Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

«KitapFest - 2023 білім әлемінде» республикалық семинар

2023 жылдың 27 – 28 сәуірінде Алматы облысы, Қонаев қаласында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында (РОСО) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен бірлесіп Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған «Жас талап» жобасын іске асыру жоспарына сәйкес «KitapFest - 2023 білім әлемінде» тақырыбында республикалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - техникалық және кәсіптік білім ұйымдары кітапханаларының қорын толықтыру, жұмыс сапасын жақсарту, шығармашылық күш-қуатын арттыру және республикалық колледждер кітапханашыларының кәсібилігін көтеру.

Екі күнге созылған семинарға Облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалалары Білім басқармаларының өкілдері, Ақын-Жазушылар, ҚР баспалары қызметкерлері, РҒПК қызметкерлері, ҚР колледждерінің кітапханашылары, Қонаев қаласы, «Балдаурен» РОСО қызметкерлері қатысты.

Семинарға қатысушылар техникалық және кәсіптік білім ұйымдары кітапханаларының өзекті мәселелерін, кітапхананың ролі мен орнын, қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.