Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

2021 жылдың 23-24 сәуірінде колледждер кітапханашыларының «Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер - Цифровая эпоха: возможности и проблемы в работе библиотеки колледжа» тақырыбындағы республикалық семинары өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы (ҚР БжҒМ РҒПК) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесіп  2021 жылдың 23-24 сәуірінде Түркістан қаласында колледждер кітапханашыларының «Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер - Цифровая эпоха: возможности и проблемы в работе библиотеки колледжа» тақырыбында республикалық семинар өткізді.

Семинарға 50-ден астам  адам – Республиканың  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  басшылары мен мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ғылыми - әдістемелік бөлімшесінің басшысы А.Б. Емишованың: «Сандық дәуірдегі колледж  кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер» тақырыбындағы баяндамасында республика колледждері кітапханаларының заманауи жағдайы жөнінде талдау жүргізілген.

Колледждер кітапханашыларының «Цифрлық дәуір: колледж кітапханасының жұмысындағы мүмкіндіктер мен проблемалар» тақырыбындағы республикалық семинарына қатысушылар қазіргі кезде білім беру саласында белсенді түрде іске асырылып жатқан, цифрлық білім беру ортасын қалыптастыруға және білім беру қызметін терең жаңғыртуға бағытталған цифрландыру процесі білім беру ұйымдарының барлық кітапханаларының, соның ішінде колледждер кітапханаларының да қазіргі дамуы кезеңін қамтып отырғанын атап көрсетеді. Цифрландыру процесі бірінші кезекте олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуына, кітапханалардың құрылымы мен интерьеріне өзгеріс енгізді. Мәселен, коллеждер кітапханаларында пайдаланушылар үшін жайлы жағдайлар жасаған. Колледждер кітапханаларының көпшілігінде бөлек абонемент, кітап сақтау, оқу залы үй-жайлары, медиатека аймақтары бар. Колледждер кітапханаларының басым бөлігі пайдаланушыларға меншікті электрондық ақпараттық ресурстарына және Интернет-ресурстарға тегін қолжетімділік ұсынатын ең азы компьютер техникасының 3 және одан көп жиынтығымен, сонымен бірге көшірмелеу-көбейту техникасымен жарақталған. Кітапхана қызметкерінің әрбір дерлік жұмыс орны автоматтандырылған. Компьютерлер, әдетте, кітапхананың және колледждің жергілікті желісіне жалғанған. Колледждердің оқу залдарында Wi-Fi аймақтар орнатылған Барлық кітапхана іс-шаралары заманауи техникалық және мультимедиалық құралдарды белсенді пайдалана отырып, өткізіледі.

Кітапхана процестерін цифрландыру процесі каталогтар мен картотекаларды дәстүрлі карточкалық жүргізуден АБИС автоматтандырылған кітапхана бағдарламалары базасында электрондық каталогтың деректер базаларын толтыруға көшуден басталды. Күнделікті жұмыста кітапханалар Интернеттің ақпараттық ресурстарын белсенді пайдаланады. Кітапханаларда колледждің бейіні бойынша тұрақты түрде түсетін сұраныстар негізінде толық мәтінді электрондық папкалар жасақталады, интернет-сілтемелер архивтері: өздерінің деректер базаларына қолжетімділік ұсынатын кітапханалардың, колледждің білім беру процесінде қажетті ақпаратты жариялайтын сайттар мен порталдардың адрестері әзірленеді. Кітапханалардың ақпараттық мүмкіндіктері Интернет арқылы қолжетімді ақпараттық ресурстарға қашықтан қатынау есебінен кеңейеді, олардың көпшілігі толық мәтінді деректер базалары түрінде ұсынылған.

Колледждер кітапханаларындағы цифрландыру процесі электрондық түрде толық мәтінді ақпаратты жинақтау және сақтау жұмысымен де байланысты. Дейтұрғанмен, жекелеген колледждер кітапханалары колледждің оқу процесін қамтамасыз ететін электрондық кітапхана құру жұмысына кірісті. Кітапханалардың қорларындағы құжаттарды цифрлық форматқа көшіру – даналары аз әрі оқу процесінде аса қажет етілетін құжаттардың меншікті электрондық коллекциясын жасап, әрі қарай пайдаланушыларға оларға кітапхана қабырғасында қолжетімділік ұсыну басталады..

