Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Күзде демалыс кезеңіндегі «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» іс-шараларын өткізу әдістемесі - 5-9 сынып

"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында күзгі демалыс кезінде  «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты іс-шараларды ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдар

 

Қымбатты балалар!

Сендерге бізбен бірге кітап қиялдары әлеміне ұмытылмас топсаяхат жасауды ұсынамыз. Сендер күзгі демалыс кезінде көптеген қызықты тартымды істермен табысып, олармен достасасыздар және барлық құрбыларыңа 2023 жылғы ерекше күзгі демалыс туралы әңгімелейтін боласыңдар деп сенеміз!!!

Бірінші айналымның тапсырмалары:

  1. Кітапханаға немесе кітап дүкеніне бар немесе жақсы танысыңның немесе жақын досыңның жеке кітапханасымен мұқият таныс.
  2. Ерекше ұнаған кітаптардың тізімін жасап, олардың эмблемасының суретін сал.
  3. Кітаптардың санын өз таңдауыңа қарай іріктей аласың.

 

ПЕДАГОГТАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА!!!!

Егер Сіздің оқушыңыз (балаңыз) оқығысы келмесе ше? 9-14 жас  ашылу уақыты, кейде алғашқы махаббатты да сезіне бастайды. Балалар үлкен әлемді көргісі келеді, кітап оқу жасөспірімге дейінгі жаңа сезімдер мен өсудің жаңа кезеңін жеңуге көмектеседі. Ертегілер әлі де өзекті болып қала береді, қиял өйткені балалар қиялын дамытып отыратын кез. Бұл жаста балалар тәуелсіз болады. Естіп, біліп, көргеніне немесе оқығанына сенеді.

Күз біздің өмірімізге келді, ағаштар желге алғашқы жапырақтарын төгіп, түрлі-түсті киімдер киеді. Адамдар жылы киімдерді киіп, эмоцияларын жайлы қалың шарфтардың астына жасырады. Табиғат көктемге дейін ұйықтап кетеді, біз кофе, какао және алма шарлоткасының хош иістерімен толтырылған жеңіл меланхолияға түсеміз. Біреудің көңіл-күйі төмендейді және сәл көбірек жылу мен жақсылықты қалайды. Осы кезде бізге дұрыс таңдалған кітаптың көмегі орасан зор.

Мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы айта кететін болсақ, кітап тұлғаның рухани байлығын сақтаушы ретінде ұрпақты өткені, бүгіні және болашағымен байланыстырады.

Сондықтан біз сіздерге мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін кірпіш бола алатын бірнеше кітап таңдадық.

 

КІТАП ӘЛЕМІНЕ ШОЛУДАҒЫ СЕНІҢ МІНДЕТІҢ:

  1. Өзіңе әлдебір жаңа нәрсе жасауға ұран тастау және өзің бұрыннан кейінге қалдырып жүрген істі жасау!
  2. Күз мезгілін қызықты әрі пайдалы өткізу!
  3. Жақсы көңіл-күймен қуат алып,  күзгі демалысты өткізу!
  4. Оқу, жасау, сурет салу, оқылғандар туралы сюжеттер, әңгімелер ойлап табу!

 

СЕНІҢ КІТАП ДЕМАЛЫСЫҢ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
КІТАПТЫ СҮЙІП, ӘРІ ЖАН-ТӘНІМІЗБЕН БЕРІЛЕ ОҚИТЫН БОЛАМЫЗ!
БІЗДІҢ ҰРАНЫМЫЗ:ҚОРШАҒАН ӘЛЕМДІ БІРГЕ ТАНУ

1. Мен сендерге оқу үшін 6 кітап ұсынамын.

2. Сендерге бұл кітаптарды бір күздік демалыста оқуға кеңес береміз.

3. Оқып шықтың ба? Өте жақсы!  Қатысушылармен өз пікіріңмен бөліс. Бұл жауаптар үшін пост арнайы жасалатын болады: tiktok, кітаппен бірге фотосуреттер үшін - instagram, booktrailer.

4. Кітапты демалыста оқып, естелікке күзгі фотосуретке түс! Оны сыныптың тобына және әлеуметтік желінің сторисіне сал:

  • кітаптың атауы, авторы;
  • не ұнады, қай кейіпкерлерді ұнатасыз, ал қайсысын ұнатпайсың, өзіңде жағымсыз әсер туғызды;
  • суреттерді қосуға болады;
  • кітап оқуға қанша уақытың кетті (оқуды бастаған және аяқтаған күнің).

