Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Назарларыңызға «Жазушы» баспасынан жарық көрген үш томдық Абай шығармаларының академиялық толық жинағын ұсынамыз.


Абай – дара, Абай – дана қазақта!
Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз.
Өз халқын «жұрт болсын, өссін, өнсін» дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын, Абайға құлақ ассын.
Абай армандары – тек бір ғана ұлт ұстанатын мұраттар емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар.
Асыл ұстаз өсиет еткен абзал мұраттардың тек қиял боп қалмай, нақты шындыққа, нақты әлеуметтік болмысқа айналар-айналмасы мына біздерге байланысты.
Ендеше, Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда болғай!
Қай ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне бергей!

Н. Назарбаев,
Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасы.


Құрметті оқырмандар!

Назарларыңызға «Жазушы» баспасынан жарық көрген үш томдық Абай шығармаларының академиялық толық жинағын ұсынамыз.
Үш томдық толық жинақ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, текстологиялық зерттеулер негізінде қайта сараланып, мазмұндық, мәтіндік, құрылымдық тұрғыдан толықтырылып құрастырылды.

Академиялық жинақтың бірінші томына ақынның өлеңдері мен аудармалары берілді.
Екінші томға ақынның поэмалары, қара сөздері мен хаттары, музыкалық шығармалары берілді.
Үшінші томға Абай шығармалы қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы мен ақынның 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген тұңғыш жинағының литографиялық көшірмесі және қазіргі қазақ жазуына түсірілген нұсқасы берілген.

Назарларыңызға  «Жазушы»  баспасынан жарық көрген үш томдық Абай шығармаларының академиялық толық жинағын ұсынамыз. () Изображение №1