KITAPHANA.EDU.KZ ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша түсіндірме жүргізілдіТүркістан облысы, Созақ ауданы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында KITAPHANA.EDU.KZ ақпараттық жүйесіне көшу және оны тиімді пайдалану бағытындағы аудандық практикалық-оқыту семинары өтті. Іс-шараға аудан мектептерінің 33 кітапханашысы қатысты. Семинар барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мамандары ZOOM платформасымен қосылып, жүйенің құрылымы, функционалдық мүмкіндіктері, кітапхана қорын цифрландыру бойынша кеңес берді. Мамандар кітапханашылардың сұрақтарына жауап беріп, тәжірибелік түрде жұмыс істеу әдістерін көрсетті. Шара мектеп кітапханаларының жұмысын заманауи талаптарға сәйкестендіру, цифрлық жүйеге кезең-кезеңімен көшу және кітапханашылардың кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. |



