Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Қаңтар 4 жұлдыз - Төлеутай Қазиұлы Ақшолақовтың туғанына 100 жыл (4.01.1915-6.10.2010)

Әдебиеттанушы, ғалым, ағартушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, қазақ әдебиеті оқулықтарының авторы,  Ұлы Отан соғысына қатысқан, Төлеутай Қазиұлы Ақшолақовтың туғанына 100 жыл (4.01.1915-6.10.2010)

Ақшолақов Төлеутай Қазиұлы 1915 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының 4 ауылында дүниеге келдi. Алматы қаласындағы Екi жылдық мұғалiмдер институтын бiтiрдi. 1951 жылы Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) қазақ тiлi мен әдебиетi факультетiн бiтiрдi. Өзiнiң ұстаздық жолын Павлодар қаласының педагогикалық училищесiнен бастады. Павлодар қаласының Абай атындағы мектебiнде мұғалiм әрi оқу iсi меңгерушiсi, Павлодар Оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi болып қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысты.

1958 жылдан 1965 жылға дейiн тұңғыш жарық көрген «Қазақ тiлi мен әдебиетi» журналының редакторы, «Қазақстан мұғалiмi» газетiнiң редакторы, оқу педагогикалық баспаның директоры болып iстедi.

1965 жылдан Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу педагогикалық институтының (қазiргi Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм беру академиясы) ғылыми жұмыс жөнiндегi орынбасары, кейiннен бөлiм меңгерушiсi, жетекшi ғылыми қызметкер болып iстедi.

Т.Қ.Ақшолақов халық ағарту iсiнiң, педагогикалық ғылымның дамуына айтулы үлес қосқан. Көптеген оқулықтардың авторы. 1939 жылы белгiлi ғалым Есмағамбет Ысмайыловпен бiрлесе қазақ әдебиетiнiң 9 сыныбына арналған оқулық-хрестоматиясын жазды. Содан берi оның қаламынан көптеген оқулықтар және қазақ бастауыш сыныптарына арналған орыс қазақ сөздiгi жарық көрдi.

Төлеутай Қазиұлы зейнет жасында да қазақ әдебиетiнiң бағдарламасы мен оқулығын, методикалық құралдарын жазуға ат салысып келдi.

Т.Қ.Ақшолақов Ұлы Отан соғысының ардагерi, сұрапыл соғысты басынан кешiрiп, Сталинградтан (қазiргi Волгоград қаласы) Берлинге дейiнгi жолдан өткен. Ол «1 дәрежелi Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерiмен, көптеген жауынгерлiк медальдармен, сол сияқты «Тың игеру», «Еңбектегi ерлiгi», «Ыбырай Алтынсарин» медальдарымен, «ҚазКСР халық ағарту озаты», «КСРО халық ағарту озаты» белгiлерiмен, Оқу министрлiгi құрмет грамоталарымен марапатталды. Т.Қ.Ақшолақов 2010 жылы 95 жасында қайтыс болды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Ақшолақов Т.«Әдебиет» оқулығына әдiстемелiк нұсқау: 9-сыныпқа арналған/өңд., толық. 4-бас. /Т.Ақшолақов. – Алматы: Рауан, 1996.– 133 б. (Мектеп мұғалiмi кiтапханасы).

Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын тану /Т.Ақшолақов. – Алматы: Мектеп, 1975. – 184 б.

Ақшолақов Т.Көркем шығармаға талдау жасау /Т.Ақшолақов. – Алматы: Мектеп, 1983 – 192 б.

Ақшолақов Т.Қазақ әдебиетiн оқыту: 9 кл.: әдiстемелiк нұсқау /өңд. толықт. 3-бас. /Т.Ақшолақов. – Алматы: Рауан, 1993. – 127 б.

Ақшолақов Т.Қазақ әдебиетi оқулығына методикалық нұсқау: 8 кл. арналған /Т.Ақшолақов. – Алматы: Мектеп, 1978. – 63 б.

Ақшолақов Т.Ой өрнек арқылы танылса /Т.Ақшолақов //Ученые записки научно-исследовательского института педагогических наук Министерство просвещения КазССР, 1966. Вып.1. – 5-17 б.

Ақшолақов Т.Шығарманың көркем компоненттерiн оқыту: мұғалiмдерге арналған көмекшi құрал /Т.Ақшолақов. – Алматы: Мектеп, 1968. – 120 б.

Ақшолақов Т.Шығарманың көркем айшықтарын таныту: әдiстемелiк құрал. өңд., толықтырылған басылымы /Т.Ақшолақов. – Алматы: Рауан, 1994. – 223 б.

Ақшолақов Т.Шығарма талдау әдiстерi /Т.Ақшолақов //Қазақ әдебиетiн оқыту мәселелерi. – Алматы, 1985. – 3-8 б.

