Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

«Еңбек адамы – көркем әдебиетте» республикалық байқауының ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Өтетін орны: Алматы обл, Ұзынағаш ауылы, Сарыбай би 71  

Күні мен уақыты: 2025 жыл  25 қыркүйек, сағат 10:00

25 қыркүйек күні Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің базасында  жұмысшы мамандықтар жылына орай,  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен кітапханашылары арасында  «көркем әдебиеттер арқылы  адал еңбек адамдарын насихаттау, жұмысшы мамандығының әлеуетін арттыру» мақсатында «Еңбек адамы – көркем әдебиетте» атты  республикалық байқауы өткізіледі.  Байқауда Ақмола, Абай, Орал, Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан,  Жетісу, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларынан келген 17 қатысушы  тәжірибелерін  үш кезең бойынша ұсынады.

Байқау барысында «Арман»ПВ, «Көкжиек» горизонт, Alash Book, Лантар books, «Моlia & DOS»,  KITAP baspasy, «Балалар әдебиеті»  баспалары мен Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі «Даналықтың тұғыры - кітап» тақырыбанда атаулы даталарға арналған көрмелерін ұсынады.

Бірінші кезеңде  педагогтер «Жұмысшы қолындағы шеберлік пен мүмкіндік» тақырыбында көлемі 500 сөзден тұратын эсселерін ұсынды. Эссе мазмұны берілген тақырыпқа сай болуы, мағыналық тұтастық, ой байланысы, мазмұндаудың жүйелілігі, берілген тақырып аясында фактілердің дұрыстығы, дәйексөз, деректер, ғылыми мәліметтерді қолдануы, авторлық көзқарас, шыншылдық айтылған ойдың эмоционалдығы, ойлануының ерекшелігі, мәтінді құру тәртібі (стильдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы, орфография мен пунктуация ережелерінің сақталуы және т.б.) бойынша бағаланды.

Екінші кезеңде педагогтер «шығармадағы еңбек адамын насихаттау,  көркем әдебиетті жарнамалау арқылы  оқырманды қызықтыру» мақсатында ұсынылған көркем әдебиеттер желісі негізінде  түсірілген 3 минуттық Буктрейлерін қорғайды. Ұсынылған жұмысты комиссия құрамы көркем шығарма  мазмұнын ұсыну ерекшелігі, тақырыптың ашылуы, оқырманға жеткізу шеберлігі, бейне, дыбыс және кітап мазмұнының органикалық үйлесімі, дизайн және эстетикалық талғамы критерийлері бойынша бағалайды. Сондай-ақ,  буктрейлердің техникалық талаптары да назарға алынады.

Үшінші кезеңде  қатысушылар жұмысшы мамандығын насихаттаудағы 5 ұстанымын  қорғайды. Әр қатысушыға  3 минут уақыт беріледі. Комиссия құрамы жұмысшы мамандығының қоғамдағы беделін,  инновациялық бағыттағы рөлін, сұранысын, табыс көзін, кәсіби өсуін, оң имиджін қалыптастыру ерекшеліктерін саралай отырып бағалайды. 

Байқау қатысушыларының жұмыстарын бағалау үшін комиссия құрамына  Алматы облысы білім басқармасы, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана, Алматы облысы мәдениет басқармасы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «AbayLabs» жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық зертханасының Қазақстан Жазушылар одағының, Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының   мамандары  тартылды. Комиссия мүшелері  17 педагогтің жұмысын 3  кезең  бойынша  толық көріп,  ережеде ұсынылған     көрсеткіштер арқылы бағалайды.

Ереже талаптарына сәйкес қатысушылар 1,2,3 орындармен және  «Үздік оқырман», «Парасатты оқырман», «Көшбасшы оқырман», «Белсенді оқырман»,  «Жас оқырман», «Үздік насихаттаушы», «Үздік эссе»  номинацияларымен сертификаттармен және Кәсіптік оқудағы көпсалалы, Қаракемер кәсіптік,  «Прогресс» политехникалық колледждерінің әлеуметтік серіктестері: «Golden Maken» ЖШС директоры Икласов Ермек Каримбаевич, ЖК «Тургень тігін цехы» директоры Ким Айша Ниязовна, «Киікбай, автобус паркі» ЖШС директоры Көбдикбаев Ерсін Турсынович,  «Қонаев колледжі»,  «Қаскелең гуманитарлы – техникалық колледжі», «Q Multidisciplinary College of continuing Education»  колледжі ЖШС, «Q Мultidisciplinary colledge Konaev» колледжі жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізін қалаушы басшыларынан,  колледж әдіскерлерінен, үздік педагогтерден, «Парасатты оқырман» жобасы мүшелерінен құралған демеушілердің қаржылай сыйлықтарымен марапатталады.

Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің кітапханасына «Парасатты оқырман»  жобасының жетекшілері атынан көркем әдебиеттер сыйға беріледі.

Іс-шараны насихаттау  облыстық телеарна, әлеуметтік желі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіледі деп күтілуде.