Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Бүгін, 4 ақпан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы директоры міндетін атқарушы Аманова Анар Сұлтанқызының ұйымдастыруымен, Білім беру ұйымдары кітапханаларының қызметін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы ZOOM платформасында бас қосты


Бас қосудың күн тәртібінде:

Мектеп оқушыларының көркем әдебиетті ең аз көлемде міндетті түрде оқуы үшін арналған тізім туралы кеңесті.

Сөз сөйлегендер:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басқарма басшысы Күлсариева Гүлмира Әлімбайқызы жасалған тізіммен таныстырып, мақсаты мен мәнін түсіндірді.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының ғылыми хатшысы Таласбаева Гүлнар Темірболатқызы тізімге енген әдебиеттер жөнінде өз пікірін білдірді.
  3. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің кітапхана басшысы Нуралиева Перизат Күзембайқызы мектеп кітапханаларының қоры туралы мәселелерді көтерді.

Жиынды қорытындылай келе, тізімді министрлікке нақты жүйеге келтіріп, бекітуге ұсыну үшін қайта жасауға уақыт берілді.