Тіркеу: «Жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» тақырыбында жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандарының ғылыми-практикалық конференциясын2019 жылдың 10-11 қазанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесіп «Жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» тақырыбында жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандарының ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Өткізілетін жері: Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс. Конференцияға қатысушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары білімнен кейін білім беру департаментінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясының және Түркия жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандары, сондай-ақ баспалардың, кітап сататын ұйымдардың, ақпарат орталықтарының, компьютерлік және Интернет компаниялардың өкілдері. Конференцияның мақсаты:
Конференция нәтижелері бойынша ынтымақтастықтың түрлері, тиімді әдістері мен технологиялары, кітапханалардың бір-біріне қатысты құқықтары мен міндеттері туралы өзара тиімді келісімдерді сақтауға, осы қызметтің талаптарын түзетуге құрылатын жоғары оқу орындары кітапханаларының өңіраралық, мемлекетаралық және ұлтаралық өзара әрекеттестігін тереңдету жөнінде ұсынымдар қабылданатын болады. Жұмыстың негізгі проблемалық-тақырыптық бағыттары:
Конференцияның айрықша ерекшелігі: нақты бағыттылығы, мамандардың қызу кәсіби араласуы. Іс-шара:
Конференцияны өткізу кезеңінде тақырыптық көрмелер ұйымдастырылатын болады. Конференцияның болжамдалатын нәтижелері:
Конференция жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасына е-mail: rnpb_kz@mail.ru: 1) Қазақстан жоғары оқу орындары кітапханалары 2019 жылдың 2 қыркүйегіне дейін конференция тақырыбы бойынша жұмыс туралы ақпаратты; 2) Конференцияның барлық қатысушылары:
Мәтін Microsoft World редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) 14 қарпімен және 1 (бір) қатар аралығымен теріледі. Жиегі: сол жақтағысы – 3 см., оң жақтағысы – 1,5 см., үстіңгісі мен астыңғысы – 2 см. Ортасында бас әріппен қою қаріппен сөйленетін сөздің тақырыбы. Келесі жолдың ортасында - автордың тегі, аты, әкесінің аты (толығымен), лауазымы, жұмыс орны (елі, қаласы көрсетілген ұйымның атауы). Әрі қарай бір жол тастап азат жолдан – сөйленетін сөздің мәтіні.
«Жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» тақырыбында жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандарының ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға өтінім
Конференцияның жұмыс бағдарламасы қатысуға өтінімдердің түсуіне қарай әзірленетін болады және 2019 жылдың қыркүйегінде түпкілікті анықталады. Конференцияға қатысуға байланысты іссапар шығындары жіберуші тараптың есебінен. |