Семинарға қатысушылардың барлығын таныстыру барысында колледж кітапханаларының жұмысында инновациялық тәжірибе алмасу өтті. Семинарға қатысушылар тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырған баяндамалардың сапасы мен өзектілігін жоғары бағалады. Семинарға қатысушылардың сөйлеген сөздерінде республиканың колледждер кітапханаларын - жаңа мыңжылдықтың кітапханаларына, жаңа буын кітапханаларына - заманауи білім беру ұйымының көпфункционалды интеллектуалды ақпараттық-білім беру орталығына одан әрі жетілдіру қажеттілігі баса айтылды.

Семинар соңында колледждер кітапханаларының үздік мамандары ҚР БҒМ РНПБ Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ семинарға қатысушылардың барлығына жеке сертификаттармен марапатталды.

Семинарға қатысушылардың барлығы осы іс-шараны жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Түркістан облысы бойынша адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Жолаев Рақымбек Қуатбекұлына шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

Межеленген бағыттарды іс жүзіне асыру бірыңғай ақпарат-білім беру орталығын құруды қамтамасыз етеді, ашықтық және қолжетімділік негізінде, соның ішінде Интернет желісі арқылы кітапхана-ақпарат қызметтерін қашықтан ұсынатын білім беру ұйымдары кітапханаларының заманауи кітапханаларының сапалық жаңа инновациялық модельдерін құруға септігін тигізетін болады.

 

 

ҰСЫНЫМДАРЫ

 

Цифрлық ортадағы колледждер кітапханаларының пайдаланушыларына кітапхана-ақпараттық қызмет көрсетуді одан әрі жаңғырту үшін мыналар қажет:

1) кітапханалардың материалдық-техникалық базасын одан әрі жаңғырту, оларды жылдамдығы жоғары Интернетке қолжетімділік ұсына отырып, компьютер техникасымен, техникалық құралдармен (принтер, сканер, ксерокс), кәсіби автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық  жүйелермен (бағдарламалармен) жарақтандыру; 

2)      негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруға, сонымен қатар білім алушылардың жан-жақты дамуына септігін тигізетін кітапханалардың түрлі пішімді қорларын (баспа, мультимедиалық, цифрлық) қалыптастыру;

3) кітапханалардың жұмыс тәжірибесіне заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және кітапхана-ақпараттық процестерді автоматтандыруды жедел, тиімді әрі сапалы ендіру;  

4) колледждің бейіні бойынша оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттердің меншікті толық мәтінді электрондық деректер базаларын жасақтау жөніндегі жүйелі жұмысты ұйымдастыруда колледждің барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын топтастыру және үйлестіру;

5) заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану негізінде, сонымен қатар меншікті электрондық өнімдер - виртуалдық кітап көрмелерін, әдебиеттердің ақпараттық және ұсынымдық тізімдерін, электрондық әдістемелік басылымдарды, бүктемелерді, жұмыс тәжірибесінің таныстырылымдарын; көпшілік іс-шараларды сүйемелдеуге арналған бейнероликтерді, фильмдерді жасау үшін ақпараттық-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын жандандыру;

6) өңірдің (қаланың, ауданның) озық, техникалық жарақталған колледжінің кітапханасы базасында мыналарға:

