Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

«Табиғат аясында кітап оқу» республикалық семинары

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда берілген тапсырмасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2026 жылдың 11-12 маусым күндері «Табиғат аясында кітап оқу» республикалық семинары Алматы облысы, Кеген ауданында өтеді.

Республикалық  семинарға РҒПК қызметкерлері, Облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалалары Әдістемелік орталықтарының кітапхана әдіскерлері және республиканың мектеп кітапханшылары қатысады.

Семинардың мақсаты: «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» 16 мамырдағы №1279 Жарлықтарын іске асыру мақсатында мектеп кітапханалары арқылы оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, табиғат аясында оқуды ұйымдастырудың тиімді тәжірибелерімен бөлісу. Сонымен қатар, кітапханашылар мен әдіскерлер арасында кәсіби тәжірибе алмасуды дамыту және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жетілдіру көзделеді.