Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» атты іс-шараларды ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдар - 5-9 класс

Қымбатты балалар!

Сендерге бізбен бірге кітап қиялдары әлеміне ұмытылмас топ саяхат жасауды ұсынамыз. Сендер қысқы демалыс кезінде көптеген қызықты тартымды істермен табысып, олармен достасасыздар және барлық құрбыларыңа 2023-2024 жылғы ерекше қысқы демалыс туралы әңгімелейтін боласыңдар деп сенеміз!!!

Бірінші айналымның тапсырмалары:

  1. Кітапханаға, кітап дүкеніне бар, жақсы танысыңның, жақын досыңның жеке кітапханасымен мұқият таныс.
  2. Ерекше ұнаған кітаптардың тізімін жасап, олардың эмблемасының суретін сал.
  3. Кітаптардың санын өз таңдауыңа қарай іріктей аласың.

ПЕДАГОГТАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА!!!!

Егер Сіздің оқушыңыз (балаңыз) оқығысы келмесе ше? 9-14 жас ашылу уақыты, кейде алғашқы махаббатты да сезіне бастайды. Балалар үлкен әлемді көргісі келеді, кітап оқу жасөспірімге жаңа сезімдер мен өсудің жаңа кезеңін жеңуге көмектеседі. Балалар қиялын дамытып отыратын кез болғандықтан, ертегілер әлі де өзекті болып қала береді. Бұл жаста балалар тәуелсіз болады. Естіп, біліп, көргеніне немесе оқығанына сенеді.

Мектеп мұғалімдері:

  • кітап оқу–білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отыра оқушының кітапқа деген көзқарасын көтеруге ықпал беру;
  • оқуға, білім алуға деген ынталарын дамытуын күнделікті өз сабақтары мен тәрбие сағаттарында айта жүру міндеттеледі.

Қыс мезгілі біздің өмірімізге енуде, адамдар жылы киімдерді киіп, эмоцияларын жайлы қалың шарфтардың астына жасырады. Табиғат көктемге дейін ұйықтап кетеді, біз кофе, какао және алма шарлоткасының хош иістерімен толтырылған жеңіл меланхолияға түсеміз. Біреудің көңіл-күйі төмендейді және сәл көбірек жылу мен жақсылықты қалайды. Осы кезде бізге дұрыс таңдалған кітаптың көмегі орасан зор.

Мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы айта кететін болсақ, кітап тұлғаның рухани байлығын сақтаушы ретінде ұрпақты өткені, бүгіні және болашағымен байланыстырады.

Сондықтан біз сіздерге мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке тәрбиелеу үшін кірпіш бола алатын бірнеше кітап таңдадық.

КІТАП ӘЛЕМІНЕ ШОЛУДАҒЫ СЕНІҢ МІНДЕТІҢ:

  1. Өзіңе әлдебір жаңа нәрсе жасауға ұран тастау және өзің бұрыннан кейінге қалдырып жүрген істі жасау!
  2. Қыс мезгілін қызықты әрі пайдалы өткізу!
  3. Жақсы көңіл-күймен қуат алып, қысқы демалысты өткізу!
  4. Оқу, жасау, сурет салу, оқылғандар туралы сюжеттер, әңгімелер ойлап табу!

СЕНІҢ КІТАП ДЕМАЛЫСЫҢ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
КІТАПТЫ СҮЙІП, ӘРІ ЖАН-ТӘНІМІЗБЕН БЕРІЛЕ

ОҚИТЫН БОЛАМЫЗ!
БІЗДІҢ ҰРАНЫМЫЗ: ҚОРШАҒАН ӘЛЕМДІ БІРГЕ ТАНУ

  1. Мен сендерге оқу үшін 10 кітап ұсынамын.
  2. Сендерге бұл кітаптарды бір қысқы демалыста оқуға кеңес береміз.
  3. Оқып шықтың ба? Өте жақсы! Қатысушылармен өз пікіріңмен бөліс. Бұл жауаптар үшін пост арнайы жасалатын болады: tiktok, кітаппен бірге фотосуреттер үшін - instagram, booktrailer.
  4. Кітапты демалыста оқып, естелікке қысқы фотосуретке түс! Оны сыныптың тобына және әлеуметтік желінің сторисіне сал:
  • кітаптың атауы, авторы;
  • не ұнады, қай кейіпкерлерді ұнатасыз, ал қайсысын ұнатпайсың, өзіңде жағымсыз әсер туғызды;
  • суреттерді қосуға болады;
  • кітап оқуға қанша уақытың кетті (оқуды бастаған және аяқтаған күнің). Әлеуметтік желіде #«Қыcта кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз», #Кітап ғажайыптары әлеміндегі оқиғалар ортақ хэштегін іске қосамыз.

