Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Кітапхана сирек кездесетін кітаптар қорынан 110 атау бойынша кітаптарды электрондық форматқа көшіріп, оқырмандарға ұсынып отыр.

Соңғы жылдарда ақпараттық ресурстарды қағаздан цифрлық форматқа аудару - Қазақстан кітапханалары үшін кезек күттірмейтін міндет. Цифрландыру жаһандық трендке айналуда және мәдени процесті техникалық қолдауға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және қолдау мақсатына бағытталған.

Республиканың бірқатар кітапханалары «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша кітап қорларын сандық форматқа көшіру жұмыстарын бастап кетті. Сандық жүйе кітапхана қызметінің дамуына оң ықпал етіп, кітапхана қорын құру, сақтау және одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді. 

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханада да цифрландыру шаралары жетілдірілуде. Кітапхана сирек кездесетін кітаптар қорынан  110 атау бойынша кітаптарды  электрондық форматқа көшіріп, оқырмандарға ұсынып отыр. 

Бүгінгі түрлі заманауи технологиялардың: смартфондар мен гаджеттердің дамыған ХХІ-ші ғасырда кітапханаға келушілер санының сирегендігі жасырын емес. Сондықтан, қазына қоймасының қызметін заманға сай жетілдіру маңызды міндет. Әсіресе, цифрлы жүйеге көшу кітапханалар жүйесінде зор мәнге ие.

Кітаптар мен газет-журналдарды электрондық форматқа көшіру арқылы өте сирек кездесетін ескі құжаттардың жойылу қауіпі азаяды.

Кітапхана сирек кездесетін кітаптар қорынан 110 атау бойынша кітаптарды электрондық форматқа көшіріп, оқырмандарға ұсынып отыр. () Изображение №1