Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

3 мамыр күні Астана қаласында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында «Жетілдіру және ынталандыру» монографиясының, «Білім» ғылыми-педагогикалық журналы, «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналдарының тұсаукесері болды

Алғы сөзді Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның президенті Тыныбаева Мадина Ағланқызы сөз сөйлеп ашып берді.

РҒПК және Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА бірлескен жұмысы ретінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры Сайдембаева Алия Шуратқызы «Кітапхана қызметін жандандыру мақсатындағы жаңа жобалар» тақырыбында таныстырылым көрсетті.

«Цифрлық кітапхананың» автоматтандырылған «Барлығы қол жетімді» модулінің оқытушылар мен оқушыларға арналған «Интерактивті диктант» сервисі жайында және «Цифрлық кітапхананың» ғылыми кітапханаларға, жоғары оқу орындарына, ғылыми институттарға, колледждерге, білім беру мекемелеріне, ғалымдар мен зерттеушілерге, білім беру ұйымының мамандарына арналғандығын айтып өтті. Соңында ашық микрофонда қатысушылар өз ойларын айтып, пікірлерін білдірді.