 

ӨЗІМІЗДІҢ ШЫНАЙЫ ЖӘНЕ СИҚЫРЛЫ "КІТАПӨМІРІМІЗДІ" ҮЗДІК, ӘДЕМІ, ЖАРҚЫН ЕТЕМІЗ!

Үйіңді жинақы, ал оқуды ұнамдырақ ететін 5 пайдалы әрі ұнамды тапсырманы (ата-анаңмен бірге) орында!

ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ: 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 07 қаңтарына дейін іске қосамыз.

Ал енді сендерге оқуға қандай кітаптар ұсынатыным және сендерді қандай тапсырмалардың күтіп тұрғаны туралы толығырақ айтамыз!

5-9 сынып оқушылары, мен сендерге мына кітаптарды оқуға ұсынамын:

  1. Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя»
  2. Абай. «Таңдамалылары» мен «Қара сөздері»
  3. Сақ Қайрат Өмірбайұлы «Алаш мұрасы»
  4. Джоан Роулинг. «Гарри Поттер туралы кітаптар сериясы»
  5. Марк Твен. «Том Сойердің басынан кешкендері»
  6. Ж.Жұмаханов. «Солдат жолы».
  7. Ф.Оңғарсынова. «Таңдамалылары»
  8. Р.Роллан. «Жан Кристоф» романы
  9. Ж.Свифт. «Гулливер лилипуттар елінде»
  10. Ғ.Себепов. «Нелло мен патраш»

Балалар!

Ромен Ролланның «Жан Кристоф» романын ықшамдап аударған адам автор ретінде өзін Ысқақ деп көрсеткен. Эрих Распенің «Мүнхаузеннің басынан кешкен хикаясын» аударған жан — Сәлкен. Ал Жонатан Свифттің «Гулливер лилипуттар елінде» шығармасын Ғ.Оспанов деп жазып қалдырған автор аударса, Уиданың «Нелло мен патраш» кітабын аударған Ғ.Себепов деп жазылып тұр.

Қор қызметкерлері аудармашылардың кім екенін іздеген, бірақ мұндай тегі немесе лақап аты бар адам таппаған. Әйтсе де бұл шығармаларды алаш қайраткерлері аударған деп есептейді. Алаштанушылар да аты-жөнін «Ғ.Себепов» деп жазған адам Ғабит Мүсірепов болуы мүмкін екенін айтыпты. Бұл кітаптар 1936-1937 жылдары аударылған. Репрессия жылдары қудаланбау үшін жазушылар кітапты осылай есімін жасырып шығарған болуы керек, — дейді Әділбек Нәби.

Ж. Жұмаханов прозасының негізгі тақырыбы – өзі көрген, басынан кешкен Ұлы Отан соғысындағы қанды оқиғалар. Оқушыларды отанды сүюге және патриотизмге тәрбиелейді.

«Ұшқан ұя» романы – Бауыржан Момышұлының мемуарлық шығармасы. Шығармаға автордың балалық шағынан, ес біле бастаған, мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі өмірі өзек болған. Жазушы өзінің тұлға ретінде қалыптасуына ұшқан ұясы ықпал еткенін баяндай отырып, отбасы мүшелерін: әжесі Қызтумас, әкесі Момыш, немере ағасы Момынқұл, әпкелері Үбиан, Әлимандарды өзіндік бейнелерімен әр қырынан танытқан.

