Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Наурыз 2 жұлдыз - профессор Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 90 жыл (2.03.1925)

Қазақ тілі маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 90 жыл (2.03.1925)

Шора Шамғалиұлы Сарыбаев 1925 жылы Өзбекстанның Ташкент қаласында дүниеге келген. 1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) филология факультетін бітіріп, осы университеттің қазақ тілі кафедрасының жанындағы аспирантурасына түсіп, 1954 жылы «Қазақ тіліндегі одағайлар» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1954 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының диалектология бөлімінің меңгерушісі, 1956 жылы аға ғылыми қызметкер, 1959 жылы қайта бөлім меңгерушісі болды. 1974 жылы «Қазақтың аймақтық лексикография проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1974-1987 жылдары осы институттың директорының орынбасары. 1983 ж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. 1995 жылдан бастап институттың бас ғылыми қызметкері.

1965 АҚШ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған. 1975 жылы Германияда, 1994 жылы Түркияда өткен халықаралық конгресс, конференцияларда баяндамалар жасады.

Ғылыми-зерттеу еңбектерінің көпшілігі диалектология, морфология, тіл тарихы, лексика және алтаистика мәселелеріне арналған. «Қазақ тілі тарихы грамматикасы», «Қазақ диалектологиясының практикумы» атты оқу құралының авторы. Ш.Сарыбаев қазақ тіл білімінің тарихын зерттеу ісіне зор үлес қосты. Ол 1989 жылы «Түркітану әдебиетінің библиографиясын» бастырып шығарды.

Ш.Ш.Сарыбаевтың еңбегі жоғары бағаланып, «Құрмет», «Парасат». ордендерімен марапатталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Сарыбаев Ш.Ш. Еліктеуіш сөздер. Методикалық кеңес және бақылау-пысықтау жаттығулары. Педагогикалық институттардың филология факультеттеріне арналған /Ш.Ш.Сарыбаев. – Алматы, 1982. – 55 б.

Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тілі білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші /Ш.Ш.Сарыбаев; Қ.Ш.Сарыбаев. – Алматы: Ғалым, 1994. – 237 б. (қазақша, орысша).

Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші. 5-ші бөлім /жауапты редактор Кенесбаев /Қазақ ССР Тіл білімі институты /Ш.Ш.Сарыбаев. – Алматы: Ғылым, 1967. – 165 б.

Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тілі білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші /ҚазССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты /Ш.Ш.Сарыбаев. – Алматы: Ғылым

2 бөлім. – 1971. – 240 б.

3 бөлім. – 1977. – 170 б.

4 бөлім. – 1982. – 164 б.

Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тілі білімінің библиографиялық көрсеткіші /Ш.Ш.Сарыбаев. –Алматы, 1956. – 88 б. (Қазақ КСР Ғылым академиясының тіл және әдебиет институты)

Сарыбаев Ш.Ш. Көкшетау облысы Щучинск, Еңбекшілдер аудандарында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір лексикалық ерекшеліктер / Ш.Ш.Сарыбаев // Қазақ тілі мен диалектологиясының мәселелері. 3 шығуы. – Алматы, 1960. – 54-57 б.

Сарыбаев Ш.Ш Тіл мәдениеті және жергілікті тіл ерекшеліктері /Ш.Ш.Сарыбаев //Тіл мәдениеті және баспасөз. Баспасөз тілінің мәдениеті жөніндегі ғылыми-практикалық конференцияға арнап дайындалған материалдар тезистері. – Алматы, 1968. – 38-41 б.

Досқараев Ж., Сарыбаев Ш.Ш. Октябрь революциясынан бұрын басылып шыққан кейбір нұсқаулардың тілі жайында /Ж.Досқараев, Ш.Ш.Сарыбаев //Қазақ тілі мен диалектологиясының мәселелері. 3 шығуы. – Алматы, 1960. – 244-252 б.

Қалиев С.,Сарыбаев Ш.Ш Қазақ диалектологиясы: Педагогикалық институттар мен университеттердің филология факультеттері студенттеріне арналған. 3 басылым /С.Қалиев, Ш.Ш.Сарыбаев. – Алматы: Ана тілі, 1991. -200 б.

Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар /құрастырғандар: Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Н.Уәлиев, И.Ұйықбаев т.б. – Алматы: Ғылым, 1965. – 68 б.

Сарыбаев Ш. Аймақтық сөздерді кәдеге жарата білсек /Ш.Ш.Сарыбаев //Егемен қазақстан. – 2004. – 12 маусым.

Сарыбаев Ш. Әйелдер туралы айту үшін әбден ойлану керек /Ш.Сарыбаев //Алматы ақшамы. – 2005. – 3 наурыз.

Ол туралы:

Сарыбаев Шора Шамғалиұлы (2.03.1925) //Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия. Т.3. – Алматы, 1988. – 461 б.

Сарыбаев Шора Шамғалиұлы //Қазақ тілі: Энциклопедия. – Алматы, 1998. – 337 б.

Сарыбаев Шора Шамғалиұлы //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т.7. – Алматы, 2005. – 567 б.

Сарыбаев Шора Шамғалиұлы //Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. Т.2. – Адматы: Қазақ энциклопедиясы, 2010. – 298 б.

Айтбайұлы Ө. Тілғұмыр: [Шора Шамғалиұлы Сарыбаев жайлы] /Ө.Айтбайұлы, Т.Жанұзақ //Егемен Қазақстан. – 2005. – 1 наурыз.

Әлимұрат Қ. Тіл сардары – Сарыбаев: [филология ғылымының докторы, профессор Шора Сарыбаев туралы] /Қ.Әлимұрат //Ана тілі. – 2000. – 2 наурыз.

Есқайыров М. Ірі ғалым, іскер басшы, ұлағатты ұстаз: [қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым Төлеген Тәжібаев туралы] / М. Есқайыров
// Мектептегі психология=Психология в школе. - 2010. - № 2. - 14-16 б.

Жұмағұлов Б. Ғалым. Ұстаз. Қайраткер: [ғалым, ректор, министр Төлеген Тәжібаев туралы] / Б. Жұмағұлов // Егемен Қазақстан. - 2010. - 9 маусым.