10-11 ақпан күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасында жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылдыКөрмеге жаңадан түскен кітаптар мен кітапханаға сыйға берілген кітаптар қойылды. Кітап қоры тарих, экономика, саясат, педагогика, әдебиеттану, балалар әдебиетімен толықты. Тарих саласын толықтырған «Саяси қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның материалдары (ХХ ғасырдың 20-30 жылдары)» атты екі тілде жарық көрген 33 томдық жинағы тарих факультетінің студенттеріне өте қажет туынды болары сөзсіз. Сонымен қатар, ерекше оқырмандарға әсер қалдырған балаларға арналған тамаша ертегілер жинағы мен үш тілде жарық көрген «Абай» әдеби-танымдық энциклопедиясы. Назарларыңызға жаңа кітаптарға видео-шолуды ұсынамыз! https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=767289181682117&id=100052031268955&mibextid=Nif5oz |