«Цифрлық трансформация: колледж кітапханаларының қызметін заманауи жаңғырту» республикалық семинары өткізілді2026 жылғы 4–5 маусым күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің үйлестіруімен Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы Ақтау қаласында колледж кітапханашыларына арналған «Цифрлық трансформация: колледж кітапханаларының қызметін заманауи жаңғырту» тақырыбындағы республикалық семинарды ұйымдастырды. Семинар жұмысына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы қатысып, білім беру мен кітапхана ісін дамыту бағытындағы бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында отандық баспалардың кітап көрмесі ұйымдастырылып, жаңа әдебиеттер таныстырылды. Семинарға республика өңірлерінен 100-ден астам колледж кітапханашылары мен сала мамандары қатысты. Қатысушылар кітапхана саласында жасанды интеллектке негізделген бағдарламалар мен цифрлық құралдарды пайдалану мүмкіндіктеріне арналған мазмұнды баяндамалар тыңдап, заманауи технологияларды кітапхана тәжірибесіне енгізу жолдарын талқылады. Сондай-ақ республика өңірлерінен келген кітапханашылар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылар мен студенттердің оқу мәдениетін қалыптастыруда жаратылыстану пәндерін көркем әдебиетпен ықпалдастыра оқытудың өзекті мәселелерін көтерді. Семинар кәсіби тәжірибе алмасу мен кітапхана қызметін жаңғыртудың тиімді алаңына айналды. |