  • өңірдің (қаланың, ауданның) колледждерінің кітапханашыларын заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларға және кітапхана-ақпараттық процестерді автоматтандыруға оқытуға;
  • электрондық каталогқа қолмен енгізудің еңбек көп жұмсалатын процесін жеделдету, бірыңғай кәсіби автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйелерді пайдаланып, бірыңғай технология бойынша жалпы білім беретін пәндер, педагогика, білім беру және өлкетану жөніндегі кітаптар мен мақалалардың жиынтық электрондық каталогтарын қалыптастыру үшін колледждер кітапханаларының өңірлік корпоративтік желісін құруға; 
  • меншікті толық мәтінді деректер базаларын қалыптастыру үшін авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманы сақтай отырып жалпы білім беретін пәндер, педагогика және білім беру, өлкетану жөніндегі даналары аз, бағалы және асқан сұранысқа ие басылымдарды цифрлау жұмыстарын үйлестіруге және жұмылдыруға;
  • өңір (қала, аудан) колледждері кітапханаларының желілік өзара әрекеттесуі үшін жағдай жасауға септігін тигізетін ақпарат-әдістемелік және ресурстық орталық құру. 
 
 
 

«Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер» тақырыбында колледж кітапханашыларына арналған республикалық семинар БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Өткізілетін орны:

Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы,

Түркістан көпсалалы, қолөнер колледжі

Өткізілетін күні:

2021 жылдың 23-24 сәуірі

Қатысушылар:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым                                             

министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің өкілі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының қызметкерлері,  Республиканың  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары  кітапханашылары  

Бірінші күн, 23 сәуір

Өткізілетін орны:         

Түркістан қаласы,

Түркістан көпсалалы, қолөнер колледжі

УАҚЫТЫ

ІС-ШАРА

09.30-10.00

Семинарға қатысушыларды тіркеу

ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС

10.00-10.30

Семинардың салтанатты  ашылуы

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті өкілінің;
  • Түркістан облыстық білім басқармасы өкілінің;
  • Түркістан көпсалалы, қолөнер колледжі басшысының;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасының бас кеңесшісі Айман Әлиқызы Насырованың кіріспе сөздері

                          ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС БАЯНДАМАСЫ

10.30-10.45

«Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер»

Емишова Аманкуль Бастаубаевна, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ғылыми-әдістеме бөлімшесінің басшысы

10.45-11.15

ҮЗІЛІС

Уақыты

СӨЗ СӨЙЛЕУШІЛЕР

11.15-11.30

«Электрондық ғасырда ақпарат қызметін көрсету: колледж кітапханасының ролі мен мүмкіндіктері»

Егеубаева Жанар Бакытжановна, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері

11.30-11.45

«Цифровая эпоха: открывающиеся возможности и возникающие проблемы в работе библиотеки колледжа»

Акмагамбетова Роза Газизжановна, руководитель отдела Управления образования г.Алматы

11.45-12.00

 

 

 

 

12.00-12.15

 

 

 

12.15-12.30

 

 

 

12.30-12.45

 

 

12.45-13.00

«Электрондық ғасырда ақпарат қызметін көрсету: колледж кітапханасының ролі мен мүмкіндіктері»

Султанова Гульмира Маратовна, Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің «кітапханашы» мамандығын арнайы пәндер бойынша оқытушысы, Павлодар облысы

 

«Коммуникациялық сандық жүйедегі колледж кітапханасының ролі. Электрондық кітапхана»

Биттибаева Ултуар Баубековна, Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінің кітапхана меңгерушісі

 

«Цифровая эра: новаторские возможности и возникающие проблемы в библиотеке колледжа»

Шоменбаева Салтанат Сакеновна, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі

 

 «Сандық коммуникациялық дәуірдегі кітапханашы»

Косалиева Гульнар Орынбасаровна, Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің кітапхана меңгерушісі

 

«Колледж кітапханасында сандық технологиялардың қалыптасуы»

Адасханова Ұлбосын Рахимбердиевна, Шымкент

политехникалық колледжінің кітапханашысы

13.00-14.00

ТҮСКІ  АС

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Тақырыбы: «Колледж кітапханаларының сандық ғасырдағы

ақпараттық қызмет көрсетуі»

14.00-15.30

Модератор: Емишова Аманкуль Бастаубаевна, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ғылыми-әдістеме бөлімшесінің басшысы

 

Регламент:   сөз сөйлеу  - 15 минут

 

ҚАТЫСУШЫЛАР:

14.00-14.15

 

