Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында республикалық онлайн кездесу өтті

28 қаңтар күні Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры бірлесіп, Zoom платформасында еліміздің 20 өңірінен 100-ге жуық кітапханашы және әдіскердің қатысуымен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасының негізгі мақсат-міндеттері таныстырылып, жобаны іске асыру тетіктері, кезеңдері және жоба аясында ұсынылатын оқуға арналған кітаптар тізімі бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар кітапханашыларға жобаны білім беру ұйымдары мен кітапханаларда тиімді жүзеге асыру жолдары, оқырмандармен жұмыс форматы және оқу үдерісін жандандыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстар ұсынылды.

Аталған бірлескен бастама елімізде тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни ойлау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ қазақстандықтардың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмысты ұйымдастыруды көздейді.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында республикалық онлайн кездесу өтті () Изображение №1«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында республикалық онлайн кездесу өтті () Изображение №2