Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрген әдебиеттермен толығуда.

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананы отандық оқу және оқу-әдістеме әдебиетіне түсірілген мәдениет пен білім жетістіктерінің қоймасы десек болады. Ол бейіні жағынан қорының педагогикалық бағыттылығымен бірегей. РҒПК құжаттардың сан алуан түрлерін: барлық білім саласы бойынша кітаптарды, мерзімді және жалғаспалы басылымдарды жинақтайды.

РҒПК қоры білімнің көптеген салалары бойынша жаңа әдебиеттермен толығуда. «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрген әдебиеттермен толығуда. Соңғы кездері жинақтау көздері кеңейіп , олардың қатарына «Арман-ПВ», «Қазақ энциклопедиясы», «Фолиант», «Алматы-Болашақ», «ҚАЗақпарат», «Дәуір», «Сардар» баспа үйі, «Асыл сөз», «Балалар әдебиеті», «Жібек жолы», «Қайнар», «Нұрлы Press kz», «Ан - Арыс», «Арда+7», «Раритет», «Ел-Шежіре» т.б. жаңа баспалар қосылды.

Жақында жазушы Ұзақбай Доспанбетов кітапханамыздың қорын баға жетпес құнды еңбектерін сыйға тарту арқылы толықтыруға үлес қосты. «Баянжүрек» баспасынан жарық көрген он томдық шығармалар жинағының сегізінші томына «Абылайдың ақ туы» атты тарихи романының алғашқы кітабы енгізілген. Шығармада осыдан үш ғасыр бұрынғы, ел аузында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен сақталған қазақ-қалмақ қақтығыстары суреттеледі. Мұндағы оқиғалар негізінде Іле, Сырдария сияқты ұлы өзендердің жағалауларында, Қаратау бойында өтеді.

Келесі еңбегі «Қанды жол» романы, мұнда қазақ тарихындағы ең бір қайғылы, қаралы кезең – жиырмасыншы ғасырдың 1928-1931 жылдарындағы ашаршылық, кәмпеске, ел-жұрттың шекара асып ауа көшуі, ОГПУ солдаттары ұйымдастырған қанды қырғандар – бәрі нақтылы болған ащы шындықтар негізінде суреттелген. Романның бас кейіпкері – Құндақбай Төлендіұлының көзсіз ерлігі, мергендігі, оқ дарымастығы , басқа да қасиеттері арқасында осы оқиғалардың бастан-аяқ басы-қасында болған. Шығарманың тілі көркем, шытырман оқиғаларға толы. Әдебиет сүйер қауымның қызыға оқитыны даусыз. Роман Алматы қаласы, «ЖК Немцев» баспасында басылып шыққан.

Осы баспадан жарық көрген келесі туынды, «Бақ пен сор» деп аталады. Бұл кітабында Ұзақбай Доспанбентов әр жылдарда жазылған таңдамалы повестері, әңгімелері, сондай-ақ әдеби-сын, ғылыми-зерттеу мақалалары енгізілген. Қаламы қарымды қаламгердің тереңнен тамыр тартқан ой-толғамдары оқырманға ой салып, көңіл көкжиегін кеңейтері ақиқат.

 

https://www.facebook.com/photo?fbid=164714558606252&set=a.111108170633558

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрген әдебиеттермен толығуда. () Изображение №1