Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

«ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР КОНТЕКСТІНДЕГІ МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ» панельдік секция

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы (ҚР ОАМ РҒПК) 2022 жылдың 12-ші тамызында ҚР ОАМ РҒПК базасында «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАСЫМДЫҚ: БАЛАЛАР және БІЛІМ БЕРУ» білім беру көшбасышларының республикалық тамыз форумы аясында «ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР КОНТЕКСТІНДЕГІ МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ» тақырыбында №26 панельдік секция жұмысы өткізілді.

ҚР ОАМ Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Нурланов Елдос Болатханұлы алғысөзбен секция жұмысын ашты.

ҚР ОАМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры Сайдембаева Алия Шуратовна «Оқуға құштар мектеп: Мұғалім-Оқушы-Кітапханашы» тақырыбында бас баяндаманы оқып, мектеп кітапханаларының қазіргі мәселелерін көтерді.

Секция жұмысында ҚР ОАМ РҒПК, Назарбаев университетінің қызметкерлері, Павлодар облысы Успен ауданы білім беру бөлімінің әдіскері және мектеп кітапханашылары заманауи талаптар бойынша мектеп кітапханаларының қызметін жаңғырту мәселелерін талқылады, сонымен қатар кітапхана ісі жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.

Мәселен, Назарбаев университеті пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің эксперт-менеджері Абдыкаимов Зият Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін ақпараттық технологиялар мен цифрлық контентке қолжетімділікті қамтамасыз ету жөнінде мәселе көтерді. Қызылорда қаласы №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп -лицейінің кітапханашысы Сарсенова Гульмира Ертасовна “E-Kazyna” автоматтандырылған кітапхана жүйесі бойынша мектеп кітапханаларының қызметін цифрландыру тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға білім басқармаларының кітапхана ісі жөніндегі мамандары, әдістемелік кабинеттердің, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кітапхана әдіскерлері, «БАҰО», Назарбаев Университеті кітапхана мамандары және республиканың мектеп кітапханашылары, барлығы 180 адам қатысты.

Тамыз конференциясы Алматы қаласы, ҚР ОАМ РҒПК базасында өтті.

Байланыс телефондары: ҚР ОАМ РҒПК : 8 (727) 291-69-11, E-mail: rnpb_kz@mail.ru

«ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР КОНТЕКСТІНДЕГІ МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ» панельдік секция () Изображение №1«ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР КОНТЕКСТІНДЕГІ МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ» панельдік секция () Изображение №2«ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР КОНТЕКСТІНДЕГІ МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ» панельдік секция () Изображение №3«ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР КОНТЕКСТІНДЕГІ МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ» панельдік секция () Изображение №4«ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР КОНТЕКСТІНДЕГІ МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ» панельдік секция () Изображение №5«ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР КОНТЕКСТІНДЕГІ МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ» панельдік секция () Изображение №6