Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы 2019 жылдың 14-15 маусымында Маңғыстау облысының Білім беру басқармасымен бірлесіп, «Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары = Школьные библиотеки в системе цифровых коммуникаций: пути решения проблем» тақырыбында облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім беру басқармалары мектептер оқулықтары кітапхана қорлары жөніндегі бас мамандарға және қалалық (аудандық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған республикалық семинар өткізді.

Семинардың жұмысына жүзден астам адам – еліміздің 17 өңірінен мектеп оқулықтары кітапхана қорлары жөніндегі мамандар мен әдіскерлер және Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының мектептері кітапханашылары қатысты.  ҚР БҒМ РҒПК директоры А.Ә.Насырованың сөзінде Қазақстан Республикасы мектептері кітапханаларының қазіргі заманғы жай-күйіне талдау жасалып, олардың отандық білім беру жүйесінің эволюциясындағы, білім алушыларға тәрбие мен  білім беру сапасын арттыруда ақпараттық, мәдени-демалыс орталықтары ретіндегі рөлі аталып өтті, кітапхана-библиографиялық қызмет көрсетудің дәстүрлі және инновациялық әдістерін кіріктіру жолымен оқу-тәрбие процесін қамтамасыз етуде басым міндеттер белгіленді.

Бүгінде цифрлық прогресс өмірімізге берік енді, ол біздің күнделікті тіршілігіміздің көп бөлігін айқындайды. Біздің бәріміз цифрлық технологиялардың барған сайын белсенді пайдаланушыларына айналып келеміз.

Соңғы жылдары мектеп кітапханалары электрондық ақпарат технологиялары белсенді түрде ендірілуде, бұл олардың жұмысының түрлері мен әдістеріне айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, Интернетке жалғанған, жарақтандырылған компьютерлердің саны өсуде, кейбір мектеп кітапханаларында Wi-Fi аймақтар бар.  Негізінен жаңа мектептер кітапханалары соңғы үлгідегі компьютер техникасымен жарақтанған. Мектеп кітапханаларының көпшілігі көшірмелеу-көбейту техникасымен жарақтандырылған. Бірқатар кітапханаларда бір мезгілде компьютерлер мен телевизорлар, бейнемагнитофондар мен DVD-лер бар.

Техникалық құралдар бар мектептерде кітапханашылардың көпшілігі ақпараттық, оқыту және жарнамалық сипаттағы меншікті электрондық өнімдер – бүктемелер, электрондық әдістемелік басылымдар, әдебиеттердің ақпараттық және ұсынымдық тізімдері жасақталады. Жұмыс тәжірибесінің таныстырылымдары әзірленеді; көпшілік іс-шараларды сүйемелдеу үшін бейнероликтер, фильмдер түсіріледі. Сондай-ақ толық мәтінді оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК) жасақталады. Кейбір мектептер кітапханаларының, негізінен гимназиялардың, жалпы білім беретін лицейлердің кітапханаларының білім беру ұйымының сайтында өз парақшалары бар.

Қазіргі кезде мектептер кітапханалары пайдаланушыларға ақпарат ресурстарына қатынаудың көптеген нұсқаларын: QR-код арқылы, Коворкинг және Буккросинг ақпарат орталықтары арқылы; мектептер кітапханаларының web-сайтында on-line режимінде ұсынуда.

Республика мектептерінің көпшілігінде өз кітапханасының қорына MARK-SQL ААКЖ тегін лицензиялық бағдарламасымен бірге электрондық каталогтар ендірілуде және оны жасақтау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Кейбір мектептер кітапханаларында «КАБИС» және «Кітапхана 4.02» автоматтандырылған кітапхана-ақпарат бағдарламасында электрондық каталог жасақтау жұмыстары жүргізілуде.

Жоғарыда айтылғандардың айғағы семинар қатысушылары Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Анар Ғалиасқарқызы Сағындықованың, Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы № 6 мектеп-гимназия кітапханасының меңгерушісі Әлия Мұханбетқызы Елеусізованың, Түркістан облысы Қазығұрт аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Әлия Егізекованың, Жамбыл облысы Тараз қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Толқын Мұхаммедқызы Аяпбергенованың жарқын сөздері болды.

Семинар жұмысының қорытындылары бойынша практикалық ұсынымдар қабылданды. Оларды іске асыру мектептер кітапханаларын білім алушыларға білім және тәрбие беру сапасын арттыруға септігін тигізетін заманауи ақпарат-білім орталығы етіп түрлендіру процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға семинарға қатысқанын растайтын сертификаттар және облыстық білім беру басқармаларының мектеп оқулықтары кітапхана қорлары жөніндегі үздік бас мамандарына және қалалық (аудандық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының Құрмет грамоталары тапсырылды.

Семинардың барлық қатысушылары осы іс-шараны жоғары кәсіптік деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының басшысы Асқар Әбиұлы Сейдалиевке, облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ақылбек Сүйінбекұлы Мүберекке және Ақшүкір мектеп-лицейінің директоры Қаламқас Қалиқызы Тілеубаеваға алғысын білдірді.

 

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №1Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №2Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №3Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №4Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №5Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №6Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №7Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №8Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №9Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №10Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №11Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №12Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №13Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №14Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №15Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №16Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №17Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №18Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары () Изображение №19