Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Біліктілікті көтеру курстары – 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы (Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25 үй. Байланыс телефоны 8 (727) 291-69-11) базасында 2016 жылы республика білім беру жүйесі кітапханалары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін курстар өткізіледі.

Курстардың мерзімдері мен тақырыптары:

  • 2016 жылғы 14-19 наурыз күндері аудандық (қалалық) мектеп кітапханалары оқулықтары қорымен жұмыс жөніндегі әдіскерлер үшін: «Мектеп және колледж кітапханалары жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету» (сабақ көлемі 48 сағат);
  • 2016 жылғы 11-16 сәуір күндері мектеп және колледж кітапханалары қызметкерлері үшін: «Мектеп және колледж  кітапханасының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында (сабақ көлемі 48 сағат);
  • 2016 жылғы 17-22 қазан күндері мектеп және колледж кітапханалары қызметкерлері үшін: «Мектеп және колледж  кітапханасының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында (сабақ көлемі 48 сағат);
  • 2016 жылғы 7-12 қараша күндері аудандық (қалалық) мектеп кітапханалары оқулықтары қорымен жұмыс жөніндегі әдіскерлер үшін: «Мектеп және колледж кітапханалары жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында (сабақ көлемі 48 сағат).

Аталған курстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысымен бекітілген  «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі» негізінде ақылы өтеді, оқу қорытындысы бойынша Сертификат беріледі. Курс ақысы- 20 000 теңге.

Курсқа келушілер «Түркістан»  қонақүйіне алдын-ала қоңырау шалып, тұратын орын қажеттігі туралы мәлімет алу үшін қонақүй әкімшілігіне хабарласуын  сұраймыз.

«Түркістан» қонақүйінің байланыс тел.: 8 (727) 266 41 36 (әкімшілік), 354-76-12, 8701-740-50-30- Оспанова Ләззат Рамазановна (менеджер)

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының  мекен жайы: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25 үй.

 «Түркістан» қонақ үйінен кітапханаға келуі: № 29, 65, 121, 141 автобустарымен,  №  9, 11, 19 троллейбустарымен «Қабанбай батыр» аялдамасына дейін.

Анықтама телефондары: 8 (727) 291 - 69 - 11   ҚР БҒМ РҒПК