Білім беру ұйымдары кітапханашыларының біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру ҚР БҒМ РҒПК қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. ҚР БҒМ РҒПК ұйымдастыратын кітапханашылардың біліктілігін арттырудың басты нысандары практикалық семинарлар, конференциялар, біліктілікті арттыру курстары, жеке оқыту түрлері – тағылымдамалар, кеңестер болып табылады.
2014 жылы төрт республикалық семинар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 513 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылға арналған Жұмыс жоспарын және Желілік кестесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес аудандық (қалалық) білім бөлімдері мектеп оқулықтары кітапхана қорлары жөніндегі әдіскерлерінің «Мектептің білім беру кеңістігіндегі кітапхананың рөлі» тақырыбындағы екі өңірлік семинары:
- Қызылорда облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп, 2014 жылдың 12-13 мамырында Қызылорда қаласында - республиканың батыс және оңтүстік облыстарының мамандары үшін.
2014 жылдың 12-13 мамырында Қызылорда қаласында «Мектептің білім беру кеңістігіндегі кітапхананың рөлі» тақырыбындағы өңірлік семинардың жұмысына Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары білім беру басқармаларының мамандары, Қызылорда облысының мектептері мен колледждерінің кітапханашылары қатысты. Семинардың жұмысына барлығы 200-ден астам адам қатысты.
Семинардың нәтижесі қатысушылардың практикалық ұсынымдар қабылдауы болып табылды.
Өскелең ұрпаққа қазіргі заманғы білім беру және тәрбиелеу жүйесінің міндеттеріне сәйкес келетін мектеп кітапханаларын әрі қарай дамыту үшін семинарға қатысушылар мынадай шаралардың қажет екендігін атап көрсетті:
- жалпы білім беру мекемелері кітапханаларының алаңдарының өлшемдері нормативтерін СанҚжН-ның заманауи талаптарына сәйкес әзірлеу;
- жалпы білім беру мекемелерін материалдық-техникалық қамсыздандыру нормативтерін білім беру процесінің заманауи талаптарына сәйкес әзірлеу;
- кепілдендірілген, нысаналы жинақтау мақсатында кітапхана қорларын жаңа әдебиетпен толықтыруды мемлекеттік қолдау (республикалық бюджет есебінен) шарттарын әзірлеу;
- мектеп кітапханаларының кітап қорларын жыл сайын толықтыруға нысаналы трансферттер бөлу;
- жалпы білім беретін мектеп жаздырып алатын балалар мен жасөспірімдерге арналған мерзімді басылымдар атауларының жыл сайынғы тізбесін әзірлеу.
Семинар барысында: Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған № 4 мектеп-интернат кітапханасының Сәлима Шалабайқызы Малимованың «Ерлікке тағзым» кітабын таныстыра отырып, «Оқушылармен көпшілік шаралар ұйымдастыру. Оқушылар арасында пікірталастар ұйымдастыру» тақырыбындағы; Қызылорда қалалық № 3 мектеп-лицей кітапханасының Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы А.Тұяқбаевтың «Электронды кітапхана» авторлық кітапханалық автоматтандырылған бағдарламасын таныстыра отырып, «Кітапхана жұмысының заманауи нысандары мен түрлері» тақырыбындағы инновациялық кітапхана идеялары мен жобаларының зертханасы ұйымдастырылды.
Семинарды өткізу кезеңінде ҚР БҒМ РҒПК-ның білім беру жүйесінің кітапханаларына арнап басып шығарған әдістемелік-билиографиялық құралдарының көрмесі және М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитариялық колледжінің медиатека-кітапханасына топсаяхат ұйымдастырылды.
- Шығыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп, 204 жылғы 27-28 қазанда Өскемен қаласында – республиканың солтүстік, шығыс және орталық облыстарының мамандары үшін.
2014 жылдың 27-28 қазанында Өскемен қаласындағы «Мектептің білім беру кеңістігіндегі кітапхананың рөлі» тақырыбындағы өңірлік семинардың жұмысына Астана қалалық, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары білім беру басқармаларының мектеп оқулықтары кітапхана қорлары жөніндегі әдіскерлері мен мектеп кітапханашылары қатысты. Семинар жұмысына барлығы 60-тан астам адам қатысты.
Семинардың нәтижесі қатысушылардың практикалық ұсынымдар қабылдауы болып табылды.
Заманауи білім беру жүйесінің міндеттеріне сәйкес келетін мектеп кітапханаларын әрі қарай дамыту үшін мынадай шаралар қажет:
1) «Төрт жылдық кезеңде білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдар мен қосымша әдебиеттердің, соның ішінде электронды тасығыштардағы әдебиеттердің тізбесіндегі» қосымша, көркем және балалар әдебиетінің тізімін жүйелі түрде жаңарту;
2) жергілікті өңірлік деңгейдегі аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің мектеп оқулықтары кітапхана қорлары жөніндегі әдіскерлерінің қызметі мыналарға бағытталсын:
- мектеп кітапханаларының негізгі қорын жинақтауды қолдау шарттарын әзірлеу;
- мектеп кітапханаларының жұмыс тәжірибесіне заманауи сыйысымды автоматтандырылған ақпарат-кітапханалық бағдарламаларды кеңінен ендіру;
- мектеп кітапханашыларының кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамыту – жыл сайын «Үздік кітапханашы» кәсіби шеберлік байқауларын, практикалық семинарлар, шебер кластар, мектеп кітапханаларының өзекті проблемалары жөніндегі дөңгелек үстелдер өткізу.
