Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Құмаш Нұрғалиевтің туғанына 95 жыл

Ұстаздардың Тәуелсіз Отанымыздың мемлекеттігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосқанын, қиын кезеңдерде жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруді бір сәт те саябырсытпаған ерлік істерін қалай көтеріп айтсақ та жарасады. Әсіресе ауыл ұстаздарының жөні де, жолы да бөлек. Олар қазір де сол ауылдың ұйтқысы, рухани ортасы, зиялы адамдары болып отырғаны шындық. Осының өзінен-ақ қай қоғамда да ұстаз тұғырының мықтылығын көреміз.

Ұлт болашағы ұрпақ келешегінің өркендеуіне атсалысатын, елдің елдігін танытуға ықпал ететін Ел жайсаңдары екендігі даусыз. Олардың ұлты мен жеріне, еліне еткен еңбектері, рухани дамуға қосқан үлестері қазіргі кезде, бүгінгі таңда айқын көрініп тұр. Солардың бірі Тұңғыш Президент Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Книги профессиональных династий Республики Казахстан» атты кітабының бірінші бетіне енгізілген, педагогтар әулетінің негізін салушы, қазақ баласы арасынан тұңғыш болып «КСРО Халық мұғалімі» атанған, Ұлы Отан соғысының ардагері Құмаш Нұрғалиев.

Осы жылдың 29 қазанында ұлағатты ұстаз, жаңашыл педагог, «КСРО халық мұғалімі», «КСРО ағарту және «Қазақ КСР-нің ағарту ісінің үздігі», «Қазақ КСР-ның еңбегі сіңген мұғалімі», «Әскери Қызыл Ту», «Отан соғысының бірінші дәрежелі» орденімен, «Ленин» орденімен, екі рет «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған, білім мен тәрбие берудің білгірі Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының туғанына 95 жыл толды.

https://www.facebook.com/100052031268955/videos/181765200234521