Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Хабарландыру: поэзия әлеміне арналған "Поэзия-асыл мұра, алтын қазына" поэзия кеші

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген «Балалар кітапханасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы 2024 жылдың 15 наурыз күні сағат 15:00-де Бүкілдүниежүзілік поэзия күніне орай «Поэзия – асыл мұра, алтын қазына» атты поэзия кешін ұйымдастырады.

Аталған іс-шараға Қазақстан Жазушылар Одағының және БАҚ өкілдері, қазақ елінің жас ақындары, Алматы қаласы білім басқармасының қарамағындағы мектеп, колледж кітапханашылары қатысады.    

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның жас ақындарының шығармашылығын насихаттау, қолдау және көпшілікке таныту. Жас жеткіншектердің поэзияға құштарлығын арттыру.     

Өтетін орны: Алматы қаласы, Асқаров көшесі 47 Б, ҚР ОАМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы.

Байланыс телефондары:  тел. 8 (727) 397-71-49
е-mail: rnpb_kz@mail.ru