Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Алматы облысы, Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында колледж кітапханашыларына арналған республикалық семинар өтеді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі Министрлік) техникалық және кәсіптік білім департаменті Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен (бұдан әрі РҒПК) бірлесіп Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған «Жас талап» жобасын іске асыру жоспарына сәйкес 2023 жылдың 27-28 сәуірі аралығында «KitapFEST» тақырыбында колледж кітапханашыларына арналған Республикалық семинар  өтеді.

Республикалық семинарға Министрлік өкілдері, Облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалалары Білім басқармаларының өкілдері, Ақын-Жазушылар, Қазақстан баспалары, РҒПК қызметкерлері, ҚР колледждерінің кітапханашылары қатысады.

Семинардың мақсаты - техникалық және кәсіптік білім ұйымдары кітапханаларының қорын толықтыру, жұмыс сапасын жақсарту, шығармашылық  күш-қуатын арттыру және республикалық колледждер кітапханашыларының кәсібилігін көтеру.

Семинарға қатысушылар техникалық және кәсіптік білім ұйымдары кітапханаларының өзекті мәселелерін, кітапхананың ролі мен орнын, қазіргі жағдайы мен болашағын талқылайды.

Семинар бағдарламасында пленарлық отырыс, авторлармен кездесу, Қазақстан баспалары өнімдерінің көрмелерін ұйымдастыру, кітаптар таныстырылымы, колледж кітапханаларының кітап қорын көркем әдебиеттермен және  мамандықтарға байланысты оқу әдебиеттерімен толықтыру жөнінде дөңгелек стол, колледж кітапханаларын заманауи техникамен жасақтау және цифрландыру туралы шебер-сыныптар өткізу, өзара тәжірибе алмасу жоспарланған.

Күтілетін нәтижелер: колледж кітапханаларының қорын сапалы толықтыру, инновациялық жұмыс тәжірибелерімен алмасу және оларды жүзеге асыру. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының қызметін одан әрі жетілдіруге, оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға септігін тигізетін нақты ұсынымдар қабылдау.

Семинарға қатысушыларға  сертификат беріледі.

Байланыс телефондары: 8 (727) 291-69-11, E-mail: rnpb_kz@mail.ru