Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған "Ұлағатты ұлы тұлға" атты еске алу кеші

2023 жылдың Түріксой аясында «Темірбек Жүргенов жылы» деп жарияланғаны белгілі. Еліміздегі атқарылып жатқан көптеген мәдени-рухани іс-шаралар осы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің 125 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Осыған орай, 2023 жылдың 23-ші ақпанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, білім саласының білікті басшысы, Оқу ағарту комиссары Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған "Ұлағатты ұлы тұлға" атты еске алу кешін өткізді.

Кешке шақырылған қонақтар:

  1. Қуанова Ғалия Битайқызы - Темірбек Жүргеновтың қарындасы, заңгер, отставкадағы полковник, дербес зейнеткер
  2. Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы – қоғам қайраткері, жазушы, публицист, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты 
  3. Исламбаева Зухра Усманбекқызы - Театртанушы, өнертану кандидаты, Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры 

Кештің жүргізушісі осы кітапхананың қызметкері Оразова Әлия.
Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметі туралы қысқаша хабарламаны Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың қызметкері Қоянбаева Әсел жасады.
Кешке шақырылған қонақтар Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы «Темірбек Жүргеновтің мемлекет және қоғам қайраткерлігі» туралы айтса, Темірбек Жүргеновтың қарындасы Қуанова Ғалия Битайқызы Темірбек Жүргенов және Дәмеш Ермекова-Жүргенова туралы естелік айтты. Ал, Исламбаева Зухра Усманбекқызы «Темірбек Жүргеновтың Ұлттық драматургиядағы көркемдік бейнесі» туралы баяндама жасады.

Әсерлі кешке ғалымдар, кітапхана қызметкерлері және Абай атындағы қазақ ұлттық университетінің студенттері қатысты.
Кітапхана осы кешке арнап Темірбек Жүргеновтің еңбектері мен ол туралы материалдар жинақталған «ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ» атты тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған