Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

«Ретро» электронды каталогының мәліметтер базасын өңдеу.

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың Әдебиеттерді ғылыми өңдеу бөлімшесінде автоматтандырылған ақпарат-кітапхана жүйесі MARK SQL бағдарламасында электрондық каталогтың «Ретро» деректер базасын редакциялау, яғни қайта өңдеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Құжаттардың библиографиялық сипаттамаларын, бөлімдердің дұрыстығын, кітап индекстерін, мүлік номерін мемлекетік стандартқа сәйкес тексеріс жүргізіліп келеді. Кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестесі бойынша 2- Жаратылыстану бөлімінен бастап 73- Ғылыми – ақпарат қызметі бөлімдері толық өңдеуден өтті. Қазіргі кезде 74- Білім. Педагогика ғылымы бөлімін қайта өңдеу жұмысын жүргізу басталды.

«Ретро» электронды каталогының мәліметтер базасын өңдеу. () Изображение №1«Ретро» электронды каталогының мәліметтер базасын өңдеу. () Изображение №2