Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Қазақтың ұлы педагог-ағартушысы

2016 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ халқының аса көрнекті ағартушы - педагогы, публицист-жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПЕДАГОГ-АҒАРТУШЫСЫ» атты тақырыптық кеш болып өтті.

Кешке шақырылған қонақтар:

1. Миразова Аягүл Төреқызы - Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Алтын жұлдыз» белгісі, «Отан» ордені, «Ы.Алтынсарин», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Конституцияға 10 жыл» және «Дарын» медалдарының иегері.

2. Төлегенова Фарида Ғалымжанқызы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы.

3. Манкеш Ақсәуле Ержанбайқызы - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және Психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі».

Кеш қонақтары «Ыбырай Алтынсарин алғашқы қазақ оқулықтарының авторы», «Ыбырай ізімен», «Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні» тақырыптарында Ыбырай Алтынсариннің өмірі, қоғам қайраткерлігі, публицистігі, ағартушылығы, педагогтығы туралы өз ойларын ортаға салып, тыңғылықты, қызықты етіп айтып берді.

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы қысқаша хабарламаны кітапхана қызметкері Клара Иманбекова жасады.

Кешке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының және Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінің студенттері, ғылыми қызметкерлер, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кітапхана Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметіне арналған «Дала жұлдызы - Ыбырай Алтынсарин» атты 3 бөлімді тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кешті кітапхана қызметкері Оразова Әлия жүргізді.

 

Презентация

 


 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы: Ғылым, 1994.- 288 б.

2. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы (Киргизская хрестоматия). - Алматы: Білім, 2003. - 112 б.

3. Алтынсарин Ыбырай (1841-1889) //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия / бас. ред. Ә.Нысанбаев. - Т. 1. – Алматы, 1998. – 318-320 б.

4. Ыбырай Алтынсарин тағылымы:  Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер / құраст. М.Жармұхамедов.- Алматы: Жазушы,1991. - 384 б.

5. Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары /пед.ғылымдарының Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты; құраст. С. Қалиев. - Алматы: Рауан, 1991. - 200 б.

 6. Ыбырай Алтынсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы / бас.ред. Б.Аяған.-  Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, 2007.- 3-368 б.

7. Ы.Алтынсарин мұралары және білім берудің өзекті мәселелері: Аймақтық ғылыми практикалық конференцияның материалдары. - Жезқазған: ЖезУ, 2001. – 233 б.

8. «ЖаҺандану жағдайында ұлттық білім беру жүйесінің даму мәселелері», «Алтынсарин оқулары» = «Алтынсаринские чтения», «Развитие национальной системы образования в условиях глобализации»: халықаралық  ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, 20 қазан, 2008 ж. – Алматы:  Алтынсарин атындағы ҰББА, 2008.- 280 б.

9. Ыбырай Алтынсарин //Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы: 10  томдық. Т.5. (Қазақстанның Ресейге бағыну кезіндегі тәлімдік ойлар  және оқу-ағарту ісінің жайы) /құраст. С.Қалиев, К.Аюбай. – Алматы: Сөздік-Словарь,  2008.- 106-192 б.

10. Мәдібаева Қ.Қ. Ыбырай Алтынсариннің тарихи тұлғасы /Қ.Қ.Мәдібаева // Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ, орыс сыныптарында. - 2011.- № 6.- 2-4 б.

11. Ыбырай Алтынсарин туралы мақалалар  // Аңыз адам. - 2013.- № 6.- 3 - 50 б.

12. kk.wikipedia.org/wiki/Ыбырай

13. tarihi-tulgalar.kz/ibrai

14. bilimkozy.idhost.kz/kz/referat                                                

Қазақтың ұлы педагог-ағартушысы () Изображение №1Қазақтың ұлы педагог-ағартушысы () Изображение №2Қазақтың ұлы педагог-ағартушысы () Изображение №3