Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

«Цифрлық трансформация: колледж кітапханаларының қызметін заманауи жаңғырту» тақырыбындағы республикалық семинар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» және «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтарын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің үйлестіруімен Министрліктің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы 2026 жылғы 4-5 маусым күндері колледж кітапханашыларына арналған «Цифрлық трансформация: колледж кітапханаларының қызметін заманауи жаңғырту» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинар Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы «Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі» базасында өтеді.

Семинардың мақсаты – кітапхана қызметін цифрландыру, ақпараттық-библиографиялық жұмысты жаңғырту және жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Іс-шараға Министрлік өкілдері, РҒПК қызметкерлері, баспа өкілдері, әдістемелік орталықтардың кітапхана мамандары мен колледж кітапханашылары қатысады.

Бағдарлама аясында пленарлық отырыс, кітап көрмелері, жаңа басылымдардың таныстырылымы, ЖИ құралдарын қолдану бойынша тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылады.

Күтілетін нәтижелер: колледж кітапханалары қызметін жетілдіру, кітапхана жұмысын цифрландыру, кітап қорын толықтыру және кітапхана ісінде жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану.