Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

2021 жылға арналған білім беру саласындағы атаулы даталар күнтізбегі

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың ғылыми-библиография бөлімшесінің 2021 жылға арналған білім беру саласындағы атаулы даталар күнтізбегі: библиографиялық ұсыныс көрсеткіші қазақ, орыс тілдерінде баспаға дайындық үстінде.

Бұл күнтiзбекте Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым саласындағы тарихи және ресми құжаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы деректер, ағартушылардың, педагогтардың, ғалымдардың, бiлiм беру саласы қызметкерлерiнiң, бiлiм тарихын зерттеушiлердiң, оқулықтар мен оқу құралдары авторларының атаулы даталары жайлы мәлiметтер берiлген.

Күнтiзбек үш бөлiмнен тұрады: бiрiншi бөлiмде – бiлiм беру саласындағы әр айдың даталар күнтiзбегi; екiншi бөлiмде айы мен күнi белгiсiз даталар; үшiншi бөлiмде бiрiншi, екiншi бөлiмдегi – жұлдызша (*) арқылы белгiленген әрбір датаға қысқаша анықтама мен әдебиеттер тiзiмi берiлген. Күнтiзбектiң соңында аталған есiмдердiң алфавиттiк көрсеткiшi, сонымен қатар авторлардың, редакторлардың және құрастырушылардың алфавиттiк көрсеткiшi берiлген.

Күнтiзбек оқытушыларға, студенттерге, оқушыларға, ағарту саласы кітапханаларының қызметкерлеріне және көпшілік қауымға арналған. Күнтізбек казақ және орыс тілдерінде жеке басылым болып шығады.

 Иманбекова К.Ж.:Құрастырушы  Насырова А.А.:Редактор

2021 жылға арналған білім беру саласындағы атаулы даталар күнтізбегі () Изображение №12021 жылға арналған білім беру саласындағы атаулы даталар күнтізбегі () Изображение №2