Жұмалиев Қ., Ақшолақов Т.Қазақ әдебиетi: 9 кл. арналған. – 21-бас. /Қ.Жұмалиев, Т.Ақшолақов. – Алматы: Рауан, 1994.– 191 б.; - 23 бас.– Рауан, 1997. –191 б.

Жұмалиев Қ., Ақшолақов Т.Қазақ әдебиетi: 9 кл. арналған 24-бас. /Қ.Жұмалиев, Т.Ақшолақов. - Алматы: Мектеп, 2001. – 232 б.

Ақшолақов Т.«Естай» (әншi-композитор, ақын Естай Беркiмбаевқа арналған мақалалар, естелiктер, көркем шығармалар жинағы туралы) /Т.Ақшолақов //Қазақстан мұғалiмi. – 2003. – 3 маусым.

Ақшолақов Т.Қазақ педагогикасының бастауында болған: [Ә. Ситдықов туралы] /Т.Ақшолақов //Ақиқат. – 1998. - № 12. – 69-72 б.

Ақшолақов Т.Қазақтың бiртуар азаматы /Т.Ақшолақов //Қазақстан мұғалiмi. – 1999. – 31 наурыз.

Ақшолақов Т.Өлеңiмен шежiре өрнектеген Қалижан Бекхожиндi еске алғанда /Т.Ақшолақов //Түркiстан. – 2004. - 20 ақпан.

Ақшолақов Т. Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі – білікті ұстаз даярлау болуға тиіс: [ғалым-педагог, Т.Қ.Ақшолақовпен сұхбат] /сұхбаттасқан С.Мақатұлы /Т.Ақшолақов //Айқын. – 2004. – 23 шілде.

Ақшолақов Т.Қ. «Мен бақытты жанмын»: [тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, белгілі педагог, профессор, көрнекті ғалым Т.Қ.Ақшолақовпен сұхбат /сұхбаттасқан Д.Рамазан] //Қазақ әдебиеті. – 2005. – 4 ақпан.

Ақшолақов Т.Қ. «Тәуелсіздік баяндылығы жастар қолында»: [белгілі ғалым, профессор Төлеутай Ақшолақовпен сұхбат /әңгімелескен А.Мантаева] //Ақ желкен. – 2005. - № 2. – 3-5 б.

 

Ол туралы:

Ақшолақов Төлеутай(4.01.1915) //Қазақ әдебиетi: Энциклопедия. – Алматы, 1999. – 41-б.

Ақшолақов Төлеутай Қазиұлы //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. – Алматы: Аруна, 2005. – 29 б.

Аймахан Қ. Оқулық артында автор өмiрi: [профессор Т.Ақшолақов жайлы] /Қ.Аймахан //Алматы ақшамы. – 1999. – 13 қыркүйек.

Әбенов К. Жаужүрек сарбаз, ардагер ағартушы (Төлеутай Ақшолақов туралы бір үзік сыр) /К.Әбенов //Айқын. – 2004. – 30 желтоқсан.

Әлімбай М.Ұстазға тағзым (профессор Төлеутай Ақшолақовқа арнау) /М.Әлімбай //Алматы ақшамы – 2000. – 2 ақпан.

Әлімбаев М.Ұлағат: [ұлағатты ұстаз, профессорТөлеутай Ақшолақовқа арналған өлең] / М. Әлімбаев // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 12 қараша.

Әрінова Б.Әдiстеме ғылымының тарланы: [әдебиетшi, ғалым, профессор Т.Қ.Ақшолақов туралы] /Б.Әрінова // Қазақ тiлi мен әдебиетi. – 2001. - № 7. – 59-60 б.

Әрінова Б.Еңбек пен майдан ардагері:[Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, әдебиетші ғалым, профессор, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының және Ы.Алтынсарин атындағы медальдің иегері Ақшолақов Төлеутай Қазиұлына 90 жас] / Б. Әрінова// Қазақстан мектебі. - 2005.- № 5-6. - 14-15 б.

Қалиұлы С. Қос майданның тарланы: [Төлеутай Ақшолақов туралы 90 жаста] / С.Қалиұлы // Қазақстан мұғалімі. – 2005. – 4 маусым.

Қалиұлы С.Төлеутай Ақшолақов – 90 жаста: [педагог, талантты журналист Төлеутай Ақшолақовты туған күнімен құттықтау] /С.Қалиұлы // Жас алаш.. – 2005. – 29 наурыз

Құрманәлиева М.Тоқсанға келген тың ата: [ұстаздардың ұстазы - Төлеутай Ақшолақов 90 жаста] / М. Құрманәлиева //Қазақстан мұғалімі. - 2005. - 1 қаңтар.

Молдағалиев Т.Ұстазға ескерткіш: [ұлағатты ұстаз Ақшолақов Төлеутайға арналған] / Т. Молдағалиев // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 12 қараша.