«Современные тенденции развития мобильных библиотек колледжа»

Сулейменова Алтынгуль Ашимовна, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлы-педагогикалық колледжінің кітапхана меңгерушісі

14.15-14.30

 

«Электрондық ғасырда ақпарат қызметін көрсету: колледж кітапханасының ролі мен мүмкіндіктері»

Абуова Улдана Ермагамбетовна, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің кітапхана меңгерушісі

14.30-14.45

 

«Электрондық ғасырда ақпарат қызметін көрсету: колледж кітапханасының ролі мен мүмкіндіктері»

Жакенова Жансая Зейнекаримовна, Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің кітапхана меңгерушісі

14.45-15.00

 

«Замануи колледж кітапханасы және электрондық ресурстар: қорды толықтыру, қызмет көрсету, мүмкіндіктер»

Супалдиярова Гульмира Есмаганбетовна, Республикалық жоғары техникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы

15.00-15.15

 

«Колледж  кітапханаларын ақпараттық және сандық технологияландыру»

Бурунбетова Маржан Амангельдиновна, Шығыс-Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Өскемен жоғары медициналық колледжінің кітапхана меңгерушісі

15.15-15.30

 

«Сандық дәуір: колледж кітапханасындағы жаңашыл мүмкіндіктер мен туындаған проблемалар»

Қалимуратова Саяжан Сембекқызы, Талдықорған агротехникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі

15.30-15.45

«Колледж кітапханаларын автоматтандыру: ақпараттық жүйелер және кітапханалық үрдістер»

Мұстапаева Алима Хабибуллақызы, Түркістан жоғары медицина колледжінің кітапхана меңгерушісі

15.45-17.00

Түркістан қаласындағы колледждер кітапханаларына экскурсия

 

ЕКІНШІ КҮН,  24 СӘУІР

Өткізілетін орны: 

Түркістан қаласы,

Түркістан көпсалалы, қолөнер колледжі

09.00-09.15

«Кітапханалық маркетинг»

Смакова Салтанат Жақсылыковна, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің кітапханашысы, арнайы пән оқытушысы, Ақмола облысы 

09.15-09.30

«Колледж кітапханасын автоматтандыру; кітапхана жұмысының тиімділігін арттыру»

Жаңабаева Гүлдариха Перимхановна, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің кітапхана меңгерушісі

09.30-09.45

«Колледж кітапханасында әлеуметтік желілерді қолдану: жұмыс тәжірибесінен»

Биттибаева Ултуар Баубековна, Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінің кітапхана меңгерушісі

09.45-10.00

 

«Заманауи технологиялардың дамуы жағдайында колледж кітапханасының жұмысына ендіру: жұмыс тәжірибесінен»

Бекманова Маржан Мельдебековна, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің кітапханашысы, Шымкент қаласы

10.00-10.15

 

«Автоматтандырылған кітапханалық бағдарламалар және оны колледж кітапханасының жұмысына ендіру: жұмыс тәжірибесінен»

Пазылова Зулфия Жамалдиновна, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің кітапхана меңгерушісі

10.15-10.30

 

«Колледж кітапханасын автоматтандыру; кітапхана жұмысының тиімділігін арттыру»

Рахимова Зарина ЖомартовнаЖ.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің кітапхана меңгерушісі

10.30-10.45

 

«Колледж кітапханаларын автоматтандыру: ақпараттық жүйелер және кітапханалық үдерістер»

Нұржақыпова Мейрамгүл Әсетқызы, Шығыс-Қазақстан облысы Электротехникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі

10.45-11.00

 

«Сандық дәуір: колледж кітапханасындағы жаңашыл мүмкіндіктер мен туындаған проблемалар»

Байназарова Гулжамал Серикбаевна, Жол-көлік колледжінің кітапхана меңгерушісі, Шымкент қаласы

11.00-11.30

ҮЗІЛІС

ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫ

Тақырыбы: «Колледж кітапханаларын автоматтандыру – уақыт талабы»

  11.30-13.00

 