 Абайдың қара сөздерін оқыған адам Абай сөйлесіп, пікірталаста отырғандай сезінеді. Өлеңіңдегі бір өзгешелік отыз жетінші сөзінде мазмұн жоқ. Абайдың қарасөздерінде жиырма үштен астам афоризмдер жинағы бар. Әрбір елде сонымен қатар қазақ халқында адамдардың бір-біріне деген іштарлығы, бір-біріне көралмаушылығы көптеп кездеседі. Абай атамыз өзінің «Үшінші сөзінде осы жайлы қозғаған» әрбір жалқау кісі қорқақ, ақылсыз, надан келеді. Әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді. Әрбір арсыз жалқаудан сұрама, өзі тойымсыз, тиымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.

 Фариза Оңғарсынова қазақ әдебиетінде поэзия жанрында адуынды жырларымен баурап алған поэзия падишасы. Ф.Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары әр адамды қызықтырары айдан анық. Өзінің шығармашылығымен әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып отырған Ф.Оңғарсынова жырларын зерттеуге көптеген ғалымдар қызығушылық танытқан.

Балаға кітап оқудың керек және пайдалы екенін көрсету үшін: — Балаңызға шағын кітапхана жасап беріңіз. Оқуға ынтасы болған кезде таңдауы шектелмеуі үшін. — Баланың әр оқыған кітабы үшін мақтап отырыңыз, кітап оқитындығы туралы барлығына айтып жүріңіз, мотивация болады. — Балаңыз мектепке баратын болса, демалыс уақыттарында кітап оқуға 1 сағаттарыңызды бөлуге тырысыңыздар. — Ең бастысы, баланы кітапты үздіксіз көп оқуға мәжбүрлемеңіз.

Кітаптардың әр оқырманға жетуі үшін мектептен мектепке, ауданнан ауданға еріп жүретін «Әдеби сандықтың» саяхатын ұсынамыз.

КІТАП ТАПСЫРМАЛАРЫ:

1. Үйде оқуды жайлы әрі ұнамды ет! Сен әдетте қайда оқисың (мен жауапты күні бұрын білсем де), әйтсе де? Оқуға жайлы жер жасап алғың келе ме? Онда қысқы мезгілде–бұл үйіңді түрлендіру үшін керемет кез! Кез келген ой сәйкес келеді: сәнді жастық, шайға немесе кофеге арналған шыныаяқ, жанға жайлы көрпеше немесе кітапқа арналған тұғыр, кез келген басқа керек-жарақ сатып алудан бастап өзіңіз іске асыра алатын ауқымды идеяларға дейін, мәселен, үйіңде оқуға арналған бұрыш жасау! Әлдебір сәнді нәрсені сатып алуға немесе өз қолыңмен жасауға болады!

2. Демалыста кітап оқы және естелікке қысқы фото суретке түс! Әрі оны сыныптың тобына сал.

3. Егер сен ата-анаңмен бірге демалысқа кетсең, өзіңмен бірге жолға қызықты кітап алуды ұмытпа!!! Бізге өзіңнің "саяхатшы" кітабыңды көрсет! Еңбек демалысы немесе көрші саябақтағы қысқы демалыс кезіндегі кітаптың фотосуретін түсір!

4. Ұнамды кітап кейіпкерінің портретін сал.

Кітап қайырымдылығы – кітап сыйла! Алдыңғы тармақтың жалғасы ретінде–басы артық кітаптарды қажетті болатын қалалық кітапханаға немесе басқа мекемеге (қарттар үйі, балабақша) апарып беріңіз. Кітапты достарыңа немесе жақындарыңа сыйла! Бұлда сүйсінерлік іс әрі жақсы көңіл-күй сыйлайды!

5. Кітапқа арналған жаңа бетбелгі сатып ал немесе жаса! (қар ұшқының жасауға кеңес беремін)

Сендер әлемдегі ең әдемі әрі таңғаларлық бетбелгі сатып ала аласыңдар, ол әр кез өзінің бір ғана келбетімен өзіңді қуантатын болады! Сонымен бірге қолдан бетбелгі жасауға да болады, ол кітапты одан да бағалы ете түседі және жағымды көңіл күй туғызады!

Сендерге тамаша қызықты демалыс тілейміз!!!

Осы қысқы демалыс естеріңде ұзақ жылдар бойына қалатын болсын!!!