Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

«Конституция - әділетті қоғамның кепілі»: Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана қызметкерлерімен кездесу

Бүгін Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана қызметкерлеріне арналған «Конституция – әділетті қоғам кепілі» тақырыбында жиын өткізілді.

Жиын барысында жаңа Конституция жобасына қатысты ұсыныстарды eGov және e-Өтініш платформалары арқылы жолдау мүмкіндіктері түсіндіріліп, конституциялық құндылықтардың қоғам дамуындағы рөлі талқыланды. Сонымен қатар жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің құқықтық мемлекет құрудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы және әділетті қоғам қалыптастырудағы маңызы атап өтілді.

Қатысушылар жаңа мәтінде өмір сүру құқығының абсолюттілігі, жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, цифрлық дәуірдегі жеке деректерді қорғау, «Миранда ережесінің» бекітілуі сияқты нормалардың көрініс тапқанын талқылады. Сондай-ақ сөз бостандығы, ғылыми-техникалық және шығармашылық еркіндік, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері қамтылғаны айтылды.

Конституция преамбуласында әділетті қоғам құру, заң мен тәртіпті сақтау, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттары айқындалғаны атап өтілді. Бұдан бөлек, отбасы институтын нығайтуға бағытталған нормалар, оның ішінде неке ұғымы, аналық, әкелік және жалғыз басты ата-аналарды қорғау мәселелері кеңінен қарастырылды.

Жиын қорытындысында қатысушылар Конституциялық өзгерістердің ел болашағына деген сенімді арттырудағы маңызына тоқталып, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

«Конституция - әділетті қоғамның кепілі»: Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана қызметкерлерімен кездесу () Изображение №1«Конституция - әділетті қоғамның кепілі»: Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана қызметкерлерімен кездесу () Изображение №2«Конституция - әділетті қоғамның кепілі»: Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана қызметкерлерімен кездесу () Изображение №3«Конституция - әділетті қоғамның кепілі»: Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана қызметкерлерімен кездесу () Изображение №4«Конституция - әділетті қоғамның кепілі»: Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана қызметкерлерімен кездесу () Изображение №5