Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

«Жазды кітаппен бірге өткіз» мәдени-ағартушылық іс-шарасы

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 16 мамырдағы №1279 «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 16 маусымда Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жазды кітаппен бірге өткіз» атты мәдени-ағартушылық іс-шарасы ұйымдастырылады.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Бағдарлама аясында қатысушылар оқыған көркем шығармалары негізінде эссе жазып, өз ойларын шығармашылық тұрғыда жеткізуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған танымдық және әдеби іс-шаралар ұйымдастырылады.

Аталған бастама жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға және оқырмандық белсенділігін дамытуға бағытталған.

 

Байланыс телефондары:

ҚР ОАМ РҒПК: тел: 8 (8727) 397 71 49
e-mail: rnpb.kz1@gmail.com