Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Ақпан 23 жұлдыз - академик Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаевтың туғанына 105 жыл (23.02.1910-14.06.1964)

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, академик Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаевтың туғанына 105 жыл (23.02.1910-14.06.1964).

Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлы 1910 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданында дүниеге келді. 1928 жылы Шымкенттегі педагогикалық техникумды, 1935 жылы Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы коммунистік тәрбие академиясын бітірді. Т.Тәжібаев ұзақ уақыт педагогикалық жұмыспен айналысты. 1938-1940 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) педагогика және психология кафедрасының доценті және меңгерушісі болды. 1940-1942 жылдары Республика халық ағарту комиссарының бірінші орынбасары. 1941 жылы наурыз-желтоқсан айларында Қазақ КСР Халық ағарту комиссары болды. 1941-1944 жылдары Қазақ КСР Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары, 1944-1957 жылдары Қазақ КСР сыртқы істер министрі, Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 1957-1961 жылдары Үндістандағы КСРО елшілігінің кеңесшісі, 1961-1964 жж. Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) профессоры, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болды.

Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыттары: Қазақстандағы педагогикалық ойдың даму тарихы, оқу-ағарту ісінің дамуы және мектептер тарихына арналған. Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастарын терең зерттеген ғалым Т.Тәжібаев 1949 жылы профессор, 1954 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, ал 1962 жылы педагогика ғылымының докторы атағын алды.

Т.Тәжібаевтың елге сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Тәжібаев Т. Абай Құнанбаев жастарды тәрбиелеу туралы /Т.Тәжібаев. – Алматы, 1964. – 166 б.

Тәжібаев Т. Жалпы психология: оқу құралы /алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған Қ.Жарықбаев, Ж.Түрікпенұлы /Т.Тәжібаев. –Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 240 б.

Тәжібаев Т. Коммунистік мораль туралы /Т.Тәжібаев. – Алматы: Қазмембаспасы, 1957. – 64 б.

Тәжібаев Т. Жаңа адамның моралі /Т.Тәжібаев //Коммунизм құрылысшысының моральдық кодексі. – Алматы, 1962. – 8-31 б.

Тәжібаев Т. «Жүрегімнің бойына терең бойла» /Т.Тәжібаев //Абай тағылымы. – Алматы, 1961. – 113-148 б.

Тәжібаев Т. Қазақстанның ауылдары мен мектептерінде қазақ балаларын тәрбиелеу (үзінділер); Абайдың психологиялық көзқарастары /Т.Тәжібаев // Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы (ХХ ғасырдың 20 жылдарынан 1995 жылға дейінгі кезең) Т.2. – Алматы, 1998. – 296-301 б.

 

Ол туралы:

Тәжібаев Төлеген// Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия. Т.3. – Алматы, 1988. – 509 б.

Тәжібаев Төлеген //Балақаев М. Зерде баспалдақтары. – Алматы, 1992. – 115-120 б.

Тәжібаев Төлеген //Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2010. -

Төлеген Тәжібаев //Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының тарихы (кеңестік дәуір 1920-1999). – Алматы, 1999. – 101-106 б.

Төлеген Тәжібаев //Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы (ХХ ғасырдың 20 жылдарынан 1995 жылға дейінгі кезең) Т.2. - /құраст. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы, 1998. – 295-296 б.

Төлеген Тәжібаев //Қазақ халқының халық ағартушылары (Халыққа білім беру саласындағы кітапханашыларға методикалық-библиографиялық көмек құралы). – Алматы, 1991. – 79-81 б. (Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана)

Алдамұрат Ә. Ұлағатты ұстаз, кемеңгер тұлға: [академик Т.Тәжібаевтың туғанына 90 жыл] /Ә.Алдамұрат // Қазақстан мектебі. – 2000. - № 7. – 50-51 б.

Адырбекұлы К. Қос алып. 1. Академик Төлеген Тәжібаев /К.Адырбекұлы //Түркістан. – 2004. – 5 ақпан.

Адырбекұлы К. Ректор Төлеген Тәжібаев: [Қазақ мемлекеттік университетін басқарған ғалым] / К. Адырбекұлы// Түркістан. - 2014. - 29 мамыр.

Дүйшенбиева Г. Ұстаз өнегесі: [Төлеген Тәжібаев жайында] /Г.Дүйшенбиева //Қазақстан мектебі. – 2000. - № 7. – 53-54 б.

Есқайыров М. Ірі ғалым, іскер басшы, ұлағатты ұстаз: [қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым Төлеген Тәжібаев туралы] / М. Есқайыров
// Мектептегі психология=Психология в школе. - 2010. - № 2. - 14-16 б.

Жұмағұлов Б. Ғалым. Ұстаз. Қайраткер: [ғалым, ректор, министр Төлеген Тәжібаев туралы] / Б. Жұмағұлов // Егемен Қазақстан. - 2010. - 9 маусым.

Қалиев С. Т.Тәжібаев және халық педагогикасы /С.Қалиев //Ұлт тағылымы. -2000. - № 2. – 19-20 б.

Мұсабеков О. Көше атауы Төлеген Тәжібаевқа лайық па?: [2014 ж. 13 маусымда психология мен педагогика ғылымдарының негізін салушы академик Төлеген Тәжібаевтың өмірден озғанына 50 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті] / О. Мұсабеков // Алматы ақшамы. - 2014. - 15 шілде.

Мырзатаева Б. Төлеген Тәжібайұлы еңбектерінің тағылымы /Б.Мырзатаева //Қазақстан мектебі. – 1999. - № 10. – 71-73 б.

Сабыр А. Ұстаз ұлағаты: [көрнекті ғалым, мемлекет, қоғам қайраткері, академик Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлы туралы] /А.Сабыр //Қазақстан мектебі. – 2003. - № 2. – 51-52 б.

Тетеева Г. Т.Тәжібаевтың халық ағарту хақындағы зерттеулері / Г.Тетеева //Қазақстан мектебі. – 1999. - № 9. – 76-78 б.

Түрікпенұлы Ж. Көрнекті ғалым-педагог, мемлекет қайраткері: [ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, академик Төлеген Тәжібаев туралы] /Ж.Түрікпенұлы //Ұлт тағылымы. – 2000. - № 2. – 12-18 б.

Ыдырысов Ә. Төлеген Тәжібаев рухына тағзым (Элегия-эссе-дұға) /Ә.Ыдырысов //Ақиқат. – 2002. - № 6. – 48-58 б.