Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Ғалым, түркітанушы, тіл білімін қалыптастырушы, филология ғылымдарының докторы, академик Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ» атты тақырыптық кеш

 2017 жылдың 18-ші мамырында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының  ұйымдастыруымен  ғалым,  түркітанушы,  тіл білімін қалыптастырушы,  филология ғылымдарының докторы, академик Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың туғанына 110 жыл  толуына арналған «ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ» атты тақырыптық кеш болып өтті.

Кешке шақырылған қонақтар:

1. Жанұзақов Телғожа Сейдінұлы – филология ғылымдарының докторы , профессор, Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының ғылыми қызметкері

2. Уәлиев Нұргелді Мақажанұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері

3. Қосымова Гүлбану Сейілбекқызы – филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Жалпы тіл білімінің кафедрасының профессоры

4. Әрінова Бақыт Айтуқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің доценті

Кеш қонақтары: «Қазақи дүниетанымдағы Ісмет Кеңесбаевтың Фразеологиялық сөздігінің мәні», «Ісмет Кеңесбаевтың еңбектері» «Академик Ісмет Кеңесбаевтың ғылыми еңбектерінің мектепке арналған алғашқы оқулықтарда тұжырымдалуы» тағы басқа тақырыптарда өз ойларын ортаға салды.

Ісмет Кеңесбаевтың өмірі мен қызметі туралы қысқаша хабарламаны жасаған Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың қызметкері Клара Иманбекова.

Кешке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері, ғылыми қызметкерлер, кітапхана оқырмандары қатысты.

Ісмет Кеңесбаевтың өмірі мен ағартушылық қызметіне арналған «ПЕДАГОГ-ҒАЛЫМ, ТҮРКІТАНУШЫ» атты 3 бөлімді тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кештің жүргізушісі кітапхана қызметкері Оразова Әлия.

 

Презентация

Ғалым, түркітанушы, тіл білімін қалыптастырушы, филология ғылымдарының докторы, академик Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ» атты тақырыптық кеш () Изображение №1Ғалым, түркітанушы, тіл білімін қалыптастырушы, филология ғылымдарының докторы, академик Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ» атты тақырыптық кеш () Изображение №3Ғалым, түркітанушы, тіл білімін қалыптастырушы, филология ғылымдарының докторы, академик Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ» атты тақырыптық кеш () Изображение №2