 

Әлеуметтік желіде «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз»#Кітап ғажайыптары әлеміндегі оқиғалар ортақ хэштегін іске қосамыз.

 

ӨЗІМІЗДІҢ ШЫНАЙЫ ЖӘНЕ СИҚЫРЛЫ "КІТАП ӨМІРІМІЗДІ" ҮЗДІК, ӘДЕМІ, ЖАРҚЫН ЕТЕМІЗ!

Үйіңді жинақы, ал оқуды ұнамдырақ ететін 5 пайдалы әрі ұнамды тапсырманы (ата-анаңмен бірге) орында!

ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ: 2023 жылғы 30 қазаннан 05 қарашаға дейін іске қосамыз.

Ал енді сендерге оқуға қандай кітаптар ұсынатыным және сендерді қандай тапсырмалардың күтіп тұрғаны туралы толығырақ айтамыз!

5-9 сынып оқушылары, мен сендерге мына кітаптарды оқуға ұсынамын:

  1. Бауыржан Момышұлы. «Көз алдымда бәріңсің»
  2. Абай. «Таңдамалары»
  3. В.З. Галиев. «Ұлтты оятқан кітап» Міржақып Дулатұлы және оның «Оян, қазақ!» кітабының ізімен
  4. Джоан Роулинг. «Гарри Поттер туралы кітаптар сериясы»
  5. Марк Твен.  «Том Сойердің басынан кешкендері»
  6. М.Тазабек.  «Еркем, өмірің болсын көркем».
  7. Қаз дауысты Қазыбек би
  8. Брайн Трэси. «12 әмбебап қағидаттар»
  9. И.Есенберлин. «Ғашықтар»
  10. Міржақып Дулатұлы. «Бақытсыз Жамал»

Кітаптардың әр оқырманға жетуі үшін мектептен мектепке, ауданнан ауданға еріп жүретін Әдеби сандықтың саяхатын ұсынамыз.

 

КІТАП ТАПСЫРМАЛАРЫ:

1. Үйде оқуды жайлы әрі ұнамды ет!  Сен әдетте қайда оқисың (мен жауапты күні бұрын білсем де),  әйтсе де? Оқуға жайлы жер жасап алғың келе ме? Онда күз – бұл үйіңді түрлендіру үшін керемет кез! Кез келген ой сәйкес келеді:  сәнді жастық, шайға немесе кофеге арналған шыныаяқ, жанға жайлы көрпеше немесе кітапқа арналған тұғыр, кез келген басқа керек-жарақ  сатып алудан бастап өзіңіз іске асыра алатын ауқымды идеяларға дейін, мәселен, үйіңде оқуға арналған бұрыш жасау! Әлдебір сәнді нәрсені сатып алуға немесе өз қолыңмен жасауға болады!

2. Демалыста кітап оқы және естелікке күзгі фотосуретке түс! Әрі оны сыныптың тобына сал.

3. Егер сен ата-анаңмен бірге демалысқа кетсең,  өзіңмен бірге жолға қызықты кітап алуды ұмытпа!!! Бізге өзіңнің "саяхатшы" кітабыңды көрсет! Еңбек демалысы немесе көрші саябақтағы күзгі демалыс кезіндегі кітаптың фотосуретін түсір! 

4. Ұнамды кітап кейіпкерінің портретін сал.

Кітап қайырымдылығы – кітап сыйла! Алдыңғы тармақтың жалғасы ретінде–басы артық кітаптарды қажетті болатын қалалық кітапханаға немесе басқа мекемеге (қарттар үйі, балабақша) апарып беріңіз. Немесе кітапты достарыңа немесе жақындарыңа сыйла!  Бұлда сүйсінерлік іс әрі жақсы көңіл-күй сыйлайды!

5. Кітапқа арналған жаңа бетбелгі сатып ал немесе жаса!

Сендер әлемдегі ең әдемі әрі таңғаларлық бетбелгі сатып ала аласыңдар, ол әр кез өзінің бір ғана келбетімен өзіңді қуантатын болады! Сонымен бірге қолдан бетбелгі жасауға да болады, ол кітапты одан да бағалы ете түседі және жағымды көңіл күй туғызады!

 

Сендерге тамаша қызықты демалыс тілейміз!!!

Осы күз естеріңде ұзақ жылдар бойына қалатын болсын!!!