Семинар барысында Өскемен қаласының «Нұр орда» халықаралық мектебінің кітапханашысы М.С.Мұхамедиеваның «Оқушылармен көпшілік шараларды ұйымдастыру» және ҚР БҒМ РҒПК маманы А.Б.Емішованың «ААКЖ - MARK-SQL » автоматтандырылған ақпарат-кітапхана жүйесі» тақырыптарындағы шебер-класс өткізілді.
Семинарды өткізу кезеңінде ҚР БҒМ РҒПК-ның білім беру жүйесінің кітапханаларына арнап басып шығарған әдістемелік-билиографиялық құралдарының көрмесі және «Нұр орда» халықаралық мектебінің кітапханасына топсаяхат ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кәсіби-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғырту департаментімен келісім бойынша 2014 жылдың 29-30 қыркүйегінде Ақмола облысының Щучье қаласында Ақмола облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп, колледждер кітапханашыларының «Электронды кітапхана: пайдаланушыларға ақпарат қызметін көрсету үшін мүмкіндіктер» тақырыбындағы республикалық семинары өткізілді.
2014 жылдың 29-30 қыркүйегінде Ақмола облысының Щучье қаласында өткен колледждер кітапханашыларының «Электронды кітапхана: пайдаланушыларға ақпарат қызметін көрсету үшін мүмкіндіктер» тақырыбындағы республикалық семинарының жұмысына республиканың он бес өңірінің: Астана, Алматы қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары колледждері кітапханаларының мамандары қатысты. Семинардың жұмысына барлығы 60-тан астам адам қатысты.
Семинардың нәтижесі қатысушылардың практикалық ұсынымдар қабылдауы болып табылды:
- колледждердің кітапханашылардың тиімді кәсіби қызметін ынталандыруға және үстеме ақы белгілеу секілді тәсілдерді пайдаланып, кітапхананың дамуына белгілі бір үлес қосқан кітапханашыларды әлеуметтік қолдауға бағытталған ішкі шаралар кешенін әзірлеуі;
- білім беру процесінің заманауи талаптарына сәйкес колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, жайлы ақпарат-білім беру ортасын құру;
- кепілдендірілген, нысаналы жинақтау мақсатында колледждердің кітапхана қорларын жинақтауды мемлекеттік қолдау шарттарын әзірлеу.
Семинарды өткізу кезеңінде ҚР БҒМ РҒПК-ның білім беру жүйесінің кітапханаларына арнап басып шығарған «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының басылымдары» және «Ақмола облысы колледждері кітапханаларының жұмыс тәжірибесі» тақырыбындағы әдістемелік-билиографиялық құралдарының көрмесі ұйымдастырылды. ҚР БҒМ РҒПК маманының «ААКЖ - MARK-SQL » бағдарламасы бойынша кітапхананың ақпарат-кітапхана процестерін автоматтандыру» тақырыбында шебер-класс өткізілді, Шучье қаласының кітапханаларына топсаяхаттар ұйымдастырылды.
2014 жылдың 20-21 қазанында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесіп, жоо кітапханалары басшылары мен мамандарының «Жоо-ның қазіргі заманғы кітапханасы: даму үрдістері мен қызметін жетілдіру» тақырыбындағы жыл сайынғы респубикалық семинары өткізілді.
2014 жылдың 20-21 қазанында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің арқауында жоо кітапханалары басшылары мен мамандарының «Жоо-ның қазіргі заманғы кітапханасы: даму үрдістері мен қызметін жетілдіру» тақырыбындағы жыл сайынғы респубикалық семинарының жұмысында 60-тан астам адам қатысты. Семинарға қатысушылардың сөйлеген сөздерінің жинағы басып шығарылды.
Семинар жұмысының нәтижелері бойынша практикалық ұсынымдар қабылданды:
- кітапхананың жоо студенттері мен оқытушыларына ақпарат ресурстарын негізгі жеткізуші ретіндегі рөлін күшейту;
- кітапхананы басқару құрылымы мен әдістерін жетілдіру;
- пайдаланушыларға кітапхана-ақпарат қызметін көрсету тиімділігі мен сапалық деңгейін үздіксіз арттыру;
- жоо кітапханаларының материалдық-техникалық базасын (компьютерлік және көшірмелеу-көбейту техникасын) жаңғырту және кеңейту;
- кітапхана қызметінің барлық бағыттарын ғылыми-әдістемелік қамсыздандыруды жетілдіру;
- барлық жүйелер мен ведомстволардың кітапханалары арасындағы серіктестік қатынастарды дамыту;
- жоо кітапханалары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін әрі қарай көтеру.
ҚР БҒМ РҒПК 2014 жылы ұйымдастырған төрт республикалық семинарға қатысушылар мына шаралардың қажет екенін атап көрсетті:
1) білім беру ұйымдары кітапханалары мен кітапханашыларының қоғамдық мәртебесін арттыру, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына білім беру ұйымының кітапханасы мен кітапханашысының құқықтық мәртебесіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені енгізу;
2) білім беру ұйымы кітапханалары мамандарының лауазымдарын қосалқы лауазымдар тізбесінен шығару;
3) білім беру ұйымдары кітапханаларын даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың отандық жүйесін жетілдіру;
4) шарттың талаптарын адал әрі сапалы атқармауға байланысты мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу.