Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Бүгін, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл.

Мұқағали өз тағдырын өзі таңдаған ақын. Соның арқасында ол ұрпақты-ұрпаққа, дәуірді-дәуірге, ғасырды-ғасырларға жалғар, қазақ өлеңінің әлем алдындағы мерейін үстем етер таңғажайып ұлы жырлар жазды. Соның арқасында ол өз кезеңінің өрті мен дертін, өз заманының күнгейі мен көлеңкесін жырлауда нағыз ұлт ақындары ғана шығар ұлы биікке көтерілді. Ақын Мұқағали іштей әр жырының ертеңіне қалай сенсе, туған халқына, оның жасампаздығына да солай сенген.

Назарларыңызға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан қысқаша шолу ұсынамыз.