерний Алматы. – 2023. – 20 апреля. – С. 12.

В Алматы открылась уникальная выставка роботов и новых технологий. Она представила современные достижения инженеров всего мира: из США, Канады, Великобритании, Южной Кореи, Японии, Франции, Австралии и России. Роботы на выставке общаются с посетителями, танцуют, рисуют, выполняют команды и даже проявляют эмоции.  

Жаким Ж. Умники и умницы / Ж.Жаким // Литер. – 2023. – 18 марта. – С. 3.  

Бум школьной науки в Казахстане продолжает приносить плоды. Во многом интерес казахстанских детей к инженерии, робототехнике, программированию сформировался благодаря традиции, заложенной школами NIS, ежегодно проводить Наурызовские встречи как платформу для обмена опытом и научных наработок школьников.

Жалелова А. Проекты – в действие / А.Жалелова // Казахстанская правда. – 2023. – 6 марта. – С. 7.  

Научно-технологический парк, действующий на территории КазНУ им. аль-Фараби, с 2008 года зарекомендовал себя как успешный инкубатор инновационных идей ученых и студентов. Среди них немало проектов, которые вышли на стадию производства конечного продукта.

Зорина О. Космические девушки / О.Зорина // Аргументы и факты Казахстан. – 2023. – 29 марта-4 апреля. – С. 7.  

В КазНУ имени аль-Фараби были разработаны наноспутники. Обработкой данных, полученных с них, сегодня занимаются здесь же. Исследования проводят молодые студентки нескольких вузов Казахстана, Кыргыстана и Узбекистана.

Калкаманова С. Кузница юных лидеров / С.Калкаманова // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 14 наурыз. – С. 11.  

Школьное самоуправление столичной школы-гимназии № 91 проводит большое количество культурно-развлекательных, образовательных и спортивных мероприятий.

Кожамжарова Д. Университетская наука сегодня и завтра / Д.Кожамжарова; бесед. Р.Исаков //Казахстанская правда. – 2023. – 11 апреля. – С. 5.

На юбилейной сессии Национальной академии наук 1 июня прошлого года Президент Касым-Жомарт Токаев четко сформулировал задачу, стоящую перед научным сообществом: "Развитие науки, техники и инноваций является одним из ключевых направлений повышения конкурентоспособности страны". О том, как сегодня Южно-Казахстанский университет им. М.Ауэзова видит свою научную перспективу, рассказывает ректор Дария Кожамжарова.  

Колумбетова А. Успешный дебют / А.Колумбетова // Вечерний Алматы. – 2023. – 18 апреля. – С. 2.

Алматинская школьница Айнур Елмұратқызы из общеобразовательной школы-интерната № 17 победила в республиканскм конкурсе юных айтишников.

Наградили победителей областной предметной олимпиады // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 14 наурыз. – С. 14.  

По общеобразовательным предметам среди учащихся 9-11 классов которая проходила с 13 по 18 февраля 2023 года на базе Кокшетауского университета имени Шокана Уалиханова.

Рахимжан Н. Первенство умов / Н.Рахимжан // Вечерний Алматы. – 2023. – 29 апреля. – С. 13.

В центре "Алматы дарыны" состоялось награждение лучших школ мегаполиса, ставших победителями в конкурсе республиканских научных проектов по общеобразовательным предметам.

Серикбаева А. Инновации и традиции / А.Серикбаева // Казахстанская правда. – 2023. – 16 марта. – С. 3.  

Наурызовские встречи проводятся с 2011 года и стали уникальной платформой, объединяющей учащихся общеобразовательных и Назарбаев Интеллектуальных школ в целях развития исследовательских навыков и вовлечения в науку. В нынешнем году мероприятие – Наурызовские встречи – посвящено теме "Биомедицина, инженерия и технологии".  

Толеген М. Университетская наука: взгляд в будущее / М.Толеген // Казахстанская правда. – 2023. – 5 апреля. – С. 6.  

Статья Мухтара Толегена, ректора Восточно-Казахстанского университета им. С.Аманжолова.

Толымбекова Л. Экономика должна быть наукоемкой / Л.Толымбекова // Казахстанская правда. – 2023. – 10 апреля. – С. 4.

На примере университета С.Торайгырова можно понять, что наука финансируется по нескольким направлениям. Есть грантовое и программно-целевое финансирование от Министерства науки и высшего образования, других профильных министерств. В 2022 году вуз получил поддержку 33 научных проектов по этому направлению. Промышленные компании, фермерские хозяйства и частный бизнес сотрудничают с вузом. Профессора вуза помогают предприятиям своими знаниями и опытом в решении текущих проблем.

Туймебаев Ж. Тандем с бизнесом – основа развития университетской науки / Ж.Туймебаев //Казахстанская правда. – 2023. – 12 апреля. – С. 5.  

Глава государства Касым-Жомарт Токаев, выступая на открытии первой сессии Парламента VIII созыва, отметил, что "экономика Казахстана должна основываться на научных достижениях. Недостаточно провести исследование и получить патент. Необходимо использовать научные открытия в производстве. Для всестороннего развития науки должен быть принят новый закон".

Тургазиева К. Ключ к знаниям / К.Тургазиева // Вечерний Алматы. – 2023. – 4 мая. – С. 3.

Творческий детский конкурс "Кітап – білім бұлағы", прошедший на базе общеобразовательной школы № 129, собрал 170 талантливых учащихся из 14 школ Жетысуского района. Школьники состязались в поэтическом баттле и мастерстве выразительного чтения.

Тысымбаева Д. Нет преград человеческой мысли / Д.Тысымбаева // Литер. – 2023. – 8 апреля. – С. 7.  

В преддверии Дня работников науки в Евразийском национальном университете им. Л.Н. Гумилева состоялся пресс-тур для СМИ. В рамках мероприятия ученые университета презентовали свыше двадцати своих научных разработок. Участников пресс-тура ознакомили с научными проектами Парка ядерных технологий, научно-производственного центра ENU-Lab, а также с научно-исследовательскими лабораториями вуза.

Тысымбаева Д. Сделано в Казахстане / Д.Тысымбаева // Литер. – 2023. – 1 апреля. – С. 3.  

О том, что Казахский национальный университет имени Л.Н. Гумилева совместно со столичной фармацевтической компанией QazBioPharm начнет изготавливать биотехнологические препараты.  

Федоров Д. Алматинцы в космосе / Д.Федоров // Комсомольская правда Казахстан. – 2023. – 21 апреля. – С. 5.

Алматинские школьники создали космическую станцию, рассчитанную на 300 тысяч жителей, и победили в международном конкурсе NASA. Конкурс космических поселений – ежегодное событие для юных изобретателей со всего мира.

Шедин Г. Университет наводит мосты / Г.Шедин // Казахстанская правда. – 2023. – 6 марта. – С. 2.  

Развитие инноваций и внедрение достижений науки в производство обсуждались в Астане на заседании попечительского совета АОО "Назарбаев Университет".

Яндулова Т. Малыши с инженерным мышлением / Т.Яндулова // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 14 наурыз. – С. 10.  

Итоги IV Межрегионального дистанционного конкурса по робототехнике,программированию и инновационным технологиям для детей дошкольного возраста (г.Лисаковск, Костанайская область).