Цифрлық платформалардың жұмыс тәртібі таныстырылдыҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана мамандары Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты 8 ауданның білім бөлімі кітапхана әдіскерлеріне арналған әдістемелік сабақты Zoom платформасы арқылы онлайн форматта өткізді. Кітапханалық-ақпараттық процестерді автоматтандыру бөлімі мамандары қазіргі таңда қолданыстағы цифрлық платформалардың жұмыс тәртібімен таныстырып, kitaphana.edu.kz, edu.bookfund.gov.kz, oqyrman.kitaphana.edu.kz, digitallibrary.kz ақпараттық жүйелеріне кіру, деректерді толтыру, жаңарту және деректер базасымен тиімді жұмыс жасау бойынша жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар, ғылыми-әдістемелік бөлім мамандары кітапхана қызметін ұйымдастыруға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттамалар бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, әдістемелік кеңестер ұсынды. Аталған әдістемелік сабақ кітапхана қызметін цифрландыру, ақпараттық жүйелермен жұмыс сапасын арттыру және кітапхана әдіскерлерінің кәсіби құзыреттілігін нығайтуға бағытталды. |