Модератор: Насырова Айман Әлиқызы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапханасының  бас кеңесшісі.          Регламент:  сөз сөйлеу  - 15 минут

 

ҚАТЫСУШЫЛАР:

 

«Автоматизация библиотек колледжа - это требование времени»

Сулейменова Аймагуль Жастлековна, А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі, Қарағанды облысы

 

«Колледж кітапханаларын автоматтандыру уақыт талабы»

Сеитова Гүлжанат Токбановна, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің кітапхана меңгерушісі

 

«Колледж кітапханаларын автоматтандыру уақыт талабы»

Одаман Гүлсара, Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі

 

«Колледж кітапханасын автоматтандыру уақыт талабы»

Саттарова Сапаркуль Дауановна, Тараз сервиз және технология колледжінің кітапханашысы

 

«Колледж кітапханаларын автоматтандыру уақыт талабы»

Туйтебаева Эльмира Социаловна, Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің кітапханашысы, Павлодар облысы

13.00 -14.00      

ТҮСКІ АС

         ДИАЛОГ АЛАҢЫ

Тақырыбы:  «КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАШЫСЫ – ақпараттық бапкер»

14.00-15.00

 

Модератор:  Алпамышева Динара Джумакадыровна, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ғылыми-әдістеме бөлімшесінің аға әдіскері

 

Регламент:  сөз сөйлеу  - 15 минут

 

ҚАТЫСУШЫЛАР:

 

Амирханова Райгуль Гильмановна, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының бөлім басшысы

 

«Колледж кітапханашысы- ақпараттық бапкер»

Федяева Лариса Павловна, Индустриалды-техникалық колледжінің кітапханашысы, Шымкент қаласы

 

 «Колледж кітапханашысы- ақпараттық бапкер»

Бакбергенова  Күнсая  Шарипбекқызы, Алматы автомеханикалық колледжінің кітапхана меңгерушісі

 

«Колледж кітапханашысы- ақпараттық бапкер»

Абжаппарова Клара Прмашовна, Кентау көпсалалы колледжінің кітапхана меңгерушісі

15.00-16.00

Еркін микрофон

Ұсыныстар қабылдау

Семинар жұмысын  қорытындылау  

2021 жылдың 23-24 сәуірінде  колледждер кітапханашыларының «Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер - Цифровая эпоха: возможности и проблемы в работе библиотеки колледжа» тақырыбындағы республикалық семинары өтті () Изображение №12021 жылдың 23-24 сәуірінде  колледждер кітапханашыларының «Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер - Цифровая эпоха: возможности и проблемы в работе библиотеки колледжа» тақырыбындағы республикалық семинары өтті () Изображение №22021 жылдың 23-24 сәуірінде  колледждер кітапханашыларының «Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер - Цифровая эпоха: возможности и проблемы в работе библиотеки колледжа» тақырыбындағы республикалық семинары өтті () Изображение №32021 жылдың 23-24 сәуірінде  колледждер кітапханашыларының «Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер - Цифровая эпоха: возможности и проблемы в работе библиотеки колледжа» тақырыбындағы республикалық семинары өтті () Изображение №42021 жылдың 23-24 сәуірінде  колледждер кітапханашыларының «Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер - Цифровая эпоха: возможности и проблемы в работе библиотеки колледжа» тақырыбындағы республикалық семинары өтті () Изображение №52021 жылдың 23-24 сәуірінде  колледждер кітапханашыларының «Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер - Цифровая эпоха: возможности и проблемы в работе библиотеки колледжа» тақырыбындағы республикалық семинары өтті () Изображение №62021 жылдың 23-24 сәуірінде  колледждер кітапханашыларының «Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер - Цифровая эпоха: возможности и проблемы в работе библиотеки колледжа» тақырыбындағы республикалық семинары өтті () Изображение №82021 жылдың 23-24 сәуірінде  колледждер кітапханашыларының «Сандық дәуірдегі колледж кітапханасы: мүмкіндіктер мен мәселелер - Цифровая эпоха: возможности и проблемы в работе библиотеки колледжа» тақырыбындағы республикалық семинары өтті () Изображение №7